4. Студенттердің өздік жұмысы
4.1.Студенттердің өздік жұмысын орындаудағы әдістемелік нұсқаулар
Өздік жұмысының кең таралған және маңызды түрлерінің бірі – ол тәжірибелік сабақтарға және ғылыми конференцияларға студенттермен әзірленетін рефераттар болып саналады. Бұл өздік жұмыстың түрі өте қызықты және маңызды, өйткені ол студентті ғылыми зерттеулерге баулиды. Рефератты дайындау студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарының элементі ретінде оларды аудиторияның алдында сөйлеуге мүмкіндік береді. Осының бәрі, студенттердің рефераттық жұмыстарын басқаруын ұйымдастыруға үлкен жауапкершілік артады.
Рефераттың тақырыбын таңдап алу өте маңызды орын алады, өйткені студенттің өздік жұмысқа деген қызығушылығы, алынған тақырыпқа байланысты болады. Сондықтан, оқытушыға студенттің тақырыпты дұрыс таңдап алуына көмек жасап, рефератты әзірлеу барысында оған жалпы басқаруды қамтамасыз ету қажет.
Рефератты әзірлеуінің бірінші кезеңі - әдебиетті дұрыс таңдау, ол үшін кітапханадағы каталогтарды және басқада библиографиялық нұсқауларды қолданған жөн. Студентті анықтамалық әдебиеттермен, термин – аудармалармен, әдістемелік нұсқаулармен, ғылыми журналдармен қолдануға үйрету қажет.
Екінші кезең – танысу, мәліметті топтастыру және талдау. Ең алдымен тақырып бойынша негізгі құжаттарды оқып, оларды зерттеуден бастау керек. Осы жұмыс барысында тақырыптың негізгі сұрақтары біліне бастайды, олардың реттілігі және бастапқы жоспары. Сонан кейін, жоспардың сұрақтары арқылы барлық зерттелген әдебиет бойынша мәліметті топтастыру қажет.
Барлық мәлімет жиналғаннан кейін, жоспарды ретке келтіріп, рефератты құрастыруға және жазуға кірісуге болады. Бұл реферат әзірлеуінің үшінші соңғы кезеңі болмақ. Ақырында пайдаланған әдебиет тізімін келтіру қажет.
Оқытушыға студенттерді қатал бақылауының қажеті жоқ, керісінше олардың ынтасын марапаттау қажет.
Реферат толығымен әзірленбей тұрып, оқытушы студенттің дайындаған жоспарын қарап шығу қажет.
Рефератты ресімдеу сұрақтары бойынша арнайы кеңес берген жөн.
Рефераттың титулды бетіне университеттің және факультеттің атауын, мамандығын, тақырыбын, өзінің аты – жөнін, жазылған жылын көрсету қажет.
Келесі бетте, цифрлармен белгіленген рефераттың жоспары көрсетіледі.
Жоспардағы сұрақтардың жауабын жаңа беттен бастаған жөн. Рефератты жазу барысында беттерді нөмірлеп, сол жақтан (3 см) жолдарды қалтыру керек.
Ақырғы бетте пайдаланған әдебиеттің тізімі көрсетіледі, олардың жазылуын алдын ала оқытушы студенттерді таныстырады.
Реферат жұмысы аяқталғаннан кейін, оны студент тексеруге оқытушыға тапсырады, сонан кейін барып ол жұмысқа : «сыналды», «сыналған жоқ» немесе «қанағаттандырылған», «жақсы», «өте жақсы» деген баға беріледі.
Рефераттық жұмыстардың есепке алуының жеке журналы болғаны немесе рефераттарды болашақ оқу жұмыстарында пайдалану үшін оқу залында сақтаған жөн.
«Қазақстанның аграрлық қатынастар тарихыны» пәнінен
тест сұрақтары
1 Аграрлық қатынастар тарих пәні нені зерттейді?
-
елдің әлеуметтік және мәдени өмірін
-
көрші елдермен дипломатиялық байланысын
-
елдің экономикалық дамуын, шаруашылық байланысын
-
экономикалық географияны
-
этностық қатынастарды
-
Адамның эволюциялық дамуына әсер еткен тұрақты жағдайдың бірін атаңыз.
-
сауданың дамуына байланысты тауарлардың көп болуы
-
адамдардың бір-біріне туысқандық көзқарасының мол болуы
-
шикізаттың, тұщы судың жеткілікті болуы
-
шетелдік көмек
-
қару-жарақ, еңбек құралдарының молдығы
-
Алғашқы қауымдық құрылыста еңбектің қандай түрі өріс алды?
-
жеке меншікке негізделген еңбек
-
ұжымдық еңбек
-
еңбектің мамандандырылған түрлері
-
еңбекті қанауға негізделген еңбек
-
тек шикізаттіқ бағытта
-
Алғашқы адамдарды Ф.Энгельс өзінің «Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» деген еңбегінде қалай деп суреттеді?
-
мәдениеті біршама жетілген
-
әлі де «жартылай аң», табиғат алдында әлсіз
-
шаруашылықты тез құрастыра білгендігін
-
олардың саны өте көп
-
физиологиялық жағынан өте жетілген
-
Адамзат қоғамы даму барысындағы бір кезең неге матриархат деп аталынды?
-
әйелдердің көп болуынан
-
қауымда әйелдердің жетекші роль атқаруынан
-
барлық жұмысты тек әйелдер істеді
-
олар өте ақылды
-
сұлулығына байланысты
-
Қарахан мемлекетінің билеушісі кім деп аталды?
-
Жабғу
-
Тамғаш хан
-
Қаған
-
Илхан
-
Идиқұт
-
Қерамикалық ыдыстарды адамдар қай кезде жасай бастады?
-
тайпалық одақ кезінде
-
қола дәуірінде
-
ертедегі феодалдық мемлекеттерде
-
таптар пайда болғанда
-
неолитте
-
Моңғол жаулап алуынан кейін пайда болған оң құбылыстардың бірі?
-
қала мәдениетінің тез өсуы
-
жаппай халық санағы басталды
-
халықаралық қатынастардың, сауданың дами бастауы
-
шетелдік мәдениет тез тарады
-
оқу-білім тез қарқынмен өсті
-
Академик В. Бартольд моңғол шапқыншылығы туралы не айтты?
-
стратегиялық жоспарымен қимылдайтын ұйымдасқан әскери бірлестіктер
-
қалай болса, солай ұрысатын жабайы адамдар тобыры
-
орыс мәдениетіне үлкен зиян келтірді
-
бүкіл адамзатқа зиян тигізді
-
ешқандай да қасірет әкелген жоқ
-
IХ-ХIII ғ.ғ. қалаларды арабтардың жаулап алуын неден байқаймыз?
-
қалаларда арабтардың көп болуы
-
араб тауарларының көптігі
-
діни кітаптар көбейді
-
мешіттер салынды
-
мәдениет орындары ашылды
-
IХ-ХIII ғ.ғ. натуралдік айырбасты қандай қатынастар ығыстыра бастады?
-
жеке сауда
-
көтерме сауда
-
шетелдік сауда
-
өнеркәсіптік сауда
-
тауар-ақша айналымы
12. Шад-түтік дегеніміз не?
1. су жүйелерін реттеуші адам
2. әскери бөлімнің басқарушысы
3. қимақ тайпаларының басшысы
4. керуен басы
5. цирк ойыншысы
-
Қазақстан тарихының аса бір қиын кезінде, Жоңғар шапқыншылығы уақытында «қайың сауған» деген сөз пайда болды. Оны қалай түсінесіз?
-
ағаштан түрлі жихаздар жасау
-
аралас орман аудандарындағы жайылымдарды пайдалану
-
ағаштан жасалған үлкен ғимараттар
-
ашаршылықта қайыңның сөлін ішу
-
қайық жасау
14. Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарихи Рашиди» атты еңбегінде қазақ даласындағы негізгі өмірді қалай суреттейді?
