2. Жалпы практика дәрiгерi/отбасылық дәрiгердiң мiндеттерi


) сақтандыру ұйымы – уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға



бет47/60
Дата30.01.2024
өлшемі109.61 Kb.
#490246
түріДиплом
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   60
ВОП 1

9) сақтандыру ұйымы – уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
10) сақтандырылған адам - өзіне қатысты ерікті және (немесе) жүктелген медициналық сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға;
11) цифрлық денсаулық сақтау субъектісі – цифрлық денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын немесе қоғамдық қатынастарға түсетін жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар.
12) цифрлық құжаттар сервисі – "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітілген және мемлекеттік функцияларды іске асыру және олардан туындайтын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мақсатында, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау, электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алу және көрсету кезінде электрондық құжаттарды жасауға, сақтауға және пайдалануға арналған объектісі.


ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде, ЖМС шеңберінде медициналық көмек алуға құқығын іске асыру үшін жеке тұлғаларды бекіту бір МСАК ұйымына жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бойынша жүзеге асырылады.
ТМККК шеңберінде МСАК көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы бойынша жақын маңдағы әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында орналасқан МСАК ұйымына бекітілетін шекара маңындағы аумақтарда тұратын адамдарды қоспағанда, бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде МСАК ұйымын еркін таңдау құқығы ескеріле отырып, тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша жүзеге асырылады.
Тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша МСАК ұйымына бекіту үшін ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсету үшін "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту" мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – көрсетілетін мемлекеттік қызмет) іске асырылды.
МСАК ұйымы жеке тұлғаларға өз бетінше немесе "Электронды үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – ЭҮП) арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметтерді ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет