2. ДӘріс тезистері


Тақырып 11 Жобалау технологиясы. Бастауыш білім берудегі жобалау



бет22/30
Дата02.04.2024
өлшемі4.37 Mb.
#497387
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30
БМПед.ғыл. Дәріс 4

Тақырып 11 Жобалау технологиясы. Бастауыш білім берудегі жобалау
1. Жобалау технологиясы
2. Бастауыш білім беру жүйесіндегі жобалау
Дәрістің қысқаша мазмұны
Қазіргі жағдайда бастауыш білім берудің даму жолдарын жобалау оны дамытудың бір жолы ретіндегі педагогикалық үдерісті белгілі мақсатқа бағыттау қажеттілігін туындатады. Білім берудегі жобалау объектіге қатысты мақсатқа бағытталған және оның кезең-кезеңмен іске асырылуы заман талабы.
Енді жоба ұғымына келсек, қазақ тілінде оны жасалуға, қайта құрылуға, қалпына келтірілуге тиісті нысандардың макеттері, есептеулері және ұстанымды дәлелдері көрсетілген техникалық құжаттар. Жоба болашақ жоспар негізінде жасалып, қабылданады, - делінген. Сонымен, деректерді өзгертуді жобалау келешекке бағыттайтын мақсатқа бағытталған ұйымның жоспарлы даму тәсілі.
Республикалық білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігімен кіріктіруде бастауыш білім берудің даму жолдарын жобалаудың басты мақсаты: пәндерді игертуде оқушыға белгілі бір білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту яғни, сөйлеу, оқу, қоршаған ортаға дұрыс көзқараста болу, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, өз ойын дұрыс айтуға, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйрету, шығармашылыққа баулу болып табылады.
Аталған мақсатқа қол жеткізуде бастауыш мектептің негізгі міндеті - баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту болып табылады. Осы сатыдағы оқыту мен тәрбие оң уәжді қалыптастыруға және оқу қызметін білуге, жазу, санаудың берік дағдыларын үйренуге, тілдік қарым-қатынастың қарапайым тәжірибесіне, өзін-өзі шығармашылық тұрғыдан таныта білуге, мінез-құлықтың мәдениетіне, жеке гигиенаның және салауатты өмір салтының негіздеріне бағдарлана отырып, кейін негізгі мектептің жалпы білім беру бағдарламаларын меңгеруге база жасайды.
Сонымен қатар, бастауыш білім берудің даму жолдарын жобалаудың бір бағыты жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартын халықаралық талаптарға сәйкестендіруді іске асырылу болып табылады. Осыған орай елімізде 12 жылдық білім беруге көшуге байланысты мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартының жобасы дайындалып жаппай талқылауға ұсынылуда. Аталған стандарттың мақсаты: өзгермелі әлемде өзінің білім және мәдени деңгейін арттыруға, өзіне және қоғамға пайда келтіруге, табысты болуға қабілетті адамгершілікті, шығармашыл және сыни ойлайтын тұлғаны тәрбиелеу, оқыту, дамыту және қалыптастыру,- болып табылады. 2014 жылғы ұсынылып отырған стандарт жобасында бастауыш білім беру 5 (бес) сыныпты қамтиды, яғни бастауыш мектеп (1-5 сыныптар) болады деп жобалануда.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу», - деп көрсетілген. Бұл білім беру үдерістерін психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың маңыздылығын айқындайды.
Педагогикалық инновациялық бағыттарды зерттеген В.Я.Ляудис те білім берудегі жобалау туралы, біріншіден, бұл-мақсатқа бағытталған, жобаланған, саналы түрде ұйымдастырылған оқыту үдерісі. Оны басқару ғылыми және мәдениеттанымдық білімдерді пайдалану негізінде іске асырылады.
Екіншіден, бұл - мақсатқа бағытты ұйымдастырылған болашақтағы міндеттерді орындауға қабілетті тұлғаны әлеуметтік дамыту жағдаяты сонымен қатар, осы жерде мақсат ретіндегі болашақтың нәтижелік мәні де, оны орындауға дайындық деңгейіне жеткізетін үдеріс те жобаланады»,- десе, И.А.Колесникова: «жобалау – тәжірибеде бұрын болмаған білім беру мен педагогикалық әрекет түрлерін жаңадан құрастыру мақсатындағы тәжірибелік-бағдарлы әрекет»,- екендігін айтады.
Ал,А.П.Тряпыцина: «жобалау – білім берудің дамытудың жаңа саласы, педагогикалық әрекетті түсіндірудің жаңа амалы», - деп ой қорытындысын жасаған.
Е.С.Заир-Бек: жобалау – қазіргі білім беру жүйелерін дамыту, жаңарту, жетілдіру және ондағы қайшылықтарды болдырмау міндеттерін орындауға бағытталған педагогикадағы жүйелі ұйымдастырылатын практикалық әрекеттердегі қолданбалы ғылыми бағыт,- деп тұжырым жасайды. Бұдан шығатын қорытынды аталған ғалымдардың анықтамалары негізінде педагогикалық жобалау – педагогтар мен білім алушылардың педагогикалық қоғамның қарым-қатынасының жаңа түрін, білім берудің жаңа мазмұнымен жаңа технологияларын, педагогикалық әрекеттің жаңа амалдары мен түрлерін қалыптастыру үдерісі,- деген тұжырым жасауға болады.
Бастауыш мектептегі әмбебап оқу әрекеттерді жобалау технологиялары
Жобалау технологиясы – ХІХ ғасырдың екінші жартысында АҚШ-та
ауыл шаруашылығы мектептерінде пайда болған. Оның негізін қалаған – психолог және педагог, философ Джон Дьюи. Дьюдің ілімін жалғастырушы
Колумбия университеті жанындағы мұғалімдер колледжінің профессоры Уильям Херд Килпатриктің ойынша, балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау – бұл технологияның негізі. Килпатрик «өзіне көйлек тігіп киген бойжеткенді» мысал ретінде алған. Егер ол кейін өзі киетін көйлегі үшін жанын аямай, ерінбей аса қызығушылықпен көйлек үлгісін, өзі ойлап тауып, өздігінен өлшеп, пішіп, тігіп кисе бұл мысал жобалау технологиясының нағыз типтік үлгісі» - деген тұжырым жасаған.
Бұл әдіс – жеке бағдар беру технологиясының бірі. Бұл оқушылардың танымдық дағдыларын дамыту, өз білімін өздігінен қолдана білу біліктігін қалыптастыру, ақпараттық кеңістікте бағдарлауды, сын тұрғысынан ойлауларын дамытады. Мұғалім көмегімен ұйымдастырылатын және оқушының өздігінен мәселе шешудегі жүзеге асырылатын іс-әрекеттер жүйесі.
Жобалау технологиясы – тек қандай да білім беріп қоймайды, ақпарат алу, оларды теориялық, практикалық кәсіби қызметінде қолдана білу тәсілдеріне, білім алушыларды топпен де, жеке де жұмыс істеуге үйретеді; әртүрлі ұйымдастырушылық шешімдерді өздігінен қабылдай білу біліктілігін қалыптастырады; коммуникативтік біліктілігін дамытады; фактілер мен құбылыстарды талдау, салыстыру, сәйкестендіруді үйретеді; білім алушылардың идея тастау, болжау және оларды шешу біліктілігін дамытады; білім беру үдерісінде танымдық шығармашылық құзыреттілігінің негізі ретіндегі субъектінің шығармашылықпен ойлауы қалыптасады; білім алушылардың түйіндік құзыреттіліктерін қалыптастыру жүзеге асырылады.
Жоба – латынша PROJECTUS «алдын-ала» (Д.Дьюи, У. Килпатрик, С. Шацкий) бойынша, «алға тасталған ой, алға шығып сөйлеуші»,- деген мағынаны білдіреді. Жобалаудың зерттеуден айырмашылығы – жобалау тәжірибеге бағдарланады. Жобаны жүзеге асырушы адам жаңаны ғана емес, өзінің алдында тұрған нақты мәселені шешеді.
Барлық келтірілген анықтамаларға сүйенсек, педагогикалық үдеріс обьективті заңдылыққа бағынады және бұл заңдылық оқыту үдерісінде неғұрлым кеңірек байқалса, соғұрлым мұғалімнің қойылған мақсатқа жету мүмкіндігі көбейеді.
Оқыту – жоспарлы үдеріс. Мұғалім оқушылардың жас физиологиялық және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес таным қызметінің формасы мен әдістерін жоспарланған, ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады.
Бұл кезеңнің физиологиялық ерекшелігіне тоқталсақ, бастауыш мектеп жасындағы баланың салмағы бір жылда 2-2,7 кг өседі. 6 жастан 12 жасқа дейінгі аралықта бала денесінің салмағы екі есе артып, 18 килограммнан 36 килограммға дейін артады. Осы жаста бала миының көлемі де ұлғаяды, яғни, ол 5 жаста үлкен адам миының 90 пайызындай болса, 10 жаста 95 пайызына тең болады.
Нерв жүйесінің жетілуі де жалғасады. Нерв клеткалары арасында жаңа байланыстар түзіліп, мидың жарты шарында икемділік күшейеді. 7-8 жаста жарты шарды жалғап тұрған нерв талшықтары жетіле түседі және олардың өзара қарым-қатынасының арта түсуін қамтамасыз етеді. Нерв жүйесіндегі бұл өзгешеліктер баланың ақыл-ойы дамуының келесі кезеңінің ірге тасы қалануына негіз болады.
А.М.Новиков жоба мен жобалау ұғымдарының айырмашылығын анықтайды, ол жобалауды жобаның бастапқы кезеңіне тән әрекет деп түсіндіреді. Шын мәнінде, кез келген өнімді, немесе инновациялық қызмет нақты мақсат қойылуын, дәлірек айтқанда, жобалауды қажет етеді. Педагогикалық әрекеттер тәжірибесінде білім беру жүйесін жобалау іске асырылады, мысалы, оған сабақ үрдісін жобалау немесе мектептің гимназияға өтуін жобалау, немесе бір ел бойынша білім беруді дамытуды жобалау әрекетерін жатқыза аламыз. Бұл өз кезегінде жаңа өнімді алуға яғни жобалау әрекетіне нақты мақсат қоюды, яғни, нәтижеге алуға қол жеткізуге ықпал етеді.
Н.Г.Алексеев жобалаудың үш белгісін бөліп көрсетеді: біріншісі – осы түсініктің болашаққа (жақын немесе алыс) қатыстылығын көрсетсе, екінші белгі осы болашақтың қаншалықты деңгейде керектігімен анықталады. Үшінші белгінің өзегі – болашақтың идеалды түрде көрінуінде жатыр. Осы үш белгі негізінде зерттеуші жобалауды әлі жоқ, бірақ болуы (немесе болмауы) керекті ойластыру үдерісі ретінде анықтайды. Зерттеу тақырыбымыз тұрғысынан қарастырсақ, осы үш белгіні де болашақ бастауыш сынып мұғалімдері коллаборациялық орта негізінде ұйымдастыратын жобалау іс-әрекетін дамытуда терең зерделеуі қажет. Өйткені, аталған белгілерді басшылыққа алып қана қоймай оны іске асыруда алынатын нәтиженің маңыздылығын естен шығармауымыз тиіс.
B.C.Кукушин өз еңбектерінде педагогикалық жобалаудың мәнінде: «болашақ әрекеттің болжамалы нұсқалары жасалып, оның нәтижелері болжамдалады», - деп анықтайды. Әрине автордың пікірінен қандай да бір тақырыпты жобалау алдында ойша болжам жасалып, оның нәтижесі туралы тұжырымды ой қорытылады. Одан кейін жобалау әрекетінің мақсаты айқындалып, оның студенттердің ұжымдық ортасы үшін қызығушылығы, маңыздылығы, қажеттілігі ескеріліп барып ұсынылады.
А.П.Тряпыцина: «жобалау – білім берудің дамытудың жаңа саласы, педагогикалық әрекетті түсіндірудің жаңа амалы». Жоғары оқу орнында оқыту үдерісінің формасының өзгеруіне байланысты студенттердің коллаборациялық орта негізінде жобалау әрекетін дамыту үшін сабақта және сабақтын тыс өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруға арналған тапсырмалардың ізденушілік, зерттеушілік, шығармашылық сипатта болса ғана педагогикалық әрекетті түсіндірудің жаңа амалы бола алады, - деп түйіндейміз.
Г.П.Щедровицкий педагогикалық жобалауды көптеген «практикалық іс- әрекеттер» актілерінен тұратын, кейін талдау объектісіне айналатын іс-әрекет ретінде анықтай отырып, келесі принциптерді бөліп көрсетеді: қосымшалығы (жүйені жетілдіруге мүмкіндік беретін қосымша шарттарды енгізу және жүйенің дамуына кедергі келтіретін жағдайларды шығару мүмкіндігі); іс-әрекет пен қарым-қатынастар бірлігі (кез келген емес, тек тұлғаның жетілуіне мүмкіндік беретін іс-әрекеттерді меңгеру)
C.М.Бахишева педагогикалық жобалау – педагогтар мен оқушылардың, педагогикалық қоғамның қарым-қатынасының жаңа түрін, білім берудің жаңа мазмұны мен жаңа технологияларын, педагогикалық әрекеттің жаңа амалдары мен түрлерін қалыптастыру үдерісі деп анықталады. Педагогикалық жобалау бірнеше деңгейлерде жүзеге асырылады. Нақтырақ айтқанда, жобалау әрекеті негізінде пайда болатын өнімнің, нысанның нәтижесіне, қолданылуына байланысты қойылатын талаптарға орай білім беру жобалары тұжырымдамалық, мазмұндық, технологиялық және процессуалдық (үрдістік) деңгейлерде жүзеге асырылады, - деген қорытынды жасаған. Жобалау (немесе жобалық) әрекеті оқу үдерісі қатарына жатады, өйткені шынайылықты түрлендіруді көздейді, сәйкестендіруге, игеруге және жетілдіруге болатын сәйкес технология базасында құрылады.
Жобалау негіздерін меңгеру өзектілігі:
• біріншіден, осы технологияның білім беру жүйесін ұйымдастырудың барлық
деңгейлерінде кеңінен қолданыста болуымен;
• екіншіден, социомәдени жобалау логикасы мен технологиясын меңгеру
аналитикалық, ұйымдастырушылық-басқару функцияларын тиімдірек атқаруға мүмкіндік беруімен;
• үшіншіден, жобалық технологиялар маманның бәсекеге қабілеттілігін
қамтамасыз етуімен негізделеді.
Жобалау (немесе жобалық) технология ретінде оқу үдерісін ұйымдастыруда ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданылады. Өйткені, ғылыми жобада шынайылықты түрлендіруді көздейді, сәйкестендіруге, игеруге және жетілдіруге болатын сәйкес технология базасында құрылады.
Жобалау негіздерін меңгеру өзектілігі:

  • біріншіден, осы технологияның білім беру жүйесін ұйымдастырудың барлық деңгейлерінде кеңінен қолданыста болуымен;

  • екіншіден, әлеуметтік-мәдени жобалау логикасы мен технологиясын меңгеру аналитикалық, ұйымдастырушылық-басқару функцияларын тиімдірек атқаруға мүмкіндік беруімен;

Бастауыш сынып оқушыларының жоба жасаудағы зерттеушілік іс-әрекеті қазіргі мектеп бағдарламаларында маңызды рөлге ие. Мұның себебі зерттеушілік іс-әрекетті бала қабілетін ашу, үйлесімді тұлға етіп тәрбиелеу мен дамытудың мықты құралы деп тануда деп білеміз.