1. шалқыған байлық, керемет өмір
2. зәулім сарайлар, ғимараттар
3. өте қымбат бағалы, әшекейлі киім киюге құмарлық
4. еріншектік басқан жалқаулар елі
5. негізгі байлығын жылқы деп есептейді
15. Пақыр (факир) дегеніміз кімдер?
1. қоғамның ең кедей адамдары, зекет салығынан босатылғандар
2. діни ұйымның мүшелерә
3. егіншілер қауымы
4. керуен сарайындағы қызметшілер
5. хан ордасындағы жұмысшылар
16. Кяриздік суландырудың егіншілікте алатын орны қандай?
1. егіншілікте негізгі орын алды
2. үлесі өте аз болды
3. өте сирек қолданылды
4. тіптен қолданылмады
5. деректер жеткіліксіз
17. Қазақтың қай ханы өзін «қазақ пен қалмақтың» ханымын деп жариялады?
1. Тәуекел
2. Тәуке
3. Абылай
4. Есім
5. Жәңгір
18. Төлеңгіттер негізінен қандай қызмет атқарды?
1. елшілік қызметке жұмсалды
2. тек қолөнермен айналысты
3. алыс елдермен сауда жасады
4. кіре тасыды
5. сұлтандардың қызметін атқарды
19. ХVI-ХVIII ғ.ғ. Қазақстандағы жерге феодалдық меншіктің ерекшелігі неде?
1. жердің мемлекет қарамағында болуы
2. қауымдық-рулық меншік нысанында болуы
3. жерге белгілі бір иелік болмады
4. тайпалық меншік
5. тайпалық одақтар
20. Қазақ қоғамындағы әлеуметтік жіктелістің ең жоғарғы сатысында кімдер тұрды?
1. билер мен байлар
2. дін нелері
3. негізгі халық
4. шетел адамдары
5. сұлтандар
21. Қазақ хандығының құрылуын тек Керей мен Жәнібектің көшіп келуіне ғана байланысты кездейсоқ тарихи оқиға деуге бола ма?
1. міндетті түрде солай
2. жоқ, олай емес
3. бұл әлі толық зерттелмеген
4. тарихта жеке тұлғаның ролі өте зор
5. бұл талас тудыратын мәселе емес
22. Егіншіліктің дамуына қандай жағдайлар әсер етеді?
1. егіннің жақсы шығуы
2. егіс көлемінің мол болуы
3. оның өнімдеріне сұраныстың көп болуы
4. егіншілік ауданындағы халықтың тығыз орналасуы
5. халықаралық сауданың дамуы
23. Көш деген өлшемді түсіндіріңіз.
1. малмен бірге көшу
2. бір маусымда бір жұп өгіздің жырта алатын жері
3. керуен көшінің сипаттамасы
4. қоныс аудару, миграция
5. көшпелі елдерге тән түсінік
24. Қазақ хандығында алғашқы халық есебі қашан жүргізілді?
1. ХV ғ.
2. ХVI ғ. басы
3. ХVI ғ. ортасы
4. ХVI ғ. соңы
5. ХVII ғ.
-
Ресейдің Қазақстанға қосылғанға дейінгі қазақ даласына қызығушылығын қандай жағдайдан аңғаруға болады?
екі арадағы дипломатиялық қатынастардың жоғары деңгейде болуынан
-
қазақ даласына фабрика-зауыттардың көптеп салынуынан
-
қазақ даласында зерттеу жұмыстарының басталуынан
-
ауыл шаруашылығына көп көңіл бөлінді
-
мәдениет ошақтары көбейді
26. Қазақ хандығында бір орталықтан басқаратын күшті басқару әкімшілік аппараты болды ма?
1. болған жоқ
2. болды
3. ондай билікке жол берірмеді
4. билік өте жоғары болды
5. деректер жеткіліксіз
27. Қазақ хандығының құқықтық шаралары қандай заң жинағында белгіленді?
