Файл-сервер. Желілік кіру кезінде ДБ жүйесінің архитектурасы желі машинасынан біреуін орталық (файлдар сервері) ретінде алуды жоспарлайды. Ондай машинада бірге пайдаланылатын орталықтандырылған ДБ сақталады. Желінің барлық басқа машиналары жұмыс станциялары функциясын орындайды. Деректер базасының файлдары сұраныстарын жұмыс станцияларына жібереді, онда негізінен өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Файл-сервер концепциясын 1-суретте шартты түрде суреттелген.
Клиент-сервер. Бұл концепцияда орталықтандырылған деректер базасын сақтаудан басқа орталық машина (деректер базасының сервері) деректерді өңдеудің негізгі көлемін орындауды қамтамасыз ету керек. Деректерге сұраныс беру іздеуді және серверден деректерді алуды тудырады. Табылған деректер (файлдар емес) желі бойынша серверден клиентке жіберіледі. Клиент-сервер архитектурасының спецификасы SQL сұраныстар тілін пайдалану болып табылады. Клиент-сервер концепциясы 2-суретте суреттелген.
1-сурет. Файл-сервер концепциясы
1-сурет. Клиент-сервер концепциясы
ДБ қойылатын жаңа талаптар
80-ші жылдардың аяғында ДБ үшін жұмыстың жаңа шарттары пайда болды: ақпараттың үлкен көлемі көптеген жерлерде туындайды (мысалы, көтерме-бөлшек сауда, полиграфиялық және басқа өндірістер); деректердің үлкен санының басы орталық болуы мүмкін, бірақ бұл деректерге перифериямен бірге тез кіру желісі қажет (бір графикпен істейтін географиялық бөлінген өндіріс). Сонымен қатар деректер орталықпен сұралуы мүмкін. Жылдам сұраныстарда пайдаланылатын деректердің үлкен көлемі бар (авиа – және темір жол билеттерін сату).
Орталықтандырылған ДБ жаңа талаптарды қанағаттандыра алмады.
Деректердің берудің тез таралатын желілері, ДК сыртқы жады көлемінің жылдам ұлғаюы 80-ші жылдарда оның арзандау кезінде бөлшектелген ДБ (БДБ) кең ендіруге көмектесті.
БДБ артықтылықтарына мыналар жатады:
БДБ құрылымының кәсіпорын құрылымына сәйкестігі;
жергілікті ДБ-мен тығыз байланысты болуы;
тораптарды орталықтандырудың кең мүмкіндігі;
ақпаратқа тәуелсіз кіру, деректерді беру құнының төмендеуі (деректерді тығыздау және концентрациялау негізінде);
жоғары жүйелік сипаттамалар;
іс-әрекетті модульді өндіру, аппараттық құрылғылардың көптігі, программалау объекті-қалыптамалы жүйені пайдалану;
файлдарды олардың белсенділігіне сәйкес бөлу мүмкіндігі;
стандарт интерфейс арқылы жергілікті ДБ тәуелсіз құру.
Сонымен қатар БДБ өте қиын құрылымы бар. Бұл қосымша мәселелердің туындауына әкеледі (Деректердің уақыт бойынша сәйкес келмеуі, жаңарту және сұраныс процестерінің сәйкеспеуі, телекоммуникациялық ресурстарды пайдалану, қосымша қосылған жергілікті ДБ жұмыс істеу есебі).
Күрделі мәселелер бірдей, көбінесе реляциялық деректер базасымен біртекті (гомогенді) жергілікті ДБ БДБ ортасында интеграциялау кезінде туындайды.
Егер жергілікті ДБ деректердің әртүрлі модельдерін пайдалану арқылы құрылса (біртекті емес, гетерогенді БДБ), мәселелер әлдеқайда қиындай түседі.
Бөлшектелген деректер базасы (БДБ) – логикалық интегралданған және территориялық бөлінген ДБ, ақпаратты құру, енгізу және өңдеуге арналған жүйе.
Бұл ақпарат деректерді беру желісі арқылы байланысқан әртүрлі ЭЕМ-де сақталатындығын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |