2. ДӘріс тезистері


Тақырып 5. Педагогика ғылымы дамуының жаңа тұжырымдамалық идеялары мен бағыттары



бет8/30
Дата02.04.2024
өлшемі4.37 Mb.
#497387
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30
БМПед.ғыл. Дәріс 4

Тақырып 5. Педагогика ғылымы дамуының жаңа тұжырымдамалық идеялары мен бағыттары
1 Педагогикалық проблемаларды анықтаудың көздері. Білім беру философиясының тұжырымдамалары.
2 Жеке тұлғаға және іс-әрекетке бағытталған тәрбие түрлерінің өзара қатынасының философиялық мәселелері.

Дәрістің қысқаша мазмұны:


Ғылым ретіндегі педагогиканың негізгі функциясы адам дамуы, жеке тұлғаның қалыптасуы, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың заңдары, заңдылықтары және бағыттарын зерттеу, жалпы педагогикалық құбылыстарды түсіндіру болып табылады. Сенімді және объективті қорытынды шығару үшін зерттеушіге фактілер қажет.
«Факті – ғалым тынысы», – деген академик И.П. Павлов. Бұл, шынында да, солай: дерексіз ғылым жоқ, тек қате түсініктер, қиял, жорамалдар, нәтижесіз істер ғана бар. К.Д.Ушинский де педагогикада шындыққа сүйенбейтін қиялдан деректердің басым түсетінін қадап айтты. «Адам – тәрбие пәні ретінде» еңбегіндегі алғы сөзінде: «Біз барлық жерде фактілерден кейін және фактілер қай жерге дейін келсе, сол жерге дейін жүрдік: фактілер дерегін тоқтатқан жерде біз болжам қойдық та тоқтадық, ешқашан мойындалған факті ретінде болжамды қолданбадық», - деп жазған болатын.
Сондықтан да кез-келген ғылымның, оның ішінде педагогиканың дамуы үшін фактілер қажет. Бұл адам және қоғамның тәрбие іс-әрекеті өнімінің барлық мүмкін болатын «қоймасын», яғни зерттеуші педагогикалық үдеріс туралы мәліметті және алғашқы ақпаратты біртіндеп жинайтын педагогикалық мазмұн фактілері базаларын педагогикалық дереккөздер деп атаймыз.
Ғылым философиясының мәні – зерттеушілер көрсететіндей, – тарихи өзгермелі әлеуметтік мәдени контексте қарастырылатын және олардың тарихи дамуынан алынатын ғылыми білімдерді өндіру бойынша ерекше іс-әрекет ретіндегі жалпы заңдылықтар мен ғылыми таным беталыстары болып табылады.
Ғылым философиясы жаратылыстану немесе әлеуметтік-гуманитарлық ғылымды зерделеуге бағытталғанына қарамастан тарихи әлеуметтік мәдени білім мәртебесіне ие. Ғылым философиясын ғылыми іздеу, «жаңалық ашу алгоритмі», ғылыми білімді дамыту динамикасы, зерттеу іс-әрекеті әдістері қызықтырады. (Ғылым философиясы ғылымдардың жүйелі дамуына көңіл қойса да, көп салалы метағылым қамтамасыз ететіндей олардың жүйелі дамуын тікелей қамтамасыз ете алмайды (метағылым – олар үшін ортақ метатіл негізінде түрлі ғылымдарды негіздеуді және зерделеуді талап ететін әмбебап ғылым). Егер ғылымның негізгі мақсаты – ақиқатты алу болса, онда ғылым философиясы адамзат үшін ақиқатқа қалай қол жеткізуге болатын сұрақты талқылап, оның интеллектін қолдану салаларының маңыздыларының бірі болып табылады.
Ғылым философиясына тікелей жол салушы XVII–XVIII ғасырдағы гносеология болып табылады (эмпириялық та, рационалисттік те), оның ортасында ғылыми білім мәнісі және оны алу әдістері пайымдалады. Гносеологиялық мәселелер Р.Декарт және Дж.Локктан И.Кантқа дейінгі жаңа уақыттың философиясының классикалық кезеңінің ортақ мәселелері болды. Бұл мәселелерді түсінбейінше XIX–XX ғасырдағы ғылым философиясын түсіну мүмкін емес. Философияның жеке бағыттары ретінде ғылым философиясы XIX ғасырда рәсімделді.
Педагогика ғылымы философиясының қалыптасуын, даму динамикасын, ғылыми танымның ішкі механизмдерін, әдістері мен принциптерін, ғылымның адам мен қоғам өміріндегі рөлін зерттейді. Ғылым деп – адамның білім алуын, жүйелеу және тексеру бағытындағы қызметінің түрін айтамыз. Ғылым дегеніміз – адамның табиғат, қоғам және өзінің танымы туралы білім алуға бағытталған рухани қызметінің ерекше формасы. Ғылым – адамның табиғат пен қоғам туралы объективті білімін қалыптастыруға мүмкіндік беретін танымының ең жоғарғы түрі, оның практикалық қызметінің бір саласы болып табылады.