1. Ясы
2. Жеті жарғы
3. Шариғат заңдары бойынша
4. Авеста
5. Құран
28. ХV ғ. Қалалар неге қайтадан құлдырай бастады?
1. ұлы Жібек жолы нашар істеді
2. қала әкімшілігінің нашар басқаруы
3. халықаралық қатынастың әлсіреуі
4. салықтың өте жоғары болуы
5. қолөнердің, өнеркәсіптің нашар істеуі
29. Малшылардан жиналатын салық?
1. инджу
2. ұшыр
3. харадж
4. зекет
5. соғым
30. Қазақ хандығы мен шайбанидтер арасындағы ұзаққа созылған күрестің негізгі себебі – Сырдария маңы қалаларының қандай маңызы болды?
1. ең негізгі сауда орталығы еді
2. стратегиялық әскери бекіністер болды
3. өнеркәсібі жақсы дамыды
4. ірі мәдениет орталығы
5. ауа райы өте қолайлы
31. Еуразия кеңістігінде көшпелі өмір салтының дамуы неден?
1. ертеден осындай өмір салты қалыптасты
2. табиғи-климаттық жағдай
3. демографиялық жетімсіздіктен
4. қатынастардың нашарлығы
5. өмір сүруге қолайлы әрі жеңіл болғандықтан
32. Отбасылық қауым қалай құрылды?
1. жақын, қандас туыстардан
2. әр түрлі рулардан, тайпалардан
3. шаруашылық түрлеріне қарай
4. еңбекке жарамды адамдардан
5. қолдағы құлдарды қоса есептегендегі бір отбасы
33. Ғұндардың екінші жаппай қоныс аударуы қашан басталды?
1. Б.э.д. 49 ж.
2. Б.э. 26 ж.
3. Б.э. 49 ж.
4. Б.э. 93 ж.
5. Б.э. 114 ж.
34. Адамның аң аулаудан алғашқы мал шаруашылығына көшуіне қандай жағдай әсер етті?
1. темірді игеру
2. малдың көбеюі
3. алғашқы еңбек бөлінісі
4. еңбек құралдарының жетілуі
5. ақыл-ой, сананың өсуі
35. Академик Н.И. Конрад б.э.д. бірінші мыңжылдықтың ортасында Орталық Азияда тарихи белсенділіктің жаңа көзі пайда болды дейді. Оның негізгі қозғаушылары кімдер?
1. қолөнершілер
2. егіншілер
3. сауда иелері
4. көшпелілер
5. әскерилер
36. Көшпелі мал шаруашылығына өтудің қандай маңызы болды?
1. алысқа көшуге мүмкіндік туды
2. аса үлкен қой отарлары пайда болды
3. жылқы саны көбейді
4. басқа мемлекетке кетуге жағдай туды
5. өндіргіш күштер дамыды
37. Көшпелі шаруашылықтың дамуы қандай жағдайларға байланысты?
1. малдың тұқымына
2. малшының еңбекқорлығына, төзімділігіне
3. көрші тайпалармен ынтымақтастығы
4. табиғатқа
5. жыртқыш аң-құстарға
38. Қарақытай мемлекетінің әміршісі кім деп аталды?
1. Қаған
2. Шаньюй
3. Гурхан
4. Идиқұт
5. Гуньмо
39. Үш феодалдық мемлекеттің – Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ мемлекеттерінің, орталығы болған аса ірі саяси және сауда қаласы?
1. Баласағұн
2. Суяб
3. Охум
4. Атлах
5. Отырар
40. Ұлы Жібек жолының қызметі қашан басталды?
1. Б.э.д. II ғ.
2. Б.э. I ғ.
3. Б.э. III ғ.
4. Б.э. IV ғ.
5. Б.э. V ғ.
41. Қазақ қоғамы дамуында құлдық дәуір болған жоқ, ал құлдар ше?
1. болды
2. болған жоқ
3. ол формацияны аттап өттік
4. құлдарды пайдалану тек құлдық мемлекеттерге ғана тән
5. бұл анықталмаған мәселе
42. Мына көрсетілген тайпалық одақтардың қайсысы суармалық және тәлімілік егіншілікпен айналысты?
1. сақтар
2. ғұндар
3. қаңлылыр
4. үйсіндер
5. массагеттер
43. Ертедегі феодалдық мемлекеттердің бірінен соң бірі келіп, тез-тез ауысып отыру себебі не?
1. әміршілердің ауысуына байланысты
2. халықаралық жағдайдың шиеленісуінен
3. мықты ішкі байланыстың жоқтығы
4. діннің әр түрлілігі
5. әр түрлі этностардың болуы
44. Моңғол феодалдарының жаулап алған елдердегі негізгі саяси бағыты?
1. құлдық қоғам орнату
2. өндіргіш күштерді басқа елдер есебінен дамыту
3. өнеркәсіптік жолға түсу
4. көшпелі тұрмыс пен қырдағы патриархалдық дәстүрді жалғастыру
5. берік, тұрақты халықаралық қатынастар орнату
45. Издольщина дегеніміз не?
1. географиялық аудан
2. зооморфтық ою-өрнек
3. этнотайпалық құрылым
4. сауда термині
5. феодалдық қанау
46. Қаланың цитадель, шахристан, рабад болып бөлінуі нені аңғартады?
1. мәдени орталықтардың көптігін
2. әлеуметтік жіктелісті
3. қала халқының тығыздығын
4. шетелдік саудагерлердің көптігін
5. қала ғимараттарының сәулетін
47. Моңғол шапқыншылығынан кейінгі қазақ даласы туралы жазған шетел елшісі?
1. Рузбехан
2. Аль-Макдиси
3. Плано Карпини
4. Менандр Протектор
5. Ибн Хаукаль
48. Қарабодун деп кімдерді айтамыз?
1. қара нәсілді халықты
2. еңбекші, қарапайым адамдар
3. керуен тартушылар
4. құлдар
5. терең шахталарда жұмыс істейтіндер
49. Дешті Қыпшақ термині нені білдіреді?
1. қыпшақ тайпаларының шаруашылығын
2. қыпшақ мәдениетін
3. қыпшақ қоғамы құрылымын
4. қыпшақ этносын
5. қыпшақ елі мемлекетін
50. Омаш немесе жер-ағаш не үшін пайдаланылады?
1. егістіктің, шабындықтың көлемін анықтау үшін
2. арықтағы, тоғандағы судың мөлшерін білу үшін
3. бұрынғы қазақ үйлеріндегі ең ортаңғы, басты құрылыс материалы
4. халық жиналатын жерге қойылатын белгі
5. жер жырту үшін
51. Конфедерация дегеніміз не?
1. мемлекеттер бірлестігі
2. сауда-саттық бірлестігі
3. қолөнершілер бірлестігі
4. әскери бірлестік
5. егіншілер одағы
52. ХV-ХVIII ғ.ғ. Қазақстанда егіншілік мәдениетінің дамыған орталықтары?
1. Орталық Қазақстан аймағы
2. Еділ, Жайық өзендері бойы
3. Зайсан, Тарбағатай өңірі
4. Оңтүстік Қазақстан даласы
5. Ресейге жақын аудандар
53. Евразия кеңістігіндегі жойлып кеткен ең соңғы көшпелі мемлекет?
1. Башқұрт ұлысы
2. Найман, Керей хандықтары
3. Жоңғар хандығы
4. Моңғол мемлекеті
5. Қазақ хандғы
54. Қай қазақ ханы Бұхар сауда керуенін тонауға тыйым салу туралы жарлық берді?
1. Тәуекел
2. Қасым
3. Тахир
4. Абдаллах
5. Тәуке
55. Қазақ хандығының құрылуының негізгі себептері:
1. халықтардың туысқандық көмегі
2. әлеуметтік-экономикалық даму нәтижесі
3. шектес жатқан отырықшы аудандардын әсері
4. Ұлы Жібек жолы өндірістік қатынастарды дамытты
5. хандардың көрегендігі
56. Суды жоғары шығарудың ең қарапайым құралын атаңыз?
1. шығыр
2. кяриз
3. науа
4. атпа
5. тоспа
57. Ортағасырлық Қазақстанның қай қаласында алғашқы халық санағы жүргізілді?
1. Отырар
2. Сауран
3. Сығанақ
4. Тараз
5. Қойлық
58. Ірі қара мен ешкі қандай шаруашылықта басым болды?
1. байларда
2. кедейлерде
3. егіншілерде
4. орта шаруада
5. қала адамында
59. Сойургал деген не?
1. керуен жолдарының бірқалыпты жұмыс істеуі
2. зергерлік бұйымдарды жасаудың цехтық түрі
3. үш-төрт жасар жылқы
4. үлкен қорғандар тізбегі
5. иктаның жалғасы
60. Қазақта «қайың сауған» деген сөз қай кезде пайда болды?
1. қыпшақ дәуірінде
2. Моңғол шапқыншылығы тұсында
3. Алтын Орда кезінде
4. Жоңғар шапқыншылығы кезінде
5. Қоқан езгісі уақтысында
61. Б.э.д. I мыңжылдықтың орта кезіндегі тайпалық одақтарды қоғамдық құрылысы жағынан қалай деп атады?
1. мемлекет пайда болар алдындағы саты
2. мемлекеттің толық құрылған кезі
3. алғашқы қауымдық құрылыс
4. этностардың қалыптасу кезі
5. нәсілдердің шығу уақтысы
62. Сақ қоғамындағы кейбір жеке ру отбасыларының қолында байлықтың жинақталуына не әсер етті?
1. құнарлы далалық алқаптар
2. мол су көздері
3. мол соғыс олжалары
4. кен көздерін игеру
5. малдың тез және көп өнім бере алатындығы
63. Алғашқы қалалардың бірінші басталу орталығы не?
1. керуен сарай
2. базар
3. феодалдық бекініс
4. мәдени орындар
5. әмірші резиденциясы
64. Мал шаруашылығының үш түрінің қайсысы бірінші пайда болды?
1. толық көшпелі
2. жартылай көшпелі
3. отырықшы
4. толық және жартылай көшпелі
5. барлық түрі бір мезгілде
65. ХI- ХII ғ.ғ. Тараз. Яссы және басқа қалаларда кең таралған ақша-монета?
1. динар
2. дирхем
3. фельс
4. теңге
5. пұл
66. Қалан дегеніміз не ?
1. терісі бағалы су жануары
2. сұлтандар үшін жиналатын салық
3. әскери міндет
4. аңшылық сәтті бейнелеген жартас суреті
5. діни сенім
67. Отағасырлық Қазақстандағы ең ірі ақша шығару орталығын атаңыз
1. Отырар
2. Тараз
3. Яссы
4. Сығанақ
5. Құлан
68. Қазақ хандығының Ресейге алғашқы елшілігін кім басқарды?
1. Ораз Мұхаммед
2. Қадырғали Жалаири
3. Қолтыбай Аталықов
4. Келдей мырза
5. Құл Мұхаммед
69. Мүлік дегеніміз не?
1. жерге жеке меншік
2. бөлініп шыққан жас отбасына бөлінген енші
3. қыздың жасауы
4. жиналған егінді бөлу шарты
5. сайлау ережесі
70. Егіншіліктен жиналатын салықты не деп атайды?
1. зекет
2. ұшыр
3. харадж
4. мердігер
5. жамалға
71. Қасым хан тұсында әскер саны қанша болды?
1. 58 мың
2. 110 мың
3. 200 мың
4. 235 мың
5. 250 мың
72. Жалшы дегеніміз кімдер?
1. әскердің қосымша жұмысының шаруашылық тобы
2. егін етуге жалға жер алған адамдар
3. қаладағы майда саудагерлер
4. зергерлер
5. кедей батрактар
73. Жоңғар феодалдары Қазақстанға қашан алғаш басып кірді?
1. ХVI ғ. соңы
2. ХVII ғ. бірінші ширегі
3. ХVII ғ. 40-жылдары
4. ХVII ғ. соңы
5. ХVIII ғ. басы
74. Жоңғар хандығы әміршісінің лауазымы?
1. Инальчик
2. Тамғаш хан
3. Тебен Барсхан
4. Жабғу
5. Қоңтайшы
75. Қазақ егіншілері арық-тоған суларын қалай өлшеді?
1. амфора
2. аршын
3. кум
4. құлақ
5. шелек
76. Мал шаруашылығының толық сипаттамасын ашып көрсеткен қай автор?
1. Руденко
2. Зиманов
3. Георгий
4. Рычков
5. Паллас
77. «Таста жан жоқ, сұлтанда мейірім жоқ» деген қазақ мәтелін қалай түсінесіз?
1. тасты қажетіңе қарай еркін пайдалануға болады
2. сұлтандардың бай болуы
3. байлардың аса қатыгез болуы
4. қазақ қоғамындағы әлеуметтік топтар арасындағы арақатынас
5. үстем тап өкілдерінің тастан сарай салдыруға құмарлығы
78. Ортағасырлық тарихшы Рузбехан қазақ саудагерлерінің сауда қызметін қалай деп бағалады?
1. қазақтардың саудаға ешқандай да икемі жоқ
2. қарапайым алыс-беріс
3. тек бұхар, орыс көпестерінің айтуымен ғана жұмыс істей алады
4. жоғары дәрежедегі дамыған сауда
5. қазақтарды тек тауар тасуға пайдаланды
79. Ресейдің Қазақстанмен шектес аудандарында сауда жасайтын қазақ, өзбек саудагерлері үшін патша әкімшілігі қандай жағдай жасады?
1. пошлина салығын көтерді
2. оларды шеқараға жолатпау туралы жарлық берді
3.оларға ешкімнің тимеуін және керуенді қорғауды жергілікті басшылардан талап етті
4. қысымшылық жасады, кемсітті
5. сауда тепе-тең болмады
80. Тархан дегеніміз не?
1. қуан далада тары өсірушілер
2. ағаш бөшке жасаушы
3. бекітіліп берілген жерден салық төлемеу құқығы
4. орта ғасырлардағы зеңбірек
5. керуен жолдарындағы бекетші
81. Алтын Орда кезінде қаражат бөлімін және салық жинауды не деп атады?
1. даруға
2. дафтар
3. дуан
4. датқа
5. дирхем
82. А.Гумилев Русь пен Дала арасындағы қатынасты қалай деп бағалады?
1. үнемі алакөз болып, қастасумен өтті
2. татулықта болды. Қиын кездерде бір-біріне көмекке келді
3. діндері басқа болғандықтан, бастары қосылмады
4. ол кезде халық сирек болғандықтан, олардың бір-бірі туралы ешқандай хабары болмады
5. ол кездегі өндіргіш күштер деңгейі тек өздерін ғана қамтамасыз етуге жарайтын еді
83. Жұт дегеніміз не?
1. тамақ ішу, жұту
2. аңшылық тәсілі
3. қаша жүріп соғысатын көшпелілердің партизандық ұрыс тактикасы
4. малдың жаппай қырылуы
5. қоланы игеру барысында алынған алғашқы қорытпа
84. Әбілқайыр хандығы қашан пайда болды?
1. 1378 ж.
2. 1396 ж.
3. 1413 ж.
4. 1428 ж.
5. 1535 ж.
85. Қазақ хандығы кезіндегі дамуды қандай қоғам деп атауға болады?
1. рулық
2. феодалдық
3. алғашқы қауымдық құрылыс
4. алғашқы капиталистік
5. матриархаттық
86. Мыналардың қайсысы қазақ өлшеміне жатады?
1. Дактиль
2. Амматум
3. Ли
4. Фарсах
5. Қарыс
87. Қазақтың киіз қай кезде пайда болды?
1. қола дәуірінде
2. ғұн заманында
Достарыңызбен бөлісу: |