Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 08.08.2022 № ҚР ДСМ-76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар: 1) әкімшілік-аумақтық бірлік – ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс; 2) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – Қор) – аударымдар мен жарналарды жинақтауды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым; 3) бала (балалар) – он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам; 4) баланың заңды өкiлдерi – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, бiлiм, тәрбие берудi, оның құқықтары мен мүдделерiн қорғауды жүзеге асыратын ата-аналар (ата-ана), бала асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-ана (баланы қабылдайтын ата-аналар), патронат тәрбиешi және оларды алмастырушы басқа да адамдар; 5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 6) еңбекші көшіп-қонушы – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің азаматы болып табылатын, өзі азаматы болып табылмайтын және тұрақты тұрмайтын басқа мүше мемлекеттің аумағында заңды түрде жүрген және заңды негізде еңбек қызметін жүзеге асыратын адам; 7) қандас – бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері; 8) МСАК көрсететін жаңадан пайдалануға берілетін денсаулық сақтау объектісі (бұдан әрі – жаңадан пайдалануға берілетін денсаулық сақтау объектісі) –жаңа немесе қолданыстағы объектіні өзгерту жолымен алғаш рет ашылған МСАК объектісі;