Қазіргі заманғы педагогикалық теория және практиканың жетекші беталысымен жарияланған білім берудегі жеке тұлғалық тәсілдің бүгінгі педагогикалық санада біржақты түсінігі жоқ (Е.В.Бондаревская, В.В. Горшкова, В.И.Гинецинский, К.В.Давыдов, B.C.Ильин, М.В.Кларин, И.А.Колесникова, Л.И.Новикова, В.И.Слободчиков, А.П.Тряпицына, Г.А. Цукерман, Л.Андерсон, В.Белль, П.Брендвайн, Р.Дрейвер, Дж. Найсбитт, М.Полани, Дж.Шваб және т.б.). Сондықтан жеке тұлғалық-бағдарлық білім берудің тұжырымдамаларының көптігі туралы ой қозғауға негіз бар.
Осы феноменнің барынша жиі кездесетін кейбір анықтамаларын бөліп қарастырайық.
1. Білім берудегі жеке тұлғалық тәсіл барынша жаппай педагогикалық санада, әдеттегі деңгейде педагог пен тәрбиеленушілердің қарым-қатынасының этика-гуманистік принципі ретінде түсіндіріледі. Ізгілікке, баланы жеке тұлға ретінде қабылдауға педагогтарды педагогикалық ойдың классиктері – Жан-Жак Руссо, Л.Н.Толстой, М.Монтессори және т.б., сонымен қатар осы принципке педагогикалық ынтымақтастық деп аталатын түр берген қазіргі заманғы жаңашыл педагогтар да қосылады.
2. Жеке тұлғалық тәсіл оның басты мақсаты – жеке тұлға аясында педагогикалық іс-әрекет бағыттарын синтездеу принципі ретінде қарастырады. Педагогикалық үдерісте болып жатқанның барлығы осы мақсатқа қандай деңгейде жұмыс істесе, сол деңгейде ғана педагогикалық жағынан орынды болады.
3. Жеке тұлғалық тәсіл педагогикалық үдерісте жеке тұлғалық жаңа түзілістердің механизмін ашатын түсіндіруші принцип ретінде талқыланады. Бұл принциптің мәнісі мынада: адамның күнделікті өмірінде ешқандай өзгерістер жеке тұлғаның өздігінен қалыптасуында олардың орны мен рөлін түсініктілік принципімен түсіндіріледі.
4. Жеке тұлғалық тәсілдің басымдығы, білім беру «жүйесінің», зерделенген мазмұнын өзіндік, жеке тұлғалық қабылдауды (жеке тұлғалық тәжірибе) таңдауы мағынасында білім беру үдерісінде жеке тұлғаның еркіндігі принципі ретінде түсіндіріледі.
5. Білім беруде ұзақ уақыт бойы әлдебір эталон, «жаңа адам» үлгісі ретінде жеке тұлға ұғымы қолданылып келді. Сөз «берілген қасиеттермен» жеке тұлғаны тәрбиелеу жайында болады.
6. Жеке тұлғалық тәсіл білім беруде ұжымдықты жою тәрбиесі баламасы мағынасында даралық басымдығы ретінде түсіндіріледі.
7. «Жеке тұлғалық тәсіл» ұғымының тағы бір мәнісін педагогикалық үдерістің тұтастығы туралы түсінікпен байланыстырады. Жеке тұлғаға бағдарлану білім беру жүйесін құруда жинақтау негізінде міндетті шешуге мүмкіндік береді.
8. Соңында, жеке тұлғалық тәсіл – осы санаттағы бұның мағынасы – индивидтің өзіндік жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға және өздігінен дамытуға бағдарланған педагогикалық үдерістің ерекше түрін (өзіндік ерекшелікті мақсаттарымен, мазмұнымен, технологияларымен) құруды ретінде қарастырады.
Адам санасының шығуы және дамуы мәселесін қарастыра отырып, адам психикасының мәселелерін шешудің ғылыми жолын айқындаған психологиялық тұжырымдамаларының біріне тоқталамыз. Кейін оны адам психикасының шығуының мәдени-тарихи теориясы деп атап кетті. Кейбір еңбектерде оны адамның жоғары психикалық функциясының қоғамдық-тарихи шығу теориясы деп атайды. Оның авторы – белгілі ресей ғалымы Л.С.Выготский. Бұл тұжырымдама адамды зерделеуге қай тұрғыдан жақындау керек деген мәселенің аясында пайда болған. Түрлі тәсілдер арасында екеуі басым болды: «идеалдық» және «биологиялық».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет