Бекіту сұрақтары:
1.Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісудың далалы аймағын мекендеген халық қандай кәсіппен айналысты?
2. Егіншілік іздері Қазақстанның қай жерлерінен табылды?
№13-14 лекция XV-XVII ғғ. қазақ хандығы: халқы және шаруашылығы
Негізгі ұғымдар: Жер өңдеу, Күйме, хисар, Вакф, мүлік, мардинар, рийат, Ясы, Сайрам, Сығанақ,
Жоспар:
1). Ұйымның түсінігінің жүздік бөліспен ауысуы
2). Мал және үй шаруашылығы. Жер өңдеу.
3). Қазақстанның кейінгі ортағасырлық қалалары:
- қалалар және қала тұрғындары саны
- қалалар құрылымы, қаланың жер иеленуі
4). Салық жүйесі.Күйме, хисар, Вакф, мүлік, мардинар, рийат, Ясы, Сайрам, Сығанақ,
Мақсаты:XV-XVII ғғ. қазақ хандығының экономикалық даму тарихының ұлттықдәстүрлі ерекшеліг і туралы білімдерін дамыту.
Лекция
Бекіту сұрақтары:
1). Қазақстанның кейінгі ортағасырлық қалаларды атаңыз?
- қалалар және қала тұрғындары саны
- қалалар құрылымы туралы не білесіз?
- қалалардың болуы нені білдіреді?
№15 лекция XVII-XVIII ғасырдың басындағы қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығының дағдарысқа ұшырауының себептерінің алғышарттары.
Негізгі ұғымдар: протектарат, отаршылдық, Қазақ - жоңғар соғыс.
Жоспар:
1) Қазақ - жоңғар соғыстырының негізгі себептері.
2) Ресейдің отаршылдық саясатының басталуы.
3)Қазақ жүздерінің Ресей протектаратын қабылдауы.
Мақсаты:XVII-XVIII ғасырдың басындағы қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығының дағдарысқа ұшырауының себептеріні мен алғышарттарын деректер негізінде көрсету.
Лекция.
1.Қазақ жерін отарлаудағы патша үкіметінің жүргізген іс-шаралары. ХVІІ – XVIII ғ.ғ. Қазақстанның солтүстік және солтүстік-батыс территорясын орта және кіші жүз қазақтары қоныстанды . Орта жүз рулары солтүстік-шығыс оңтүстік – шығыс және орталық қазақстан жерлерін мекендеген. Қазақстандағы өзендер бойынша Сарысу, Нұра, Есіл (Ишим), Тобыл, Торғай және башқұрттардың Оралдағы солтүстік батысындағы қонысы мен шекаралас болды. Ертіс ағысының орта жеріндегі батыс сібір. Кіші жүз қазақтары Қарақұмға дейінгі және Арал теңізі жағалауына Түркістанның шеті мен шектескен жерлерді және солтүстікте Ор, Елек, Жайық өзендерімен шекаралас жерлерді қоныстанып жайлаған. Жоңғар шапқыншылығы зардаптары отра жүз , кіші жүз қазақтарының ата қоныс аумақтарына өзгерістер еңгізуіне мәжбүр етті. Орта жүз Жайық өзенінің жоғарғы ағысына Тобыл, Есіл, Ертіс өзендерінің төменгі ағысы сағаларына ие болып қалған. Ал, кіші жүз Каспий теңізіне және Жайық, Еділ өзендеріне қарай қоныстарын жылжытты. Сол кезде Қазақ даласы Ресей мен Қытай сияқты екі мықты алпауыт мемлекеттердің назарында болды. Бұл мықты мемлекеттер Еуразия контингенті орталығында өз территорияларын ұлғайту саясатына ХVІІ – XVIII ғасырларға дәл келді.
ХVI ғ. Ресей Қазақ жерінің есебінен территорияларын бірте-бірте кеңейте берді. Ал ХVIII ғ. басында әскери линиялық бекіністер. Қазақ жеріне бекініс салып шекара ішіне сыналай кіруі арқылы жерімізді иемдене бастады. Қазақтарда жаңа линия жүргізуіне байланысты 70000 шаршы шақырым жер алынды. Жаңа линия ескі линиядан оңтүстікке қарай 200 шақырым ішкері , яғни Қазақ жерінің шекарасы ішке қарай ығыстырылды. Тек қана Ертіс бойында ескі линиядан оңтүстікке қарай 50 шақырымға ығыстырылып жаңа линия жүргізілді.
Жер жоғалтуымен қатар өзгерістер енді көшпенді қазақтардың дәстүрлі көшу маршруттарының көп жылғы қалыптасқан жүйесі бұзылды. Мал жайылымы тарылды.
XVIII ғ. ортасында басталған жаңа линия құрылысы ресей империясының қазақ даласын отарлаудың ашық жүргізген отарлық саясатының іс-әрекетінің жүзеге асуы болды. Солтүстік Қазақстанда жаңа линия бекініс құрылысының салынып бекуіне байланысты. Солтүстік Қазақстандағы Орта жүз қазақтарының көп жерлері Ресей империясына кетті. Звериноголовская - Петропавловск – Омск. Горькая линия бекіністері қазақ жеріне енудегі алаңға айналды.
1762 ж. 6 тамызында Сенат бұйрығы бойынша линия бойын жераударылғандар мен қоныстандыру жарлығы бойынша 60 жылдары XVIII ғ. Сібірден жераударғандар мен Польшадан шығарылған помещик-крестьяндар және қашқындар мен Ресейден келген еріктілер мен қоныстандырылды.
Солтүстік Қазақстан аумағына бекініс салу “тарту ” арқылы Ресей империясы екі мәселені шешті. Бірінші Қазақ даласына әскери күшін еңгізді және орыс келімсектері мен қоныстандыру арқылы қазақтың ұлттық тұтастығын бұзып дәстүрлі – Орта және Кіші Орда деп аталатын географиялық территориялық атауды өзгертіп.
Орынборлық және батыс Сібірлік губернияға бөлініп атауында өзгертті. Осылайша Қазақ даласында Орынборлық және сібірлік қырғыздар (қазақтар Ө.И.) атауы пайда болды. Жайықтың жоғарғы (Верхне яицкая) линиясы. Ойыл өзені бекінісі.Красногорская (Қызыл жар) және Ор дистанцияларын қосатын Жоғарғы Жайық линиясы. 9 бекініспен 16 редут қашықтығы. 561,5 шақырым Орынбордан шығысқа және оңтүстік шығысқа.
Орскіден Троицкі бекінісіне дейінгі жер аралығында қазақтар тығыз қоныстанған болатын Патша үкіметі арғын жағалбайлы, қыпшақтар рулары жазғы жайлаулары қоныстарының үстінен тікелей Ор дан Троицкіге тікелей жаңа бекініс тартты. Ескі бекініс пен жаңа бекініс аралығындағы жерлер қоныстанған қазақтардың иелігіне қалды. Қазақтар ол жерлерге енді бара алмады осылайша. Оның үстіне патша үкіметі.1832 ж. бұйрық бойынша әскери казактар бекіністен 15 шақырым жерлерге дейінгі аралыққа олардың пайдалану құқын берді. Мұндай жерден айырылу. Мал мен тіршілік етіп, жанбаып отырған қазақар наразы болып қарсылық жасаған жағдайда. Қарулы әскери дайындығы бар казак әскерлерін қарсы пайдалану үшін ұстаған болатын.
Жаңа линия салынуы нәтижесінде қазақ халқын жерден қысты. Шеген би, Тархан Шақшақ батыр ұрпағы арғын руының рубасының бірі былай деген. Арғындар Тобыл, Тоғызақ, Аят өзендері бойындағы малға жайлы құнарлы қоныстарынан айырылып қалды . Біздің байларымыз мал кәсіпшілігімен айналысуға дәрменсіз болып отыр деп Ресей әкімшілігіне шағым хат жолдаған. Осыдан кейін шекараға казактарды қоныстандыру арқылы қазақ жерлерін иемденіп қалды. Қазақ жеріне шекаралық бекіністерді салу жұмысын патша үкіметі 1836 жылға дейін қысы жазы жүргізді. Қатты боран болып жол болмай қалған күндердің бәрінде жұмыс істеді (59 бетте)
1843-1847 жылдары Аманқарағай бекінісінде (Құсмұрын), Орынборлық (Торғай) өте ірі форпостылары салынып болды.Бұл бекіністерді Жаңа (Новый) линия мен Горький линиялар арқылы жабдықтап отырды. (67) Солтүстік Қазақстан жеріне осылайша шетінен сыналай кіріп төріне шығып, жергілікті қазақтардың қарсылығын басып жаныштайтын арнайы әскери үлкен топтарын бекіністерге түпкілікті орналастырып үлгерген.Аманқарағай бекінісінің негізі 1843 ж. қаланды. Орынбор және Сібір Қазақтарының территориясына салынды.Бұл жердің қазақтары Торғай өзеніне қарай қоныс аударып көшіп кетуге мәжбүр болды. Осылайша жергілікті қазақтар малдың жазғы жайылымы жайлауларынан айырылды. 1849 ж. әскерилер мен қазақтар қоныстандырылды. 4,5 млн. десятина құнарлы жерлерден айырылған.
2.Қазақтар мен Ресей арасындағы сауда сабақтастығы.
Қазақ халқының Ресеймен арадағы байланысының алғашқы бағыттарының бірі- сауда қарым-қатынасы болды. Оның жолға қойылып, екі халық арасындағы байланыстың басталуы негізінен қазақ жерінің орыс мемлекеті құрамына қосыла бастау кезеңінен-ақ іске асырылды. Осы аталған уақыттан бастап қазақ даласының Шығыс, Алтай өлкесі де осындай екі жақты қарым қатынасқа тартылып, уақыт өткен сайын ол кең қарқынмен дами түсті.
ХVIIІ ғасырдың бірінші ширегінен басталатын аталған аймақтағы сауда қатынасы алғашында негізінен айырбас ретінде жүрді. Жергілікті қазақтардың осы саладағы саудаланатын басты тауары мал және оның өнімдері болды. Бұлар Ресейлік өнеркәсіптік тауарларына, астыққа, әртүрлі ыдыстарға, әшекей бұйымдарына, шай, қант, жеміс, т.б. тағамдарға, күнделікті қажетті мүліктерге кеңінен ауыстырылды. Осы мерзімнен басталған қазақ-орыс саудасының жергілікті халық тұрмысының дамуындағы маңызы да арта түсті.
Ресей жағынан өнеркәсіп және тұрмысқа қажетті тауарларының қазақ даласына енуі олардың жаңа тұрмысқа тартылуына, қоныс аударып келген орыс шаруаларымен тығыз байланыс орнатуына жағдай жасады. Қазақтар басы артық малдары мен оның өнімдерін өздеріне қажетті тауарларға ауыстыруға мүмкіндік алды. «Орыстар мен қазақтардың ең алғашқы байланыстары,- деп жазды Н.В. Алексеенко,- сауда байланыстары болды. Қазақ даласымен сауда қарым-қатнасы... Ямышево (1720), Семей(1754), Железинкс (1764) қамал кедендері арқылы жүрді. Аталған сауда қатынастары, әсіресе 1758 жылғы Жоңғар мемлекеті талқандалғаннан кейін жедел қарқынмен дами бастады. Алғашқы ақшасыз саудада жалпы айырбас құны бір жылдық тоқты болды.
Ақшасыз айырбас саудасы ХVIIІ ғасыр және ХІХ ғасырдың бірінші жартысында бүкіл дала өңірінің, сонымен қатар, Ертіс жүйесі тау-кен зауыттарының оң жағасын қамтыды. ХVIIІ ғасырда қазақтармен екі арадағы айырбас саудасына негізінен Сібір казактары қатысты.
Орыс – қазақ айыбас саудасы жыл бойы тұрақты түрде барлық орыс қоныстарында жүргізілді. Әрбір казак қонысы олар үшін сауда орталығына айналды,- деп көрсетті Сібір казак әскерлерінің тарихшысы Ф. Усов. Қазақтар айырбас үшін малдарын, тері, жүндерін, т.б. мал өнімдерін әкелді. Осы жерде олар нан, шай, қант, мақта өнімдеріне, әшекей заттарына ауыстырылады. Айырбас сауда, әсіресе, қазақтар мен Алтай таулы өлкесіндегі Кабинеттік шаруалары, сонымен қатар Бұқтырма өңірі казактары арасындағы қызу жүрді. Айырбасталатын тауарлардың ішінде астық өнімдері басым болды». (Алексеенко Н.В. Русские и казахи Верхнего Прииртышья в ХVIIІ-начале ХХ вв. Ленинград., 1967, 25-26 бб.).
Осы аймақтағы орыс-қазақ саудасының алғашқы басталу тарихы туралы өлке зерттеушісі С.Н. Герасимов мынандай мәліметттер береді: «Жоңғарлармен болған соғыстан кейін орыстар бос қалған жоңғарлардың жерлерін өздеріне қаратып, шығыстағы иеліктерін ертіс өзені жағалауына дейін жылжытты. Осы жерде орыс шекаралық жүйесіне жақын келіп, қырғыз-қайсақтар орыстармен сауда қарым-қатынастарын жасай бастады.
Ал бұған жоғары мемлекеттік рұқсат керек болғандықтан 1760 жылы сұлтан Абдул Файз Санк-Петербеург қаласына өзінің елшілері Бек Мырзамен Құдайбергенді жібереді. ...көршілерімен Ертіс жүйесінде сауда қатыныасын жасауға мүдделі орыс мемлекеті 1764жылы Семей қаласынан 15 шақырым жерде... Ертіс өзенінің солтүстік жағалауында кейін Семейдің «Зараечный» слободасының негізі болған ерекше айырбас алаңын негіздеді. 1765 жылы осындай айырбас алаңы Өскемен қамалында, 1765 жылы Железинскіде, ал 1803 жылы Бұқтырмада негізделді».
Аталған кезеңінен басталған қазақтармен ардағы сауданы одан ары дамытып, өркендетуге патша үкіметі алғашқы кезеңінен-ақ мүдделілік көрсетті. Себебі, жергілікті халықпен айырбас саудасы Ресей үкіметіне тиімді болды. Көрсетілген уақытта негізіне қазақтарға сапасыз, Ресейдің ішкі аудандарында сұраныс жоқ өнеркәсіп тауарларын малға, оның өнімдеріне ауыстырды. Осы арқылы Ресей кәсіпорындарын арзан шикізатпен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік туды.
«Даламен сауда жасау,-деп тұжырым жасайды Е. Бекмаханов өзінің зерттеулерінде,- орыс саудагерлеріне аса көп пайда әкелді. Олар мұнда өтпейтін тауарларды әкелумен қатар осы арқылы үлкен табыс тапты. Дала мен екі ортадағы сипаттама жасай отыра А.К. Гейнс былай деп жазды: «Ресейден қырғыздар барлық жәрмеңкелерде өтпеген сапасыз тауарларды алады. Керсінше, бұл қажетсіз бұйымдар қырғыз даласында малға айырбасталып, тиімді өтеді». (Бекмаханов Е. Казахстан в 20-40 годы ХІХ века. А., 1992, 350 б.).
Қазақ даласын зерттеуші А.И. Левшиннің көрсетуінше: «Қырғыздар өздерінің өткізген мал, т.б. шекізат түрлерінің орнына Ресейден әртүрлі темір, шойын және мыс бұйымдарын, мысалы қазан, таған, ертоқым,...қайшы, тері, балта , шалғы, құлып, т.б. сонымен бірге, барқыт, кенеп,...жібек маталары, сандық ... кішкентай айналар, иіскейтін темекі,-ұн, т.б. алады». (Левшин А. И. Описание киргиз-кайсацких или киргиз казацких Орди степей. Спб., 1832, Алматы., 1996, 394 б.). Осы кезеңдегі қазақтардың малының молдығы мен олардың оны көп мөлшерде орыс тауарларына ауыстратындығы жөнінен Батыс Сібір мен қазақ даласын зерттеуші И.Завалишин де көрсеткен, оның айтуынша- «Олар (шекаралық қазақтар – Ғ.Қ.) негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Тері, мал, майы, жүн, т.б. тауарға-темір, тері, көбінесе астыққа ауыстырылады. Мал, қой, жылқыны да олар өте көп мөлшерде сатады.
Қазақтармен екі ортадағы осындай айырбас саудасын жүргізе отыра патша үкіметінің жергілікті әкімшілігі, саудагерлер әрқашан алдауға, малдарын арзан алуға тырысып келді. Мысалы, Ресей көпестерінің ...қарапайым қазақтарды арақ беру арқылы арқылы қалай алдағанын граф Ян Потоцкий төменднгідей мысалмен дөп келтіреді: «қазақтарда айырбастауға ұсынылатын тауарлардың нақты бағасы туралы ешқандай мағұлмат, түсінік жоқ, осы арқылы көпестерге қаншама пайда келіп жатқандығын айтпай-ақ түсінуге болады.
Сонымен бірге Қазақстан аталған кезеңде Ресей өнеркәсіп тауарларының өткізу аймағы ғана болып қалмады. 1829 жылғы Сыртқы істер министірлігінің Николай-1-ге хабарламасында Қазақстанның арзан шикізат байлығын өркендей бастаған өнеркәсіп орындарына пайдалану мәселесі қойылды (Бекмаханов Е. Очерки истории Казахстана ХІХ века. Алматы, 1966, 27-б.).
Қазақ даласындағы айырбас сауданының өркендеуіне орай өсімқорлық кең етек алды. ХІХ ғасырдың ортасында орыс саудагерлерінің едәуір бөлегі жергілікті тұрғындарға тауарларын белгілі мерзімге дейін өспелі қарызға берді. Бұл туралы Сібір өлкесін зерттеуші М. Красовский былай деп жазды: «Саудагерлер, егін шаруашылығымен айналыспайтын казактар қырғыздарды алдау арқылы күн көреді. Олар саудагерлерден келісіммен тауарларды алып, оны қырғыз ауылдарына белгілі мерзімге дейін таратып береді, осы арқылы олар еселеп байиды... Мұндай өсімқорлықтан... татар саудагерлері де қалыспай орыс көпестерінен де артық байыды...» (Бекмаханов Е. Казахстан в 20-40 годы. Алматы., 1992, 69-б.).
Даладағы жергілікті халықпен сауда қарым-қатынастары арқылы патша үкіметі қазақ жеріне кеңінен еніп, оның шаруашылық, әлеуметтік даму жағдайымен молырақ танысуға мүмкіндік алды. Осы мақсатпен 1840 жылдың басында Шығыс Қазақстан, Алтай өлкесі округтері қазақтарының мал саны бірнеше рет саналып, анықталды. Сынақ қортындысы бойынша князь Петр Дмитриевич Горчаковқа берілген мәліметте «Көкшетау,
Қарқаралы, Баянауыл, Ақмола, Аягөз, Көкпекті және Құсмұрын округтерінде 800000-ға дейін жылқы, 200000-ға дейін ірі қара, 3000000-ға дейін қой» бар екендігі көрсетілген.
Империялық қаржы министіріне берген Шекара жүйесі басқармасының соңғы есебі бойынша округтердегі қырғыз малдарының есебі бойынша округтердегі қырғыз малдарының есебі төмендегідей болды: Осы мерзімде жалпы Ресейдің сауда мәселесімен мемлекеттік коммерц коллегиясы айналысып келді, ал Орта жүз қазақтары Ресеймен сауда байланысын Семей қаласы арқылы жүргізді.
...Ресейдің 1758 жылдан бастап сауда жұмысын басқарған обер-директоры Никита Шемякин түсында сауда өркендей түсті. Саудадан түскен салық орыс мемлекетіне мол қазына болып құйылды. Мысалы, мемлекеттік саудадан 1789 жылы 3922 рубль, 90 тиын алынса, 1791 жылы 8380 рубль, 74 тиынға өсті. Семейде 1792 жылы орыс, Сібір және неміс тауарлары 51338 рубльге, ал қазақ, Ташакент және Қытай тауарлары 63800 рубль 94 тиынға жетті. (Мамырұлы Камен. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі. Өскемен., 1994, 178-б.).
Айырбас сауданы одан ары дамыту мақсатында патша әкімшілігі қазақ даласындағы осы мақсаттағы сауда аландарын көбейтуді мақсат етіп қойды. «Оның...халықаралық саудадағы қолайлылығын ескере отыра Елизавета патшаның жарлығымен 1765 жылы Өскемен маңайында айырбас алаңы негізделді. Мұнда ташкенттіктер мен бұхарлықтар үнемі өз тауарларын әкелетін болды, ал қырғыз-қайсақтар,- деп жазады сол кездегі құжаттар, - көп мөлшерде қой, жылқы, жүн, тері сататын».
Ресей өндіріс тауарларын өткізу, оларды шикізатпен қамтамасыз етуге мүдделі патша үкіметі шет аймақтағы сауда өкілдерінің мүддесін қорғауды да үнемі басты назарда ұстап келді. Осы мақсатпен қазақ даласына келген орыс саудагерлері мен өнеркәсіп орындарының өкілдеріне арнайы сауда агенттері, тілмаштар мен жол бастаушылар бөлінді. Олардың алдында қойған мақсаты да капиталистік даму жолына түскен Ресей кәсіпорындарын көп мөлшердегі шикізат көздерімен қамтамасыз ету, арзан қолды өндіріс тауарларын шет аймақтарға мол мөлшерде өтізу болды. Аталған мақсатта үкімет тарапынан саудагерлердің қызметін жеңілдетуде оларды ынталандыру, ірі сауда капиталын қалыптастыру мақсатында т.б. көптеген шаралар қабылданды. Атап айтқанда, патша үкіметі ірі саудагерлерге ресми атақ беріп, ол атақ мұрагерлікке қалатын болды.
Ертіс өзені маңайындағы саудагерлікті дамыту мақсатында Семей облысы аумағында сауда жасайтын саудагерлерге, мешандарға, т.б. бірінші топтағы саудагерлерге екі мың күміс, екінші топтағы саудагерлерге бір мың күміс, үшінші топтағы саудагерлерге 400 күміс рубль капиталы болған жағдайда он жыл сауда салығынан босатылатын болды. Саудагерлер өз есебінен Аягөз, Қапал немесе Көкпекті қоныстарында сауда алаңдарын салуға міндеттелді. Сонымен қатар олардың өндіріс базаларының болуы талап етілді. (Аполлова Н.Г. Хозяйственное освоение Прииртышья в конце ХVІ-первой половине ХІХ в. Москва., 1976, 344-б.).
Қорыта айтқанда, ХІХ ғасырдың бірінші жартысына дейін негізгі ХVІІІ ғасырдың басынан басталған қазақ-орыс саудасы алғашында айырбас ретінде басталып, кейін біртіндеп тауар-ақша қатынастарына ауысты...
Бекіту сұрақтары:
1).17ғ.соңындағы экономикалық дағдарысқа не сбеп болшды?
2). Дәстүрлі қазақ қоғамының бүтін жүйесінің талқандалуына не әсер етті?
63). Сыртқы саудны кімдермен жүргізді?
№16-19 лекция 18-19ғ.ғ. 1-жарт: Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
Негізгі ұғымдар: Жер дағдарысы, экономикалық дағдарыс, сыртқы сауда
Жоспар:
1). Қазақ даласындағыжер мен сауда мәселесі империя саясатында.
2). 18 ғ. 50-60 ж.ж. жер дағдарысы.
Мақсаты: 18ғ.20-30ж.ж.шаруашылық дағдарыстың экономикалы және демографияның салдарымен
18 ғ. 50-60 ж.ж. жер дағдарысыныңтармхын деректер негізінде таныту.
Лекция.
1. Қазақ даласындағыжер мен сауда мәселесі империя саясатында.
Қазақ даласын отарлаудағы империя саясатындағы жер мен сауда қатынастары мәні туралы мұрағат деректерін арқау етпекпіз. Қазақстанның кеңестік дәуіріндегі тарихнама мұрасы әр түрлі болғанымен, деректілігімен басым, құнды. “Көшпенді мал шаруашылығының басымдылығымен байланысты Қазақстандағы феодалдық құбылыстың өзіндік ерекше белгілері болды. Феодалдық формацияның қалыптасуы VI-VII ғасырларда басталды” деген парадигма жасалды. Қазақ қоғамындағы патриархалдық, феодалдық қатынастардың мәні мен ерекшелігі туралы пікір таластар негізінде екі көзқарас пайда болды. Біріншісі - көшпелі мал шаруашылығы жағдайында негізгі өндіріс құралы жер емес, мал; жерге феодалдық меншік болмаған деген көзқарасты жақтағанда, С.Е. Толыбеков, В.Ф. Шахматов, екіншісі –негізгі өндіріс құралы- жер, жерге ( жайылымдарға ) феодалдық меншік болғаны туралы, пікірді жақтаушылар Л. П. Потанов,С.З.Зиманов, Ә.Ерденов, т.б. Жер мәселесі оның меншік нысанына айналуы, қай уақыттада үлкен маңызды мәселе болып келді. Бүгінгі күнде де солай болып қала бермек. Қазақ жерін ресей патша меншігіне нысанына айналдырып алу, мәселесі оны жүзеге асыру жолдары патша үкіметі саясатындағы XIX ғ. екінші жартысындағы қазақ даласындағы империя саясаты мұрағат деректеріндегі, жазбалардағы мәнінде қазақ даласын отарлау ресей патша өкіметі үшін саяси мақсат мұраттары болды. Мақсатты мұраттарына жету жолында, жүз елу жыл бойы саяси шараларын жүзеге асырудың, әкімшілік басқарудың бірнеше тәжіриберелерін қолданып, отарлық мақсаттарына жету жолындағы ізденістерін үнемі тоқтатпай, арнайы комиссиялар құрылып патша үкіметіне есептерін беріп, зерттеу барысындағы өздерінің ұсыныстарын жеткізіп отырды. Осындай бір отарлаудағы басты нысана қазақ жері болды. Қазақ жерін империя меншігіне айналдыру, жолдарындағы ізденістеріне тоқталмақпыз. XIX ғ. II жартысында қазақ даласына әкеліп, қоныстандырылған қазақ әскерлерінің қазақ жеріне ие болуларының, өзі көздеген отарлау әрекеттеріндегі мақсаттарына жетудегі қанағаттанарлық іс болмай шықты. Патша үкіметінің комиссиясының пікірінше қазақ даласына Ресей орыстарын кіргізіп, қазақ даласынан жерге орналастыруда қоныстандыру үшін еркін бейбіт отарлау мақсатына жету үшін, үкіметін қаржы шығынын шығармау, жолдарында қарастыруды назарда ұсталған. Жер шаруашылығымен айналысу немесе өндіріс ашып игеру арқылы, отарлау әдіс тәсілін енгізу қажеттігіне көздерін жеткізіп, жүзеге асыруды жолға қойды. Сол кездегі шаруашылықтың негізі және басты кәсіпшілік көзі мал шаруашылығын ығыстыру, қазақтар үшін емес үкімет үшін де тиімсіз болатын. Төрт түлік мал қазақтар үшін тіршіліктің басты байлығы, күн көріс болса, Ресей үкіметі үшін қазақ малы пайда көзі, сауданың негізгі түрі арзан шикізат көзі еді. Бір ғана мысал. 1841 Батыс Қазақстан бөлігіндегі қазақтар жайықтың ішкі жағына мал шығару, үшін қой басына 2 к, мүізді ірі қара малға 5 к., жылқыға 10 к, түйеге 25 к., күміс ақшамен әр мал басына қазақ әскеріне ақша төледі, 1841 ж Орынбор әскери қазақтарының жеріне жіберілген қазақтардың мал басынан түскен пайда Әскерлер пайдасына 4439 р. 10к. Қазақтар пайдасына 578 р.к күміс ақшамен Қазақ даласындағы орыс келімсектерін қоныстандыруға, алынған жерлер қазақтар үшін шаруашылыққа кәсіпке қолайлы, шұрайлы жерлерден айырылу болды. Қоныс аударушы тұрғандар саны көбейген сайын, қазақтар үшін шаруашылыққа қолайлы жерлер қоры қажеттілігі күшее түсті. Осыдан туындаған жағдайларға байланысты қазақтың көшпенділік ата салтында тықыр таянып, отырықшылық тұрмыс салтына біржолата бет бұрыс жасататын, дәуір кезеңінің тарихи әлеуметтік-экономикалық алға шарттары жасалып жатты.
Үкімет комиссиясы кең байтақ қазақ даласының құнарлы жерлерге орыс келімсектерін қоныстандыруды қарастырып, ығыстыруды көздеген. Бұл пікірімізге үкімет комиссиясының Сібір даласын айналып шығып, көз жеткігендері Сібір округне Семиречинский облысының құрамына кеткен жерлерден тек қана Көкшетау, Атбасар және Семипалатинск округтерінің бөліміндегі жерлері жер шаруашылығы мен егін шаруашылығы мен егін егуден айналысуға тиімді. Ал, даланың азғантай бөлігінен басқа жерлері тек қана мал шаруашылығына, жайылымға ғана жарамды делінген.
Сондықтан егінге қолайсыз жерлерде орналасқан, казактар бірте-бірте жер кәсіпшілігін тастап, сауда мен айналысып кеткен бұның себебі егін кәсіпшілігі тиімсіз болған, өнім түсімі шамалы болғандығынан. Байырғы қазақтар мал шаруашылығымен қатар сауданы кәсіп еткен, және ұсақ өндірістер мен айналысуды да тұрғындар кәсіп еткен.
Орынбор даласының солтүстік бөлігі ғана егін шаруашылығына қолайлы құнарлы жер, сондықтан Орынбор ведомыстволарының линия бойындағы қазақтары жер кәсіпшілігімен жақсы айналысып, өкімдерін өнімдерін саудаға шығарып, сатып отырған. Сол кездегі жергілікті басқарма бастығының хабарламасы бойынша егіннің көп бөлігі тары өнімі болған саудаға тары өнісін көп шығарған делінген.Бұл жағдай қазақ даласында қоныс аударушылар емес жергілікті қазақ халқы XIX ғ. егіншілікпен жақсы айналысып, жер кәсіпшілігін жақсы дамытқан, осыған қарап өкімет комиссиясы таза жермен айналысатын мақсаттағы орыс қоныстанушыларын әкеліп, үлкен жер үлесін қажет ететін және ақшалй жәрдем бөліп өкіметтер аса бір пайда болатынын күтудің қажет болмайтынын түсінген. Қазақ даласындағы қоныстанған орыс тұрғындарының өнеркәсіп пен саудамен айналысқан жағдайларына қарап, саудаға қолайрырақ жағдай бар екендігіне көз жеткізген. Қазақ даласындағы орыс саудагерлерінің сауда да малға айырбас жасайды, сатады сөйтіп өздеріне көп пайда әкелетін болды. Қазақ даласындағы сауданың тиімділігі сондай, тіпті Сібір жеріне қоныстанушылар қалалар мен Ақмола мен Павлодар сияқты пунктерге өтініш білдіріп сауда орталықтарының қызметтеріне айналдырған.
Солардың ішінен Ақмола қаласының сауда орталығына айналудағы ерекше маңызына тоқталмай кетпей болмайды, 1854 жылдары жылына 200 мың рублдің саудасын жасаған болса, комссияның жинаған анықтамалары бойынша он жылдан кейін, яғни 1864 жылы. 12.500,000 рублдің саудасы жасалған қаладағы және қыстақтағы елді мекендердегі Сібір даласындағы жәрмеңкелердің сауда айналымы жылдан жылға өсіп отырған Петропавловскіден жүз шақырым жердегі Тайынша – көл маңына жақын жерде үкіметтің қазақ даласының ішкі жағында жәрмеңкелер рұқсат бергенге шейін болған, жәрмеңке орасан зор мөлшерде болды. Бұл жәрмеңкедегі басты, сауда мал саудасы болды. Мұнда 700,000 қой , 60 000-ға дейін жылқы және ірі қара малдар айдап әкеліп саудаға салынып тұрған.
Басқарманың жарлығы мен бірінші рет ашылған 1867 ж. көктемдегі Ойыл өзенінің бойындағы Орынбор даласындағы. (қазіргі Ақтөбе облысының жеріндегі) жәрмеңкеге 250,000 рублдің тауары апарылған оның 100,000 рублден астамы айырбасталып, сатылған жәрмеңкеден 20,000 бас мал түрлері сатып алынған. Қазақ-орыс арасындағы осындай сауданың алғашқы тәжірибелерінің сәттілігі орыс әкімшілігінің қазақ даласындағы экономикалық байлығының берік болатынына көздерін жеткізіп, Сібірдің ішкі жағында да уездік мекемелерді орналастыруда жақсы орындарды дұрыс таңдап сәтті орналасқан жағдайда Сібір даласындада сауда қалалар көбейіп ондағы сауда орталықтарындағы Орынбор даласындағыдай өсіп өркендеп, табыс көзіне айналатынына сенім арттырды.
Патша үкіметі қазақ даласына қоеыстанушыларға сауда жасауға қолайлы аймақтарды таңдап, ол жерлерде жер кәсіпшілігімен де айналысуға мүмкіндігі бар жерлерден жер үлесін бөліп беруді ұйғарды [6]. Қазақ даласындағы жерлерде орыстарды қоныстандыру мақсатын да көп жер аймағын қамтуды жүзеге асыру үшін, қоныстанушыларға шаруашылық үшін орман ағаштарын тегін беру керектігі үкімет комиссия мүшелері ұйғарды.Сонымен қатар Сібір даласындағы қалаларда да қазақ даласына қоныстанушыларға басқада жеңілдіктерді пайдалануға мүмкін беруі қарастырылды.
Орынбор губерниясының құрылуы жөніндегі ережеге сай қазақ даласындағы әскери казактардың бос жатқан жерлеріне қоныстандыруға рұқсат жасалған болатын . 1863ж. наурыздағы патша үкіметінің облыстық басқармасы жалпы кеңесінің қаулысымен әскери казактардың бос жатқан жерлерін ішкі округтің қазақтарына жалға беру туралы шешім шығарып қаулы қабылдаған.
Қазақ даласына казактар мен басы байлық құқықтан босаған орыс шаруаларын қоныстандыруға көздеген мұраттарының көп жайды аңғартатын саясатының түпкі нәтижесі мәні жөнінде үкімет комиссиясы пікірі былай: «... Водворение русского населения в степи таким естественным путем не потребует жертв от правительства не возбудить неудовольстия киргизов и будет гораздо полезнее и действительнее земледельческих поселении, которая неминуемо стеснили бы киргизов».
Патша үкіметінің отарлық саясаттарының ең бір мықты берік айласы қазақ даласына казактар мен крепостнойлық құқықтан босатылған жері жоқ, орыс шаруаларын қазақ даласына орналастыру арқылы Ресей патша өкіметі үшін екі мәселенің шешімін тапты.Бір деректе “В 1867 году образовано Туркестанское генерал-губернаторство. Мы таких образом врезались далеко в глубь средней Азии, стали в непосредственное соседство с Бухарой. Для русской торговли открылись новые пути и установились новые благоприятные условия”. Қазақ даласындағы империя саясатының қорытындысына тоқталсақ:
Біріншіден, басы байлылық құқықтан босаған орыс шаруаларын қазақ даласына қоныстандырды.
Екіншіден, ресейдің өз жерінде қалып қоныс таба алмайтын үлесті жеріде жоқ, шаруалар “жаңа жерді” игеруге өте ынталы әрі мүдделі болды. Оның үстіне біз жоғарыда көрсеткеніміздей үкімет тарапынан жеңілдіктерде қарастырылған еді.
Үшіншіден, қазақ даласына отарлау мәселесінде қазақ ұлтының тұтастығын бұзды енді қазақ даласы казак, орыс т.б. ұлттан тұратын көп ұлтты империя иелігіне айналды.
Төртіншіден, қазақ жері империя меншігіне айналды. Империя қоныстандыру саясатын жүзеге асыру арқылы қазақ жерінің құқықтық меншігіне еншілес болып, қол сұғып қана қоймай, көздеген қоныстандыру саясаты қазақ даласындағы империяның мақсаттарын жүзеге асыратын мықты байланыс болатын жағдайдың алғы шарттары жүзеге асатын негізі қазақ жеріне иелік ету құқына ие болу арқылы империялық мұраттарына қол жеткізудің негізін қалаған болатын.
Бесіншіден, патша үкіметі актілерінің заңдылығына “негіздеме ” іздегенде басты дәлелі орыс үкіметінің өзінің қол астындағыларға қатысты кезкелген шешімді қабылдау құқығын алды.
Алтыншыдан, қазақ қоғамындағы тархандар институтын жойды. Мұнда да жер мәселесі саясатына қатысты құқықтық пәрмені бар тархандарға берілген жеңілдіктер қарастырылған құқықтан айыру болатын. 1869 жылы сенат жарлығымен тархандар институтын жойды. Осылайша қазақ даласындағы тархандар институты өздерінің қызметін тоқтатты.
Жетіншіден, қазақ – орыс арасындағы сауда алғашында айырбас ретінде басталып, кейін біртіндеп тауар ақша қатынастарына ауысты. Қазақ даласын арзан шикізат көзіне айналдыруда патша үкіметі көпестер мен саудагерлердің күшін пайдаланды. Бұл мақсаттың түпкі саясаты қазақ даласына экономикалық үстемдік қалыптастыру еді.
Достарыңызбен бөлісу: |