2. ДӘріс тезистері


Ойлау кезеңдерінің картасы



бет19/30
Дата02.04.2024
өлшемі4.37 Mb.
#497387
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30
БМПед.ғыл. Дәріс 4

Ойлау кезеңдерінің картасы





Сыни тұрғыдан ойлау неге соншалықты маңызды?



Рэй Маршал және Марк Такер бойынша, “Болашақ оқу үшін өздерін ұйымдастыратын қоғамның қолында, … халықты жұмыспен толық қамтуды қалайтын, биiк табыстарға ұмтылатын ұлттарға білім мен дағдыларды [ойлауды] тек таңдаулылар ғана емес, әр адам алуды күшейтетін саясатты дамыту қажет, - деп санайды”


2. Сыни тұрғыдан тұрғыдан ойлау технологияларына сипаттама
Джон Биннің пайымдауынша, сыни тұрғыдан ойлау технологиясы бойынша, білім алушыларға көмектесудің қиындығы қоршаған ортадағы проблеманың ұшы қиырсыз көптігі. Өйткені, сол мәселені шешуде танымдық сұрақтарға жауап беруде өзінің қызығушылығы мен қажеттілігіне жауап алады.
Бразилия педагогы Пауло Фрейре дәстүрлі білім беруді оқушылар, студенттер өзіндік білімдерін проблеманы қоюға жұмсайтын болса, яғни өмірден туындаған проблемаларымен айналысуда яғни оны шешумен ауыстыру қажет,- деп санайды.
Пауло Фрейренің тұжырымдамасының негізгі идеясы білім алушыны сұрақтың астына алудан сақтандырады, дұрыс ұйымдастырылған білім беру үдерісі, оларды еңсесін басып тастаудан құтқарады, сондықтан оның тұжырымдамасы бостандық педагогикасы,- деп аталады.
Қорыта келе, елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «...жастарға айтарым – сендер халықаралық кеңістіктегі бәсеке­лестік күрестен сырт қалмауға ұм­тылыңдар. Ол үшін тиянақты білім керек. Сосын сол білімдеріңді өмірде жарата білуді, оны нақты пайдалана білуді үйреніңдер. Әсі­ресе не істеу керектігін жете түсі­нулерің қажет. Сонымен бірге, сендер қандай да бір өзгерістерге қашанда дайын тұруларың керек. Әйтпесе, ғаламдық деңгейдегі Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі әншейін бос сөз болып қалады», - деген сөзімен аяқтайтын болсақ, бүгінгі студенттер ертеңгі ел тізгінін қолға алатын жастардың кәсіби құзыреттілігінің көрсеткіші болып табылатын білімін кез келген жағдаяттарда қолдана алуымен сипатталады.
А.В.Бутенко, Е.А.Ходостардың ойынша, сыни ойлау технологиясын дамытуда оқудың жайлы атмосферасын құру, педагог пен білім алушы саналы түрде белсенді жұмыс істейтін, оқыту үдерісінде саналы ойлайтын, оның барысын қадағалап отыратын, кейде жоққа шығаратын, кейде білімін тереңдететін, қоршаған орта туралы өзіндік пікірі, сезімі, жаңа идеясын тудыру болып табылады.
Ойлау туралы ұсынылған шешімнің дұрыстығын тексеру мақсатында оны қолдану мүмкіндігіне қарай саласын айқындау. Д.Халперн бойынша, бұл когнитивті техника мен стратегияларды қолдануда соңғы күткен нәтиге жетудің мүмкіндігін кеңейтеді.



Дайана Халперн


Д.Браус, Д.Вудтың пікірінше, сыни тұрғыдан ойлау парасатты, рефлексиялық ойлауға жаңа идеяларды ұсыну және жаңа мүмкіндіктерді көру болып табылады.
Ресей ғалымдары М.В.Кларин, С.И.Заир-Бек, И.О.Загашев, И.В.Муштавинская және т.б. сыни ойлау дегеніміз - педагог пен білім алушының зерттеушілік іс-әрекетінің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін дағды мен сапаның үйлесімділігі, - деген анықтама берген.



Кларин Михаил Загашев Игорь Муштавинская
Владимирович Олегович Ирина Валентиновна
Сонымен ғалымдардың пікірлерін қорытатын болсақ, сыни тұрғыдан ойлау технологиясы – бұл жетілдірілген педагогикалық технология, онда оның барлық белгілері бар: педагог пен білім алушының әрекеттері шығармашылық ынтымақтастыққа құрыла отырып, кез келген материалды меңгертуде ғылымилық, тиімділік, есте сақтау, қайта еске түсірушілік, талдау, жинақтау, бағдарламалық, проблеманы қою және шешудің жолдарын іздестіру, рефлексия жасау, бағалау - деп тұжырым жасаймыз.

Б.Гершунский «Сыни ойлауды дамыту» мақсаты мен міндеттерін айқындап


берген.

  • Ойлаудың жаңа стилін қалыптастыру, ашықтық, икемділік, рефлексиялық, көзқарастың ішкі көпмәнділігі және өзіндік пікірі, балама шешімдерінің болуы.

  • Тұлғалық базалық сапаларын дамыту, сыни ойлау, рефлексия, коммункативтік, креативтілік, ұтқырлық, өзіндік, толеранттылық, өз таңдауына жауапкершілік және өз әрекетінің нәтижесі.

  • Сыни және аналитикалық ойлауды дамыту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет