Жас ерекшелігі бойынша: мектепке дейінгі педагогика, мектеп педагогикасы; кәсіби білім беру педагогикасы; жоғары мектеп педагогикасы
Жас ерекшелік педагогикасы – әртүрлі жас ерекшелік кезеңдеріндегі білім беру мен тәрбиелеу ерекшеліктерін зерделейді (мектепке дейінгі, мектеп педагогикасы, ересектер педагогикасы).
Мектепке дейінгі педагогика мектепке дейінгі жас шамасындағы балалардың жеке тұлғасын тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру заңдылықтары туралы ғылым болып табылады. Қазіргі уақытта мектепке дейінгі білім беру дидактикасының салалары, мектепке дейінгі жас шамасындағы балаларды тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі, баланы мектепалды дамытудың халықаралық стандарттары, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беру бойынша мамандарды кәсіби даярлау теориясы мен тәжірибесі жатады.
Мектеп педагогикасы тәрбие жөніндегі ғылымның ең бай және дамыған салаларына жатады. Әлемдік тарихта оның мың жыл бойы қолданылуы әртүрлі әлеуметтік-экономикалық жағдайларда өскелең ұрпақтардың дамуын, қалыптасуын басқару тәжірибесінің сансыз құндылықтарын жинақтауға мүмкіндік береді. Әртүрлі өркениеттердің, формациялардың, мемлекеттердің, идеологиялардың, саяси құрылыстардың білім беру үлгілерін зерттеу мектеп ісін, оның әлеуметтік өрлеуге ықпалын үйрететін сабақтар береді. Мектеп педагогикасы ғылым ретінде мұғалімнің және оқытушының кәсіби ісін қалыптастырудың негізі ретінде шығатын жоғары оқу орны педагогикасын құру базасы болып табылады.
Орта мектеп педагогикасы мектеп жасындағы балаларды оқыту мен тәрбиелеудің теориялық және тәжірибелік негіздерін, қағидаларын, әдістерін, педагогикалық технологияларын, формаларын, нысандарын және құралдарын қарастырады. Мектеп педагогикасының құрамына: кіші мектеп жасындағы педагогика; орта мектеп жасындағы педагогикасы кіреді.
Кәсіби білім беру педагогикасы - кәсіби білім беру теориясы мен тәжірибесін зерделейді (бастауыш кәсіби білім беру педагогикасы, орта кәсіби білім беру педагогикасы, жоғары мектеп педагогикасы, өндірістік педагогика).
Кәсіби-техникалық білім беру педагогикасы мәні жоғары білікті жұмысшыларды даярлау заңдылықтары болып табылатын ғылым саласы болып табылады. Қазақстан Республикасындағы кәсіби–техникалық білім беру дағдарысымен және жұмысшы мамандарды кәсіби–техникалықдаярлау жүйесінің ұйымшылдығының бұзылуына байланысты қазіргі уақытта көптеген ғылыми-зерттеулер, білім беру жөніндегі ғылымның осы саласының тәжірибесі мұрағатта сақталады. Болашақта отандық білім беру жүйесінің қажеттіліктер шамасында қайтадан соларға жүгінетіндігі жоққа шығарылмайды.
Кәсіби-техникалық білім беру педагогикасы жоғары білікті жұмысшыларды даярлау заңдылықтарын зерделейді.
Жоғары мектеп педагогикасы педагогикалық ғылымдар жүйесінде ерекше орын алады. Жоғары мектеп педагогикасының айрықша ерекшелігі оның педагогика мектебімен сабақтастығында. Материалдық және рухани өндірістің, қызмет көрсетудің әртүрлі салаларында болашақ мамандарды оқыту мен тәрбиелеудің көптеген теориялық ақиқаттары жалпы және кәсіби білім берудің сабақтастығы заңдарын бейнелейді. Мектеп педагогикасының ғылыми білімнің аса дамыған саласы ретінде тәрбие жөніндегі ғылымның басқа тармақтарын байыту көзі болып табылады. Жоғары мектеп педагогикасы жоғары білікті болашақ мамандарға білім беру, тәрбиелеу және дамыту заңдылықтарын зерделейді;
Андрагогика ересек адамдарға білім берудің, оларды тәрбиелеу және дамытудың теориялық және тәжірибелік негіздерін әзірлейді.
Құндылықтық мәндік белгілер бойынша: гуманистік педагогика, шығармашылық педагогикасы
Гуманистік педагогика – бұл тәрбиеленушілерді өз мүмкіндіктері бойынша дамып келе жатқан, белсенді, саналы, оқу-тәрбие үдерісінің тең құқылы қатысушылары рөлінде бекітетін ғылыми теориялар жүйесі. Ізгілік тұрғысынан тәрбиелеудің ақырғы мақсатының мәні әрбір тәрбиеленушінің таным мен қатынас қызметінің өкілетті субъектісі, еркін, өз күшіне сенген тұлға болып қалыптаса алуында. Тәрбиелеу үдерісін ізгілендіру бұл үдерісте тұлғаның өзін іс жүзінде көрсетуі, оған тән барлық табиғи нышандарын, оның еркіндікке деген қабілеттіктерін ашып көрсетуі үшін қаншалықты алғышарттар жасайтындығымен анықталады.
Шығармашылық педагогикасы. Қазіргі білімнің басты міндеттері болашақ мамандарға әлемдік түбегейлі өзгерістерді шығармашылық әдіснамасы тұрғысынан меңгерту болып табылады. Шығармашылық үдерісі өзіне тән жаңалықты ашуды: жаңа нысандар, жаңа білімдер, жаңа мәселелер, оларды шешудің жаңа тәсілдерін қамтиды.
Коррекциялық-дамытушылық белгілері бойынша: арнайы педагогика.
Арнайы педагогикалық ғылымдар: сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогика, дене дамуында ауытқулары бар балалар мен ересектерді тәрбиелеу мен оларға білім берудің теориялық негіздерін, қағидаларын, әдістерін, нысандарын және құралдарын зерттейді. Арнайы педагогиканың басқа да атаулары бар: дефектология, түзету педагогикасы.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. «Бастауыш мектеп педагогикасы мен ғылымының өзекті мәселелері» курсының мақсаты мен міндеттері, мазмұны
2. Педагогикалық зерттеу әдіснамасы
3. Қазіргі ғылым мен бастауыш білімнің әдіснамалық тұғырлары
4. Оқыту нәтижелері сапасын бағалауға құзыреттілік тұрғысынан келу
7. Әдіснамалық рефлексия және оның зерттеу жұмысындағы мәні.
8. Дамытушылық білім беру үдерістерін психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік-педагогикалық жобалау
9. Отандық бастауыш білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі.
10. Жаңартылаған бастауыш білім беру оқу бағдарламаларының басты идеялары. (1-4 сыныптар).
11. Бастауыш мектептегі әмбебап оқу әрекетттерді жобалау технологиялары
12. Педагогика ғылымы дамуының жаңа тұжырымдамалық идеялары мен бағыттары.
13. Бастауыш білім берудегі инновациялық үдерістердің мәні.
14. Білім беру философиясының тұжырымдамалары
15. Бастауыш оқыту педагогикасы саласында ғылыми білім алудың заманауи әдістерінің бірі – интербелсенді әдістер.
16. Жаңартылған бастауыш білім берудің оқу-әдістемелік кешендеріне сипаттама.
17. Жеке пәндердің оқу-әдістемелік кешендеріне талдау жасаңыз.
18. Бастауыш білім сапасын бағалаудың халықаралық жүйесі.
19. Ғылымның жүйесцентристік және антроцентристік пардигмалары.
20. Парадигма – әдіснамалық категория ретінде
21. Білім берудің мониторингі – ғылыми және практикалық мәселе.
22. Интелектуальды интерфейс тұжырымдамасы.
23. Тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясының тұжырымдамасы.
24. Деңгейлеп, саралап, даралап оқыту технологияларына сипаттама.
25. Ақпараттық технологиялардың теориясы мен әдістемесі
26. Коммуникативті технологиялардың теориясы мен әдістемесі
27. Мультимедия технологиялары және оларға сипаттама
28. Отандық білім жүйесі мен шетелдік білім кеңістігін кіріктіру
29. Бастауыш білімді дамытудың бағыттары мен жаңа тұжырымдамалық идеялары
30. Бастауыш оқыту педагогикасы саласындағы ғылыми таным әдістері
|