2. ДӘріс тезистері


Тақырып 2. «Бастауыш мектеп педагогикасы мен ғылымының өзекті мәселелері» курсының басқа оқу пәндерімен байланысы



бет3/30
Дата02.04.2024
өлшемі4.37 Mb.
#497387
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
БМПед.ғыл. Дәріс 4

Тақырып 2. «Бастауыш мектеп педагогикасы мен ғылымының өзекті мәселелері» курсының басқа оқу пәндерімен байланысы
1. «Бастауыш мектеп педагогикасы мен ғылымының өзекті мәселелері»
курсының философиямен байланысы
2. «Бастауыш мектеп педагогикасы мен ғылымының өзекті мәселелері»
пәнінің басқа ғылым салаларымен (философия, психология, әлеуметтану және т.б.) өзара байланысы.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Философия іс-әрекетті адамның өмір сүруінің жаппай тәсілі ретінде зерделейді және сәйкесінше адам да әрекеттегі тіршілік иесі ретінде айқындалады. Адам іс-әрекеті материалдық-практикалық, интеллектуалдық, рухани операцияларды және ішкі де, сыртқы да үдерістерді қамтиды. Іс-әрекетте адам әлемдегі өзінің ерекше орнын ашады және өзін ондағы қоғамдық тіршілік иесі ретінде бекітеді.
«Бастауыш мектеп педагогикасы мен ғылымының өзекті мәселелері» курсының философиямен байланысы екі ғылым аясында қарастырылады.
Әдіснамалық байланыс. Осы байланыс түріне кіретіндер: педагогиканың негізін салушы идеяларды пайдалану, басқа ғылымдарда пайда болған жалпы тұжырымдамалар (мысалы, философиялық);
«Бастауыш мектеп педагогикасы мен ғылымының өзекті мәселелері» пәні – көлемді ғылым ретінде педагогика ғылымы мен бастауыш білім берудің ұзақ даму жолынан өтіп, көптеген білімдерді жинақтап, қазіргі уақытта ғылыми білімдердің тармақтанған жүйесіне айналуда. Философия жеке алғанда, оның арнайы тәрбие мәселелерімен айналысатын, тәрбие философиясы деген атауға ие болған бөлігі «Бастауыш мектеп педагогикасы мен ғылымының өзекті мәселелері» пәнінің негізі болып табылады.
Тәрбие философиясы – тәрбиелік практикада әртүрлі философиялық жүйелердің идеяларын қолданатын білімдер саласы. Философия педагогикаға педагогикалық құбылыстар мен үдерістерді танудың, зерттеудің ортақ тәсілін көрсетеді. Философияны оның бүтіндік және жүйелік идеяларымен, құрылымдық талдау әдістерімен педагогиканың әдіснамалық (латын тілінен – жол) негізі деп санау қабылданған. Сондықтан да философия «Бастауыш мектеп педагогикасы мен ғылымының өзекті мәселелері» пәнінің де негізі болып саналады. Философия ғылымдары (диалектикалық және тарихи материализм, ғылымтану, әлеуметтану, әдептану, эстетика және т.б.) педагогикада тәрбиелеудің мәні мен мақсаттарын анықтауына, адамның тұрмысы мен ойының жалпы заңдылықтарының ықпалын дұрыс ескеруге көмектеседі.
Ғылым философиясы. Ғылымды философиялық тұрғыдан зерттеу аса маңызды және ол ғылым мен ғылыми қызметті зерттейтін басқа пәндердің арасында ерекше, басты орын алады. Ғылымды зерттеудің әртүрлі жеке әдістері мен арнайы ғылымтану пәндері қаншалықты қазіргі болғанымен, олар ғылымды философиялық тұрғыдан зерттеудің орнын баса алмайды. Философия ғылымды қоғамдық сананың белгілі бір формасы және адамның дүниеге көзқарасын анықтаушы теориялық сана ретінде, қоршаған ортаға қатынастың типі ретінде сараптайды.
«Бастауыш мектеп педагогикасы мен ғылымының өзекті мәселелері» курсының ғылымның басқа салаларымен (психология, педагогика, әлеуметтану және т.б.) өзара байланысы
«Бастауыш мектеп педагогикасы мен ғылымының өзекті мәселелері» пәні үшін психиканың даму заңдылықтарын зерделейтін психологияның маңызы ерекше. Психология іс-әрекетті психиканың маңызды компоненті ретінде зерделейді. С.Л.Рубинштейннің көзқарасы тұрғысынан психология субъект іс-әрекетін емес, «психиканы, тек қана психиканы» зерделеуі тиіс бірақ, оның елеулі объективтік байланыстарын және жанасуларын ашу арқылы, оның ішінде іс-әрекетті зерттеу арқылы іске асады.
А.Н.Леонтьев іс-әрекет психология пәніне енуі керек деп санайды, өйткені психика оны тудыратын және жасайтын іс-әрекет кезеңдерінен ажырамайды.
Психологиялық білімдердің негізінде педагогика адамның ішкі дүниесі мен мінез-құлқында белгіленген өзгерістерге әкелетін тиімді тәрбиелеу жүйелерін құрайды. Педагогиканың әрбір бөлімі психологияның сәйкес бөлімінен сүйеніш табады: білім беруде, мысалы, таным процестері мен ақыл-ой дамуы теориясына сүйенеді; тәрбиелеу теориясы жеке тұлғаның психологиясына негізделеді және т.с.с. бұл ғылымдардың ықпалдастығы педагогикалық психологияның пайда болуына әкелді.
Гештальт-психологиясы (неміс. Gestalt – «бейне, құрылым, форма») өткен ғасырдың бірінші жартысында пайда болған. Күрделі психологиялық феномендерді талдау негізінде «гештальт» ұғымын қолданған – оған тән заңдылықтар бойынша, жеке құбылыстардың көп түрлілігін ретке келтіретін функционалды құрылым.
Гештальт психологиясының өкілдері тұлға психикасының даму процесі қабылдау, ес, ойлаудың құрылуы мен өзгеруінің жалпы заңдылығына бағынатынын көрсете алды; осы процесті ынталандыру үшін тұлға интеллектісін оқу сипатындағы мәселелі жағдайларға кірістіру керек. Гештальт-психология негізінде америка психологы К.Левин (1890-1947) тұлғаның динамикалық теориясын жасады. Бұл тұлға қоршаған ортасында – «психологиялық өрісте» пайда болатын адам мінез-құлқындағы өмірлік мақсат, қажеттіліктер, мотивтердің жетекші рөлін анықтады.
Оқыту үдерісін практикалық ұйымдастырудың ерекшелігін терең түсіну үшін ХХ ғасырдың 50 жылдары пайда болған адам іс-әрекетіндегі психикалық процестерін елемеушілікке тән бихевиоризмге жауап ретінде когнитивті психология маңызды рөл атқарды. Когнитивті психология саласындағы зерттеулер, «адамдардың интеллектуалды іс-әрекетінің тиімділігін жоғарылатуға» бағытталған және көбінесе «компьютерлік метафораға» негізделген – есептеуші құралдағы ақпараттың өзгерісі және адамның танымдық процесін жүзеге асыруы арасындағы үйлесімділік. Когнитивті психологияда оқытуға көп көңіл бөлінеді. Оқыту үдерісінің барлық қыры – материалды беру тәсілінен бастап, білім алушылардың қатынасының әлеуметтік-психологиялық аспектілеріне дейін талданады. Когнитивті психология тұрғысынан тиімді оқыту жаңа материалдың барлығы когнитивті құрылымға енгенде, оқытылатын пәнге білім алушылардың қызығушылықтарымен байланысты ішкі мотивация қалыптасқанда ғана мүмкін болады.
Іс-әрекеттік психология теориясының негізін салушы А.Н.Леонтьев (1903-1979) және С.Л.Рубинштейн (1889-1960) жұмыстары түрлі психикалық процестердің өтуі мен дамуы іс-әрекет мазмұнына, құрылымына, оның мотивіне, мақсатына және жүзеге асыру әдістеріне тәуелділігін көрсетті. Жасалған зерттеулер педагогикалық іс-әрекет үшін маңызды қорытынды жасалды: сыртқы материалды әрекеттер негізінде ақыл-ой жоспарында орындалатын ішкі, идеалды әрекеттер және қоршаған әлемде адамның бағдарлануын қамтамасыз ететін әрекеттер жасалынады.
Бүгінгі күнгі «Бастауыш мектеп педагогикасы мен ғылымының өзекті мәселелері» пәні өте қарқынды дамып келе жатқан адам туралы ғылымдардың бірі ретінде педагогикамен тығыз байланыста. Өйткені, қазіргі педагогика тармақтанған ғылыми жүйе болып табылады. Бұл жүйеде бастауыш мектеп педагогикасы маңызды орын алады – тәрбиелеу үдерісі балалық шақта аса қарқынды жүреді және де оларды білікті басқару қажет. Осындай қазіргі мәселелерді талдай отырып, ғылым мен бастауыш білім берудің қазіргі мәселелері пәні бастауыш мектеп педагогикасы, жоғары мектеп педагогикасы, ғылыми-зерттеу әдістері мен әдіснамасы және т.б. көптеген ғылымдардың деректеріне сүйенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет