Жиынтық бағалау – белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, триместр, оқу жылы, орта білім деңгейі), сондай-ақ оқу бағдарламаларындағы бөлімдер/ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде балл және баға қою арқылы жүргізілетін бағалау түрі.
Мұғалімнің күнделікті жұмысы:
Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру;
Қалыптастырушы бағалау әдістерін таңдау, қолдану;
Қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау;
Кері байланыс беру.
Мұғалімнің критериалды бағалауды тиімді іске асыру шарттары: Сабаққа идеялар мен ынталандырушы материалдарды енгізу; Оқушылар өзінің оқуы мен ойлауын бағалай алатындай логикалық ойлауды жəне зерделеу дағдыларын енгізу; Оқушыларға өздеріне қызықты салаларда сұрақтар құрастыруға көмектесу; Топтық, жұптық жұмыстарды енгізу; Оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасқа ынталандыру; Оқушылардың мүдделеріне сəйкес болу; Оқушылардың өздігінен ойлануын үнемі талап ету; Оқушылардың логикалық ойлау дағдыларын дамытуға көмектесетіндей сұрақтар қою; Оқушыларға өздерінің ойлау дағдылары мен ғылыми-зерттеу дағдыларын қолдануды ескертіп отыру; Жекелеген оқушылармен «көзбе-көз» әңгімелесуді ұйымдастыру; Оқушыларға өзіндік жұмыстарда жетістікке жетуге мүмкіндік беретін жобаларды жоспарлау жəне ұйымдастыру.
Оқу мақсаттарының таксономиясы (Блум, Кратволь, 1956) ойлау дағдыларының алты деңгейін болжайды:
Білу – өтілген материалды дәйек, жағдай, негізгі тұжырымдар мен жауаптарды көрсету арқылы есте сақтауды дәлелдеу.
Түсіну – материалды бір түрден екінші түрге ауыстыру, материалды интерпретациялау, оқиғаның барысын болжау.
Қолдану – ережелерді, жаңа білімді түрлі нұсқада қолдану.
Талдау (анализ) – толық объектіні ұсақ бөліктерге ажырату, оның мәнін түсіну және меңгеру үдерісі.
Жинақтау – бұрынғы жеке түсінікті толық біріктіру үдерісі. Ақпаратты жаңа үлгідегі элементтердің түрлі әдістерімен біріктіру немесе альтернативті шешім ұсыну арқылы жүйелеу.
Бағалау – анықталған стандарттар мен критерийлердің негізінде объектінің жетістіктері, кемшіліктері, құндылықтары, маңыздылығы мен басқа да сипаттарын анықтайтын үдеріс.
Блум таксономиясы арқылы жұмысты ұйымдастыру.
Оқулықпен жұмыс. Блум таксономиясы бойынша - Түсіну кезеңі.
Дәптермен жұмыс. Блум таксономиясы бойынша – Қолдану кезеңі.
Топпен жұмыс. Блум таксономиясы бойынша – Талдау кезеңі.
Шығармашылық жұмыс. Блум таксономиясы бойынша – Синтез кезеңі
Өзін өзі бағалау. Блум таксономиясы бойынша – Бағалау кезеңі.
Балл шкаласын бағаға айналдыру
Қалыптастырушы бағалаудағы кері байланыс
Тиімді кері байланыс оқушының үш сұрағына жауап береді:
Менің оқуым қандай деңгейде?
Мен жоғары нәтижеге қалай қол жеткіземін?
Білімімді толықтыру үшін не істеуім керек?
Критериалды бағалау арқылы оқушының ең алдымен қызығушылығын оятып, белсенділігін арттырады, өз ойын ашық айтуға үйретіп, өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады, соңғысы жинаған түрлі бағалау баллдары арқылы өзін-өзі бағалайды. Мұндағы жетістіктің артықшылығы сынып оқушылары түгел бағаланады. Мұнда оқушыларды бағалау үшін өлшемдердің (критерийлер) жеңіл түрлерін алуға болады. Оларға өздері түсінетіндей, өзін-өзі бағалай алатындай етіп, істеген жұмыстарын оңай талдай алатындай дескрипторларды құру қажет.
Оқушыларды сабаққа белсене қатыстыру үшін әр сабақ барысын жеке формада, жаңа әдістерді, педагогикалық технологияларды пайдаланып ұйымдастыру көзделеді. Оқу формалары заманауи талаптарға лайық болуы, оқушылардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру үшін, ұстаз ақпараттық технологияны өз іс-әрекетінде тиімді де, сауатты қолдануы тиіс.
Критериалды бағалау – бұл оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделіп, нақты белгіленген, ұжымдық жасалған, үдерістің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі білім мазмұны мен мақсатына сәйкес өлшемдері (критерийлері) бар үдеріс.
Оқыту сапасын бағалаудың шетелдік нұсқалары: тәртіптілік амал (американдық дәстүр); функционалдық амал (британдық дәстүр); көпөлшемді және тұтастық амал (Франция және Германия)
А.Қ.Құсайынов әлемдік білім беру жүйесінде оқыту сапасын көтеру туралы: мектепте білім берудің ең үздік жүйесінің тәжірибесі келесі үш фактордың шешуші рөл атқаратынын растайды: 1) лайықты адамдар ғана мұғалім болуы керек; 2) олар оқытушылық қызметтің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін дайындықтан өтуі қажет; 3) әрбір оқушы сапалы білім алатындай жағдайды қамтамасыз етілуі қажет, - деп тұжырым жасаған. Автор зерттеу нәтижесіне сүйене отырып, жоғары білікті мұғалім сабақ беретін сынып оқушыларының біліктілігі төмен мұғалім сабақ берген оқушыларға қарағанда 3 есе тез дамығанын нақты мысалмен көрсеткен.
Оқыту сапасын бағалаудың шетелдік нұсқаларына тоқталсақ: тәртіптілік амал (американдық дәстүр). Америка Құрама Штаттарының білім мекемелерінде ХХ ғасырдың 60 жылдарында прагматикалық көзқарасқа негізделген білім үлгісі енгізілген болатын. Нәтижесінде «америкалық прагматикалық педагогика «экземплярлық», «кафетериялық» деп аталып кеткен білім жүйелері орнығып, білімнің іргелілігін төмендетіп, орта мектеп оқушыларының білімінің таяз, үстірт болып қалыптасуына әкеліп соқты. Осыған байланысты 1983 жылы АҚШ Үкіметінің «Ұлтымыз қатерлі жағдайда, білім реформасы қажет» атты баяндамасы жарияланып, білім саласын қайта қарауға орасан зор қаржы бөлінді, «2000 жылдың мақсаттары» атты федералдық бағдарлама және «Әлемдік деңгейдегі білім» жобасы қабылданып, орта білім жүйесінің жүйелілігі және жеделдігі артылып, математика, жаратылыстану сияқты іргелі білім түрлерін игеру сапасы бойынша әлемдегі ең биік деңгейге көтерілу мақсаттары қойылды.
Білім сапасы дегеніміз – мектепте білім алып отырған шәкірттің немесе мектеп бітірушінің білім алу арқылы әзірлігінің сапасы мен білім беру қызметінің сапасын қамтитын түсінік. Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой-талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Балалардың білім сапасын арттыруда мұғалім бала дамуының мынадай негізгі белгілерін: дербестігін, проблемалық жағдаят, шығармашылық таным әрекетін, диалектикалық ойлауы т.б. қадағалап, балалармен жеке-дара жұмыстар жүргізеді. Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет.
Оқушының оқу-танымдық әрекетін қалыптастыруды оқытудың жаңа технологияларын оқу үдерісіне еңгізудің маңызы ерекше. Бүгінгі білім беруде оқушыны білімділік, іскерлік, шығармашылық әдістерге баулудың жолдарын іздестіре отырып, мұғалім-шәкірт арасында рухани және сезім бірлестігін айқындайды. Бұрын оқытуда оқушылар тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келген. Ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін субъект екендігіне ерекше мән беру керек.
Критериалды бағалау жүйесінің қызметі:
балаға оқытудың әр сатысындағы дайындық (меңгеру) деңгейін анықтауға мүмкіндік береді;
көп балл шкаласын пайдалануда үлкен саралау мүмкіндігімен ерекшеленеді және мұғалімге бағаның кейбір айырмашылығын көрсетуге мүмкіндік береді;
оқушының тек оқу жылындағы ғана емес, сонымен қатар оқу барысы кезіндегі білімді қабылдауының объективті динамикасын алуға мүмкіндік береді;
білімді бағалаудың объективтілігін жоғарылатуға мүмкіндік береді;
оқушының әртүрлі жұмысты орындағаны үшін алған бағаларының мәнін түсініп, жіберген қателіктерін анықтап, қатемен жұмыс жасауға мүмкіндік береді;
ата-ана - мектеп - оқушы арасындағы байланысты нығайта түседі.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. «Бастауыш мектеп педагогикасы мен ғылымының өзекті мәселелері» курсының мақсаты мен міндеттері, мазмұны
2. Педагогикалық зерттеу әдіснамасы
3. Қазіргі ғылым мен бастауыш білімнің әдіснамалық тұғырлары
4. Оқыту нәтижелері сапасын бағалауға құзыреттілік тұрғысынан келу
7. Әдіснамалық рефлексия және оның зерттеу жұмысындағы мәні.
8. Дамытушылық білім беру үдерістерін психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік-педагогикалық жобалау
9. Отандық бастауыш білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі.
10. Жаңартылаған бастауыш білім беру оқу бағдарламаларының басты идеялары. (1-4 сыныптар).
11. Бастауыш мектептегі әмбебап оқу әрекетттерді жобалау технологиялары
12. Педагогика ғылымы дамуының жаңа тұжырымдамалық идеялары мен бағыттары.
13. Бастауыш білім берудегі инновациялық үдерістердің мәні.
14. Білім беру философиясының тұжырымдамалары
15. Бастауыш оқыту педагогикасы саласында ғылыми білім алудың заманауи әдістерінің бірі – интербелсенді әдістер.
16. Жаңартылған бастауыш білім берудің оқу-әдістемелік кешендеріне сипаттама.
17. Жеке пәндердің оқу-әдістемелік кешендеріне талдау жасаңыз.
18. Бастауыш білім сапасын бағалаудың халықаралық жүйесі.
19. Ғылымның жүйесцентристік және антроцентристік пардигмалары.
20. Парадигма – әдіснамалық категория ретінде
21. Білім берудің мониторингі – ғылыми және практикалық мәселе.
22. Интелектуальды интерфейс тұжырымдамасы.
23. Тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясының тұжырымдамасы.
24. Деңгейлеп, саралап, даралап оқыту технологияларына сипаттама.
25. Ақпараттық технологиялардың теориясы мен әдістемесі
26. Коммуникативті технологиялардың теориясы мен әдістемесі
27. Мультимедия технологиялары және оларға сипаттама
28. Отандық білім жүйесі мен шетелдік білім кеңістігін кіріктіру
29. Бастауыш білімді дамытудың бағыттары мен жаңа тұжырымдамалық идеялары
30. Бастауыш оқыту педагогикасы саласындағы ғылыми таным әдістері
|