2. ДӘріс тезистері


Тақырып 3. Педагогика ғылымының қазіргі жіктемесі



бет5/30
Дата02.04.2024
өлшемі4.37 Mb.
#497387
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
БМПед.ғыл. Дәріс 4

Тақырып 3. Педагогика ғылымының қазіргі жіктемесі
1. Педагогиканың ғылыми мәртебесі.
2. Отандық және шетелдік жіктемелер
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Педагогиканың ғылыми мәртебесі оның басқа ғылымдардың арасындағы орнының айқындалуымен сипатталады, өйткені ғылым ғана тұтас әлеуметтік тәжірибенің белгілі «бөлігін» қамтиды немесе сол «бөліктің» үзіндісі мен белгілі теориялық аспектісінің тәжірибедегі тиімділігін қамтамасыз етеді. Ғылымдар арасында педагогика ғылымының белгілі «бөлігі» педагогикалық шындық деп аталады, ал басқа ғылымдар оның жанама бөлігі немесе аспектісі ретінде қарастырылады. Мысалы: тұлғаның әлеуметтенуі оның іс-әрекеті кезінде көрініс береді. Бұл аспектінің ішкі тұтастығы сол ғылымның ішкі жүйелілігі, бірізділігі, өзінің құзыреттілігінен асып кетпейтін жаңа қырынан бейнелеумен өзара байланысын көрсетеді.
Сондықтан да теориялық тұтастықты қамтамасыз ететіндей шындық «белгілі бөлікті» үнемі толықтырып отыру қажеттігінен туындайды, оны біз әлеуметтік шындық деп атаймыз. Осы кезден бастап, іргелі ғылымның қолданбалы ғылыми зерттеуге өтетін сәті туындайды. Бұл да оның шыңы емес, танымдық тиімділіктен туындаған рефлексиямен тексерілетін, теориялық «бөліктің» тәжірибелік нұсқада толық бейнелей алмайтын қажетсіну болып табылады.
Ғылыми пәндер тұрғысынан қарастырсақ, объектілердің тұтастығы басқа ғылымдардың мәнді бөлігін құрайтын, оларды қоршаған ортадан дифференциялайды. Кез келген іргелі ғылым пәндерінің объектілері басқа ғылымдардың объектілерінен бөлектендіріледі. Мысалы: тұлғаның психологиялық ерекшелігі, оның құзыреттілігінен өзгеше болады. Бірақ сонымен қатар, ол теориялық бірлік жүйесінде барлық объект болып есептеледі. Бұл осы ғылымның абсрактылы объектілерінің ішкі бірлігі болып саналады. Тұжырымдай келгенде педагогика – әрі ғылым, әрі өнер. Бір жағынан теориялық, екінші жағынан тәжірибемен қауышатын практикалық мәндегі пән.
Қазіргі кезде педагогика ғылымында әртүрлі кезеңде қалыптасқан үш түрлі тұжырымдама бар. Педагогика пәнаралық байланыста білім беру саласы, педагогика қолданбалы пән ретінде, педагогика іргелі және қолданбалы аспектілердің біріккен өзіндік ғылыми саласы.
Педагогика ғылымы және педагогика практикасы ұғымдары өзара байланыста педагогикалық жүйенің іс-әрекеттерін айқындайды, онда оқу материалдарын, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру формаларын, әдістемесі мен нұсқауларын жобалайды. Ал ғылым үшін негізгі ұғымдар туралы нақты анықтамасы, пәні, объектісі болуы керек. Бұл өз кезегінде ғылымның келелі мәселелерін айқындауға негіз болады.
Педагогика ғылымының объектісі – адам. Әлемдік педагогика лексиконында адам тәрбиесіне байланысты андрагогика ұғымы ғылыми айналысқа енген ұғым. Педагогика ғылымының пәні адамды қоғамдық өмірге бейімдеуде мақсатқа бағытталған, ерекше, тұлғалық әлеуметтік және детерминистік іс-әрекет. Педагогика – адамға берілетін тәрбие мен оқыту, білім беру, оның әлеуметтенуі, тұлға ретінде қалыптасуын қарастыратын ғылым.
Отандық және шетелдік жіктемелер, құрылым бойынша: педагогика тарихы; педагогика теориясы, тәрбие теориясы және жеке әдістемелер
Қоғамдық құбылыс ретінде тәрбиенің дамуын, педагогикалық ілімдердің тарихын педагогика тарихы зерттейді. Өткенді түсіне отырып – болашақты бағдарлаймыз. Әлдеқашан қазіргімен салыстырылған нәрсені зерттеу қазіргі құбылыстардың дамуының негізгі кезеңдерін егжей-тегжейлі қарастыруға көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар бұрынғы қателіктердің қайталануынан сақтандырады.
Бастапқы материалдың үлкен мөлшерін талдауға, көптеген төлтума дереккөздерге – арнайы әдебиеттен естеліктер, күнделіктер, хаттарға дейін негізделе отырып, педагогикалық идеялар мен жүйелердің даму заңдылықтары мен бағыттарын ашатын педагогика тарихы маңызды мәнге ие. Тарихи – педагогикалық материалдардың мәнін қайта бағалау – өздігінше де, қазіргі заманды түсіну үшін де, педагогикалық ғылым мен тәжірибенің ары қарай дамуының ықтимал жолдарын болжау үшін де қиын.
Сонымен, ғылым ретінде педагогиканың әмбебаптығын қарастырайық. Ғылымның, айталық, өнермен және өнегемен, құқықпен және дінмен қатар қоғамдық сана нысандарының бірі болып табылатындығы бірақ, олардан ерекшелігі ғылым нақтылы заңдылықтармен көрсетілгендігі белгілі. Педагогика білім беру, тәрбиелеу, оқыту заңдылықтарын қалыптастыра отырып, бұл мағынада ерекшеленбейді. Нақ осыдан осы ғылымның әлеуметтік функциясы жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет