Л.С.Выготскийдің тұжырымдамасында үш құрама бөлімді бөліп қарауға болады. Бірінші бөлімді «Адам және табиғат» деп атауға болады. Оның негізгі мазмұнын екі тезис түрінде қалыптастыруға болады. Біріншісі – жануардан адамға ауысқан кезде субъектінің ортамен қатынасының түбегейлі өзгеруі болды деген тезис. Жануарлар әлемінің тіршілік еткен барлық кезеңінде орта олардың түрлерін өзгертіп және өздеріне бейімделуге мәжбүрлеп жануарларға ықпал етті. Адамның пайда болуымен қарама-қарсы үдеріс байқалады: адам табиғатқа ықпал етеді және түрін өзгертеді. Екінші тезис адам тарапынан табиғатты өзгерту механизмдерінің болумен түсіндіріледі. Бұл механизм еңбек құралын жасаудан, материалдық өндірісті дамытудан тұрады.
Л.С.Выготскийдің тұжырымдамасының екінші бөлімі «Адам және оның өзіндік психикасы» деп аталды. Оның құрамында да екі ереже бар. Бірінші ереже табиғатты иелену адам үшін ізін қалдырмай кеткен жоқ, ол өзіндік психикасын игеруге үйренді, ода ерікті әрекет түрлерінде көрінетін жоғары психикалық функциялар пайда болды деген ереже. Л.С.Выготский жоғары психикалық функция деп адамның өзін кейбір материалдарды есте сақтап қалуға, қандай да бір затқа көңіл аударуға, өзінің ақыл-ой іс-әрекетін ұйымдастыруға мәжбүрлеу қабілеті деп түсіндірді. Екінші ереже адам өзінің әрекеттерін құралдың көмегімен, алайда арнайы психологиялық құралдың көмегімен табиғатты игергендей игерді деген ереже. Осы психологиялық құралдарды ол белгі деп атады.
Л.С.Выготский белгі деп алғашқы адам соның көмегімен өз әрекеттерін, ақыл-есін және басқа да психикалық үдерістерді игере алған жасанды құралдарды атады. Белгілер заттық болды, – «есте сақтау үшін түйнек» немесе ағашты ойып қою солардың көмегімен есте сақтауды игеретін құрал ретіндегі белгісі болады. Мысалы, адам ағаштағы ойылған жерді көріп, не істеу керек екенін есіне түсіреді. Бұл белгі өзінше іс-әрекеттің нақты бір түрімен байланысты емес. «Есте сақтау үшін түйнек» немесе ағашты ойып қою еңбек амалдарының әртүрлі түрлерімен мазмұндық байланысты болуы мүмкін. Алайда, осы сияқты белгі-символға кезігіп, адам оны қандай да бір нақты амалды орындау қажеттілігімен біріктірді. Сондықтан, осы сияқты белгілер еңбек амалымен мазмұны жағынан байланысты қосымша белгілер ретінде қолданылды. Алайда, осы еңбек амалын орындау үшін адам нақты не істеуі керек екенін есіне түсіруі қажет. Сондықтан белгі-символдар жоғары психикалық функциялардың іске қосушы механизмдері болып табылды, яғни психологиялық қару ретінде орын алады.
Л.С.Выготскийдің тұжырымдамасының үшінші бөлімі «Генетикалық аспектілер» деп аталады. Тұжырымдаманың бұл бөлімі «Белгі-заттар қайдан шығады?» деген сұраққа жауап береді. Л.С.Выготский адамды жаратқан еңбек дегеннен бастайды. Бірлескен еңбек үдерісінде қатысушылар арасында еңбек үдерісінің қатысушыларының қайсысы не істеу керек екенін айқындайтын арнайы белгілер көмегімен қарым-қатынасы болады. Бірінші сөздер еңбек үдерісінің қатысушыларына қарап айтылған бұйрық-сөздер болады. Мысалы, «ананы істе», «мынаны ал», «анда апар» және т.с.с. Бұл бұйрық-сөздер өз мәнісі бойынша сөздік белгілер болып табылады. Адам дыбыстардың белгілі бір үйлесімін естіп, осы немесе басқа еңбек амалын орындады. Алайда кейіннен іс-әрекет үдерісінде адам бұйрықты басқа біреуге емес, өзіне қарата бастады. Нәтижесінде сөздің сыртқы бұйрықтық қызметтерінен оның ұйымдастырушы қызметі туындайды. Осылай адам өзінің әрекеттерін басқаруға үйренеді. Сондықтан өзіне бұйыру мүмкіндігі адамның мәдени даму үдерісінде туындады. Алдымен бұйрық беруші адам және осы бұрықтарды орындаушы адам қызметтері барлық үдеріс бойында екіге бөлінеді;
С.Л.Рубинштейн біріншіден, жеке тұлғаның сипаттамасында арнайы назар аударатын нәрсе - бұл психикалық үдерістердің жеке тұлғадан тәуелділігі. Оның пікірінше, біріншіден, адамдар арасындағы индивидуалды-дифференциалды айырмашылықтардан көрінеді. Әртүрлі адамдарда олардың индивидуалдық яғни жеке тұлғалық ерекшеліктеріне қарай ақыл-ой іс-әрекетінің стилі, ес, ақыл, зейін, қабылдаудың түрлі типтері болады.
Екіншіден, психикалық үдерістердің жеке тұлғалық тәуелділігі психикалық үдерістердің даму барысының өзі жеке тұлғаның жалпы дамуынан тәуелді болатынынан көрінеді. Әрбір жеке тұлға өтетін және оның дамуы жүретін өмірлік кезеңдердің ауысымы өмірлік ұстанымдардың, қызығушылықтарының, құндылықты бағдарларының ауысымына ғана әкеп қоймайды, сонымен қатар сезімдердің, ерікті өмірдің ауысымына да әкеп соғады. Ауру (оның асқынуы) науқастың жеке тұлғасының елеулі өзгерістеріне қалай әсер етсе, солай оның даму барысында жеке тұлғалық өзгерістер де психикалық үдерістердегі (танымдық, аффективті, ерікті) өзгерістерге әкеп соғады.
Достарыңызбен бөлісу: |