Жаратылыстану пәнінің мазмұны бойынша, зерттеушілік іс-әрекет әмбебап және өте тиімді болмақ. Атап айтсақ: ғылыми-зерттеуге қызығушылық және танымдық белсенділікті арттырады, «табиғи ортаны» құруға ең аз мөлшерде ресурсты шығындайды т.б. білім алушылардың зерттеушілік іс-әрекетіне жағдай жасайды, пәннің мазмұнын терең түсінуге барынша мүмкіндік туғызады.
Бастауыш сыныптарда оқытудың жобалау технологиясы бойынша ұсынылатын тапсырмалар.
Бастауыш сынып оқушыларының ғылыми жобаларды орындауға үйретуде «дүниетану» мен «жаратылыстану» пәндерінің мазмұны зерттеушілік іс-әрекетке келетін тақырыптырды ұсынылады. Қызығушылық танытқан оқушыларға зерттеу кезеңдерін, зерттейтін мәселені, мәселеге қатысты болжамды тұжырымдау, мақсатты салыстыра, жіктеу, материалды құрылымдау, өздігінен бақылау, эксперимент жүргізе алу, өз көзқарасын, идеясының дұрыстығын түсіндіре және дәлелдей алу білігін қамтитын зерттеушілік әрекетті жүзеге асыру тәсілі ретінде қарастырамыз.
1 сынып оқушылары «Жаратылыстану» пәнінен «Судың қасиеті», деген тақырыпты алса, «Дүниетану» пәнінен «Түймедақ гүлі», сондай-ақ жануарлар әлемінен де тақырыптарды қызығушылықтары бойынша таңдайды. Мысалы: «Ұлттық сусын қымыздың пайдасы».
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. «Бастауыш мектеп педагогикасы мен ғылымының өзекті мәселелері» курсының мақсаты мен міндеттері, мазмұны
2. Педагогикалық зерттеу әдіснамасы
3. Қазіргі ғылым мен бастауыш білімнің әдіснамалық тұғырлары
4. Оқыту нәтижелері сапасын бағалауға құзыреттілік тұрғысынан келу
7. Әдіснамалық рефлексия және оның зерттеу жұмысындағы мәні.
8. Дамытушылық білім беру үдерістерін психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік-педагогикалық жобалау
9. Отандық бастауыш білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі.
10. Жаңартылаған бастауыш білім беру оқу бағдарламаларының басты идеялары. (1-4 сыныптар).
11. Бастауыш мектептегі әмбебап оқу әрекетттерді жобалау технологиялары
12. Педагогика ғылымы дамуының жаңа тұжырымдамалық идеялары мен бағыттары.
13. Бастауыш білім берудегі инновациялық үдерістердің мәні.
14. Білім беру философиясының тұжырымдамалары
15.Бастауыш оқыту педагогикасы саласында ғылыми білім алудың заманауи әдістерінің бірі – интербелсенді әдістер.
16. Жаңартылған бастауыш білім берудің оқу-әдістемелік кешендеріне сипаттама.
17. Жеке пәндердің оқу-әдістемелік кешендеріне талдау жасаңыз.
18. Бастауыш білім сапасын бағалаудың халықаралық жүйесі.
19. Ғылымның жүйесцентристік және антроцентристік пардигмалары.
20. Парадигма – әдіснамалық категория ретінде
21. Білім берудің мониторингі – ғылыми және практикалық мәселе.
22. Интелектуальды интерфейс тұжырымдамасы.
23. Тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясының тұжырымдамасы.
24. Деңгейлеп, саралап, даралап оқыту технологияларына сипаттама.
25. Ақпараттық технологиялардың теориясы мен әдістемесі
26. Коммуникативті технологиялардың теориясы мен әдістемесі
27. Мультимедия технологиялары және оларға сипаттама
28. Отандық білім жүйесі мен шетелдік білім кеңістігін кіріктіру
29. Бастауыш білімді дамытудың бағыттары мен жаңа тұжырымдамалық идеялары
30. Бастауыш оқыту педагогикасы саласындағы ғылыми таным әдістері



1

№ 12
дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет