2. ДӘріс тезистері


Тұлғалық-бағдарлы оқыту технологиясына сипаттама



бет24/30
Дата02.04.2024
өлшемі4.37 Mb.
#497387
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30
БМПед.ғыл. Дәріс 4

2. Тұлғалық-бағдарлы оқыту технологиясына сипаттама
Тұлғаға-бағдарланған оқыту технологиясының тұжырымдамасынан тұлғаға-
бағдарланған оқыту технологиясына көшу қажеттігі туындайды. И.С.Якиманская тұлғаға-бағдарлап оқыту технологиясына келесі анықтамаларды берген:
• тұлғаға-бағдарлап оқыту технологиясы оқушының таным мен пәндік іс-әрекет субъектісі ретіндегі жеке ерекшеліктерін анықтау арқылы оның тұлғасының дамуын және өзін-өзі дамытуын қамтамасыз ету керек.
• тұлғаға-бағдарлап оқыту технологиясы бойынша, білім беру үдерісі оқушының қабілеттеріне, бейімділігіне, қызығушылығына, құндылық бағытталғандығына және субъектілік тәжірибесіне сүйене отырып өзіндік таным, оқу іс-әрекетінде жүзеге асыруына мүмкіндік береді. Оқушының бірегейлігін дамытатын, оның өзін-өзі дамытуына, өзін-өзі көрсете білуіне барлық жағдайлар жасайтын құрамдас бөліктер маңызды болып табылады.
• білім мазмұны, оның құралдары және әдістері оқушының пәндік материалды, оның түрі мен формаларын таңдауына мүмкіндік беретіндей етіп таңдалынады және ұйымдастырылады;
• тұлғаға-бағдарлап оқыту технологиясының өлшемдік базасы тек қана жеткен білім, білік, дағылардың деңгейін ғана емес, сонымен қатар белгілі бір интеллекттің (оның қасиеттері, сапалары, көрініс беру сипаттары) ұйымдастырылуын да ескереді.
Ә.М.Мұханбетжанованың пайымдауынша, тұлғалық-бағдарлы оқыту технологиясы: «оның негізгі түсінуден-түсіндіруге, монологтан-диалогқа, әлеуметтік бақылаудан-дамытуға, басқарудан өзін-өзі басқаруға көшу, ал педагогтың негізгі міндеті бағыт беруші қарым-қатынасты құру болып табылады» - деп көрсетеді. Автор, тұлғалық-бағдарлы технологияның басты идеясы - білім берудегі субъект аралық қатынастарды қалыптастыру арқылы тұлғаның ынталануына түрткі болу, сөйтіп өзіндік таным мен өзіндік білім алуға, өзіндік бағалауға жағдай туғызу, деп тұжырым жасаған.
А.В.Хуторской бойынша, зерттеу жұмыстарының нәтижесінде айқындалған оқытудың креативтілігін, өнімділігін және даралануын жоғарылататын қорларды іздеуге бағытталатын ұстанымдарына тоқталсақ:
Оқушының тұлғалық мақсат қою ұстанымы: Білім беру әрбір оқушының өзінің оқу мақсаттарының негізінде және соларды ескеріп жүзеге асырылады.
2. Жеке білім беру траекторясын таңдау ұстанымы: Оқушы өзінің білім беру траекториясындағы: оқыту әдістерін, түрлерін, өту жылдамдығын, тапсырмаларын, мақсаттарын, мағынасын, жеке білім беру мазмұны, бақылау жүйесі және нәтижесін бағалау сияқты негізгі компоненттерді мұғаліммен саналы, келісілген түрде таңдауға құқығы бар.
3. Білім беру үдерісінің метапәндік негіздері ұстанымы: Білім беру үдерісінің негізін – оқушылардың субъективті, өзіндік танымды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін іргелі метапәндік объектілер.
4.Оқытудың нәтижелілік ұстанымы: Оқытудың негізгі бағыттауышы оқушының білімдік іс-әрекетінің ішкі және сыртқы білім нәтижелерінен тұратын өзіндік білім алуының өсуі болып табылады.
Нәтижелі оқыту белгіліні оқытуға емес, жаңаны танып білуге, оқушылардың білім табысын құруына бағытталады. Оқытылатын пәндердің сыртқы білім беру нәтижелерін құру үдерісінде сәйкес ғылым немесе іс-әрекет саласындағы мамандарға тән ішкі дағды мен қабілеттердің дамуы жүзеге асады. Оқушының сыртқы білімдік жетілуі оның тұлғалық сапасының дамуымен қатар жүреді.
Оқушының оқу іс-әрекетінің нәтижесі жеке немесе жалпымектептік жетілдірілуден асып, жалпымәдени жетілуге жетеді.Мысалы: бірінші сынып оқушылары фольклорлық жолдармен алмастырыла алатын түпнұсқалық жұмбақтар құрастыра алады; бесінші сынып оқушылары – рулық тайпаларды құрастыра алады; алтыншы сынып оқушылары – теоремалардың математикалық дәлелдеулерін таба алады; оныншы сынып оқушылары – философиялық эссе жаза алады.
Бастауыш білім нәтижелері өздері құрастырған түпнұсқалық ойлардан тұрады. Оқушылардың білімдік нәтижелеріне оқу пәндерінен жасаған шығармашылық жұмыстары ғана емес, сонымен қатар олардың іс-әрекеттерінің әдістемелері де жатады. Мысалы, "Математика пәнінен жеке бағдарлама" тақырыбында 4-сынып оқушысының жұмысы сол пәнге ғана емес, оқушының математикадан өзі жеке құрастырған тапсырмалары бар бағдарламаға бағытталған; "Өзін-өзі сынау жұмысы" деп аталатын 3-сынып оқушысының шығармашылық жұмысы да ұқсас мәнге ие.
Оқу пәндерінің материалдары негізінде жасалынған әдістемелік типтегі ұйымдастырушылық әрекеттің білімдік өнімдері сол пәндік жұмыстарды шығармашылық қорғау ретінде жасалынады. Оқушылар құрастырған оқытудың мақсаты, жоспарлар, әрекеттер алгоритмі, әрекеттің табылған әдістері, рефлексивті талқылаулар мен өзіндік бағалаулар олардың зерттеушілікпен, шығармалықпен айналысқан секілді олардың білімдік әрекеттерінің өнімдері болып табылады.
5. Оқушының білімдік табысының біріншілік ұстанымы: оқушы құрастырған білімнің тұлғалық мазмұны білім стандарттары мен іздену аясындағы жеткен жетістіктерінен асып түседі.
Бұл ұстаным оқушының тұлғалық бағыттылығын нақтылайды. Өзін-өзі көрсетуге мүмкіндік берілген оқушы өзіне зерттелетін тақырып берілместен бұрын танылған болса, онда ол өзінің әлеуеттік мүмкіндіктерін кеңінен ашады.
Оқушының білімдік табысының біріншілік ұстанымы келесі талаптармен толықтырылады: тану объектілері мен оқушылар құрған басқалар қолданатын тану әдістері зерттелетін әрекет облысындағы "нақты" объектілер мен әдістерге сәйкес келуі тиіс.
Дүниетану сабағынан оқулықты өтіп шығу емес, нақты табиғаттың өзін зерттеу керек. "Білімді үйретудің" дәстүрлі әдісі "жаңа білім алуға" бағытталған пәндік әрекетке орын береді: әдебиетте - әдебиеттанушылық, оқырмандық, дүниетану пәнінен – жер қабаты және тәжірибелік іс-әрекет және т.б. Мысалы, оқушы Жер қабаты жайлы өзіндік нұсқасын айтып болғаннан соң, ғалымдардың нұсқаларымен танысады; музыкалық және әдеби шығармалар жасағаннан кейін, мұғалімнің көмегімен ұқсас туындылар іздестіріледі.
6. Оқытудың жағдаятты ұстанымы: Білім беру үдерісі оқушылардың өзіндік анықталуынан және шешімді іздеуді болжамдық жағдаяттардан құрылады. Мұғалім оқушыға білім алу іс-әрекетінде бағыт беріп, қолдап отырады.
Оқушының шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру үшін, мұғалім білім беру жағдаяттарын тудырады немесе пайда болғанын қолданады. Оның мақсаты – түрткі болу және білім беру объектілерін тану бағытындағы оқушы іс-әрекетін қамтамасыз етіп, олармен байланысты мәселелерді шешу.
Аталған кезеңдердегі мұғалім рөлі – ұйымдастырушы-бағыт беруші, себебі ол жасалған білім беру қиындығын оқушылардың өзімен шешуді қамтамасыз етеді.
7. Білім беру рефлексиясының ұстанымы: Білім беру үдерісі, субъектілердің білім беруді рефлексивті тусінумен қатар жүреді.
Рефлексия – бұл сабақтағы маңыздыны еске салу немесе қорытындыны жасау ғана емес, іс-әрекет тәсілдерін меңгеру, оның мағыналық ерекшеліктерін табу, оқушының немесе мұғалімнің білімдегі нәтижесін анықтау. Оқушы жасалғанды тек түсініп қоймай, іс-әрекет тәсілдерін түсінеді, яғни қалай ол жасалтынын меңгереді.
Тұлғалық-бағдарлы технология негізінде оқытуда мұғалімнің бойында төмендегі қасиеттердің болуы:
- кәсіби-педагогикалық сипаты: жаңашылдық, шығармашылық, еңбекқорлық,
- интеллектуалдық сипаты: педагогикалық зейінділік пен бақылау қабілеті, ой биіктігі мен тіл байлығы, логикалық өріс-өрісі, терең танымдық, педагогикалық болжау қабілеті, сыни ойлау қабілеті,
- эмоционалдық сипаты: оптимистік, ашықтық, сабырлылық, мейірбандық
- оқушыға көзқарасының сипаты: ізгіліктілік, сүйіспеншілік, талап қоя алушылық, көмек көрсетуге даярлық;
- мұғалімдік қызметке көзқарасын білдіретін сипаттары: өз біліміне, тәжірибесіне, білігіне, шеберлігіне сыни көзқарас, өз жұмысы сапасына жоғары талап қоя білу, жауапкершілік, өзін-өзі кәсіби дамытуға, өздігінен білім алуға қажеттіктерінің болуы;
- өз пәні бойынша оқушылар біліміндегі олқылықтарды зерттеп, түзетудегі жолын табуға ұмтылуы; оқушыларға рефлексия арқылы өз білімдерін өзіндік бағалауға, өзіндік түзетуге ынталандыру.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. «Бастауыш мектеп педагогикасы мен ғылымының өзекті мәселелері» курсының мақсаты мен міндеттері, мазмұны
2. Педагогикалық зерттеу әдіснамасы
3. Қазіргі ғылым мен бастауыш білімнің әдіснамалық тұғырлары
4. Оқыту нәтижелері сапасын бағалауға құзыреттілік тұрғысынан келу
7. Әдіснамалық рефлексия және оның зерттеу жұмысындағы мәні.
8. Дамытушылық білім беру үдерістерін психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік-педагогикалық жобалау
9. Отандық бастауыш білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі.
10. Жаңартылаған бастауыш білім беру оқу бағдарламаларының басты идеялары. (1-4 сыныптар).
11. Бастауыш мектептегі әмбебап оқу әрекетттерді жобалау технологиялары
12. Педагогика ғылымы дамуының жаңа тұжырымдамалық идеялары мен бағыттары.
13. Бастауыш білім берудегі инновациялық үдерістердің мәні.
14. Білім беру философиясының тұжырымдамалары
15.Бастауыш оқыту педагогикасы саласында ғылыми білім алудың заманауи әдістерінің бірі – интербелсенді әдістер.
16. Жаңартылған бастауыш білім берудің оқу-әдістемелік кешендеріне сипаттама.
17. Жеке пәндердің оқу-әдістемелік кешендеріне талдау жасаңыз.
18. Бастауыш білім сапасын бағалаудың халықаралық жүйесі.
19. Ғылымның жүйесцентристік және антроцентристік пардигмалары.
20. Парадигма – әдіснамалық категория ретінде
21. Білім берудің мониторингі – ғылыми және практикалық мәселе.
22. Интелектуальды интерфейс тұжырымдамасы.
23. Тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясының тұжырымдамасы.
24. Деңгейлеп, саралап, даралап оқыту технологияларына сипаттама.
25. Ақпараттық технологиялардың теориясы мен әдістемесі
26. Коммуникативті технологиялардың теориясы мен әдістемесі
27. Мультимедия технологиялары және оларға сипаттама
28. Отандық білім жүйесі мен шетелдік білім кеңістігін кіріктіру
29. Бастауыш білімді дамытудың бағыттары мен жаңа тұжырымдамалық идеялары
30. Бастауыш оқыту педагогикасы саласындағы ғылыми таным әдістері

1

№ 13
Дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет