Тақырып 13. Бастауыш білім берудегі критериалды бағалау жүйесі
1. Критериалды бағалау жүйесі
2. Бастауыш білім берудегі критериалды бағалау жүйесі
Дәрістің қысқаша мазмұны:
1. Критериалды бағалау жүйесі
«Критериалды бағалау» терминін алғаш рет Роберт Юджин Глейзер (1963) қолданған және бұл термин оқушылардың оқу жетістіктерінің қол жеткізген және әлеует деңгейлері арасындағы сәйкестікті анықтауға мүмкіндік беретін үдерісті сипаттайды.
Критериалды бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес, ұжым ішінде өңделген, оқушыға, ата-анаға және мұғалімге түсінікті нақты анықталған критерийлерге негізделген үдеріс.
Критериалды бағалау оқушылардың жетістіктерін бір-бірімен салыстырмайды және бір-біріне тәуелді етпейді, сонымен қатар әр оқушының құзыреттілік деңгейі туралы ақпарат беруге бағытталады.
Критериалды бағалауда басшылыққа алатын негізгі құжаттар:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім); Оқу жоспары және оқу бағдарламасы (пән бойынша);Жалпы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын, білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау ережесі (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру); Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық;Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық;Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы;Жиынтық бағалауға арналған ұсыныстар:Бағалау критерийлері, тапсырмалар үлгілері, дескрипторлар, балл, бөлім бойынша рубрикаларБағалау критерийлері, тапсырмалар үлгілері және тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы
Критериалды бағалау жүйесінің қызметі: балаға оқытудың әр сатысындағы дайындық (меңгеру) деңгейін анықтауға мүмкіндік береді;көп балл шкаласын пайдалануда үлкен саралау мүмкіндігімен ерекшеленеді және мұғалімге бағаның кейбір айырмашылығын көрсетуге мүмкіндік береді;оқушының тек оқу жылындағы ғана емес, сонымен қатар оқу барысы кезіндегі білімді қабылдауының объективті динамикасын алуға мүмкіндік береді; ағымдағы және қорытынды бағалар қоры арқылы оқушы еңбегінің нәтижесін көрсетуге болады; білімді бағалаудың объективтілігін жоғарылатуға мүмкіндік береді; оқушының әртүрлі жұмысты орындағаны үшін алған бағаларының мәнін түсініп, жіберген қателіктерін анықтап, қатемен жұмыс жасауға мүмкіндік береді; ата-ана - мектеп - оқушы арасындағы байланысты нығайта түседі. Қалыптастырушы бағалау тиімді болуы үшін.
2. Бастауыш білім берудегі критериалды бағалау жүйесі
Қалыптастырушы бағалау – оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін бағалаудың түрі болып табылады.
ҚБ қағидаттары: оқу мен оқытудың бір бөлігі («оқу үшін бағалау»);барлық оқу мақсаттары қамтылады (оқу мақсаттары барлық сыныптарда пәндер бойынша оқу жоспарларында нақтыланып белгіленген);бағалау белгіленбейді;оқу мақсаттарына жеткендігі бағалау критерийлеріне сәйкес жүзеге асады;әрбір оқушының ілгерілеуі туралы кері байланыс беріледі;ҚБ нәтижелері оқыту сапасын, оқу бағдарламасын жақсарту үшін қолданылады.
Қалыптастырушы бағалауда субъектілер қызметі. Оқушының қызметі: Оқу үдерісіне белсене қатысады; Бағалау критерийлері мен дескрипторларды түсінеді; өзін-өзі бағалайды/ бірін-бірі бағалайды.
Мұғалімнің қызметі оқу мақсаттарына сәйкес бағалау критерийлерін анық жазады; бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар құрастырады; тапсырмаға дескриптор құрастырады;т иімді кері байланыс береді, оқыту мен бағалау үдерісіне түзету енгізеді;
Мұғалімнің күнделікті жұмысы:Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру; Қалыптастырушы бағалау әдістерін таңдау, қолдану; Қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау; Кері байланыс беру. Оқу мақсаттарының таксономиясы (Блум, Кратволь, 1956) ойлау дағдыларының алты деңгейін болжайды: Білу – өтілген материалды дәйек, жағдай, негізгі тұжырымдар мен жауаптарды көрсету арқылы есте сақтауды дәлелдеу.
Түсіну – материалды бір түрден екінші түрге ауыстыру, материалды интерпретациялау, оқиғаның барысын болжау. Қолдану – ережелерді, жаңа білімді түрлі нұсқада қолдану.
Талдау (анализ) – толық объектіні ұсақ бөліктерге ажырату, оның мәнін түсіну және меңгеру үдерісі.
Жинақтау – бұрынғы жеке түсінікті толық біріктіру үдерісі. Ақпаратты жаңа үлгідегі элементтердің түрлі әдістерімен біріктіру немесе альтернативті шешім ұсыну арқылы жүйелеу.
Бағалау – анықталған стандарттар мен критерийлердің негізінде объектінің жетістіктері, кемшіліктері, құндылықтары, маңыздылығы мен басқа да сипаттарын анықтайтын үдеріс.
Блум таксономиясы арқылы жұмысты ұйымдастыру. Оқулықпен жұмыс. Блум таксономиясы бойынша - Түсіну кезеңі. Дәптермен жұмыс. Блум таксономиясы бойынша – Қолдану кезеңі. Топпен жұмыс. Блум таксономиясы бойынша – Талдау кезеңі. Шығармашылық жұмыс. Блум таксономиясы бойынша – Синтез кезеңі .Өзін өзі бағалау. Блум таксономиясы бойынша – Бағалау кезеңі. Балл шкаласын бағаға айналдыру
Қалыптастырушы бағалаудағы кері байланыс. Тиімді кері байланыс оқушының үш сұрағына жауап береді:Менің оқуым қандай деңгейде? Мен жоғары нәтижеге қалай қол жеткіземін? Білімімді толықтыру үшін не істеуім керек?
Қалыптастырушы бағалауды ұйымдастырудың маңызды кезеңі оқушылардың жұмыстарының нәтижелерін талдау болып табылады. Ол оқушының алдында тұрған өзекті мәселелерді айқындап, оларды шешу жолында қандай іс-әрекет қажет екендігін көрсетеді.
Мұғалімнің бағалау нәтижелеріне/оқыту барысындағы бақылауларына талдау жасауы, оның педагогикалық тәжірибесін дамыта түседі.
Талдау нәтижелерін қолдана отырып, мұғалім оқушының қажеттіліктерін анықтап, кері байланыс әрекетін ұйымдастырады және оқыту үдерісіне өзгерістер, түзетулер енгізуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |