2. Жалпы практика дәрiгерi/отбасылық дәрiгердiң мiндеттерi


Скринингтік зерттеулер осы бұйрықтың 1 – қосымшасына сәйкес халықтың нысаналы топтары (бұдан әрі-нысаналы топтар) арасында жүргізіледі



бет11/60
Дата30.01.2024
өлшемі109.61 Kb.
#490246
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   60
ВОП 1

10. Скринингтік зерттеулер осы бұйрықтың 1 – қосымшасына сәйкес халықтың нысаналы топтары (бұдан әрі-нысаналы топтар) арасында жүргізіледі.
11. Пациент сауалнамасының нәтижелері бойынша АЕК ұйымдарының дәрігері немесе ОМҚ:
1) Профилактикалық консультация жүргізеді және пациентке мінез-құлқын өзгерту жөнінде егжей-тегжейлі ұсынымдар береді;
2) пациентті бейінді денсаулық мектебіне жібереді.
12. Жүргізілген скринингтік зерттеудің бірінші кезеңінің нәтижелері бойынша өзгерістерді анықтаған кезде пациент екінші кезеңге (толық тексеру) жіберіледі.
ОМҚ немесе АЕК ұйымының дәрігері скринингтік зерттеу түріне байланысты толық тексеруге МАЖ-ға жолдамалар қалыптастырады.
13. В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға тексеруге жататын медицина қызметкерлері бекітілген орны бойынша АЕК ұйымдарында скринингтік зерттеулерден өтеді.
14. Гемодиализ, гематология, онкология, трансплантаттау, жүрек-тамыр және өкпе хирургиясы орталықтары мен бөлімшелерінің пациенттері, жоспарлы операциялық араласуларға түсетін пациенттер, гемотрансфузия (жоспарлы тәртіппен), ағзаларды (ағзалардың бөліктерін), тіндерді, жыныстық, феталдық, дің жасушаларын және биологиялық материалдарды трансплантаттау және ауыстырып отырғызуды алатын пациенттер, жүкті әйелдер бекітілген жері бойынша АЕК ұйымдарында скринингтік зерттеулер өтеді.
15. Өмір салтының ерекшеліктеріне байланысты АИТВ инфекциясын жұқтыру қаупі жоғары халықтың негізгі топтарындағы адамдар АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметтін жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарында АИТВ инфекциясына тестілеу үшін жүгінген кезде скринингтік зерттеулерден өтеді.
11. Скринингтік зерттеулердің қорытынды кезеңін жүргізу тәртібі
Скринингтік зерттеулердің қорытынды кезеңі скринингтік зерттеулердің нәтижелерін талдауды және анықталған патологиясы бар пациенттерді динамикалық бақылауға қоюды, МАЖ-да деректерді толтыруды аяқтауды, скринингтік зерттеулердің нәтижелері туралы халықты хабардар етуді қамтиды.
17. Скринингтік зерттеулер барысында анықталған созылмалы аурулары бар пациенттер "Динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-109/2020 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21262 болып тіркелген) сәйкес есепке алынуға және динамикалық байқауға жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет