2 пән аж-дегі мәліметтер базасы Мәліметтер қорын жобалау



бет10/20
Дата23.05.2023
өлшемі0.84 Mb.
#474128
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
База Данных

Ақпараттық жүйе ұғымы. Ақпараттық жүйенің даму этаптары. Ақпараттық жүйенің базалық типтері. Ақпараттық жүйенің құрылымы. Ақпараттық жүйенің архитектурасы. «Файл-сервер» және «Клиент-сервер» архитектурасына сипаттама.

Ақпараттық жүйелер дегеніміз ақпаратты жинауға, сақтауға, іздеуге, талдауға және таратуға бағытталған қолданбалы бағдарламалық өнім. Ақпараттық жүйелер кіріс ақпаратты (қандайда бір мәліметтер, нұсқаулар) және шығыс ақпаратты (есептеу, есептеулер) қамтиды, яғни ақпараттық жүйелер кіріс ақпараттарды өңдеп, шығыс ақпараттарды нәтиже ретінде береді. Амалдарды, әрекеттерді бақылап отыратын кері байланыс механизмі де жүзеге асырылынады. Басқа жүйелер сияқты ақпараттық жүйелер де қоршаған ортада болады.


Ақпараттық жүйелердің құрамына кіретін типтік бағдарламалық компоненттер жүзеге асырады:
- енгізу/шығару диалогын;
- диалог логикасын;
- мәліметтерді өңдеудің қолданбалы логикасын;
- мәліметтерді басқару логикасын;
- файлдармен немесе мәліметтер қорын басқару әрекеттерін;
Соңғы уақыттарда мекемелерде корпоротивті ақпараттық жүйелерді тұрғызу маңыздылығы қазіргі таңдағы шарттарда бизнесті басқарудың қажетті инструменті ретінде қарастырылып отыр.
Корпоративті ақпараттық жүйелер – бағдарламалық қамтамасыздандыру орнатылған және бапталған арнайы бағдарламалық өнім және есептегіш аппараты платформаның жиынтығы.
Корпоротивті ақпараттық жүйелерге маңызды әсер ететін 3 факторды ерекше атауға болады;

  1. мекемені (кәсіпорынды) басқарудің әдістемесін дамыту;

  2. компютерлік жүйелердің жалпы мүмкіндіктері мен өнімділігін дамыту;

  3. ақпараттық жүйелердің элементтерінің техникалық және бағдарламалық жүзеге асырылу тәсілдерін дамыту;

Әр факторды жекелей қарастырайық:
1) Мекемені басқарудың теориясы өте кең пән ретінде қарастырылады, сондықтан үнемі оқып үйрену мен дамытуды талап етеді. Бәсекелестіктің өсуіне байланыстыкомпания жетекшілеріне нарықты өздерінің бар болуын сақтап қалатын жаңа әдістерді іздеуге мәжбүрлейді . Сол себептен қазіргі замандық ақпараттық жүйелер менеджмент теориясы мен практикасындағы жаңа кірістірулермен қатар жүру керек;
2) Компютерлік жүйелердің қуаттылығы мен өнімділігі прогресі, желілік технологиялар мен мәліметтерді жіберу жүйесінің дамуы, компютерлік техниканың әртүрлі жабдықтармен интеграциясының кең мүмкіндіктері қпараттық жүйелердің өнімділігі мен қызметін үнемі дамытып отыруды талап етеді..
3) Ақпараттық жүйелердің аппараттық бөлігінің дамуы мен бірге соңғы жылдары ақпараттық жүйелердің бағдарламалық – технологиялық жүзеге асырылуының жаңа, неғұрлым ыңғайлы және әмбебап әдістерін іздеу тұрақты жүріп жатыр. Соңғы уақытта ақпараттық жүйелердің дамуына үлкен әсер еткен маңызды жаңалықтар мыналар болды:
1) Бағдарламалаудың жаңа тәсілі , яғни объектілі – бағдарлы бағдарламалау тілінің пайда болуы.
2) Желілік технологиялардың дамуына байланысты локальді ақпараттық жүйелер клиент – серверлік және көп деңгейлі ақпараттық жүйелермен ауыстырулыда.
3) Интернеттің дамуы қашықта орналасқан бөлімшелермен жұмыс жасау мүмкіндігін берді. Интернет арқылы сатып алушыларға қызмет көрсете отырып, электронды комерцияның келешегін ашып берді. Мекеменің ішкі желісінде интернет технологияларында, яғни интернет - технологияларды қолдану жетістіктерін берді.
Корпоративті ақпараттық жүйелердің негізгі құраушылары :

  1. Мекеменің компютерлік инфрақұрылымы. Ол желілік, телекомуникациялық, бағдарламалық, ақпараттық және ұйымдастырушылық инфрақұрылымдар жиынтығы.

Мекеменің компютерлік инфрақұрылымын корпоративті желі деп те атайды.
2) Өзара байланысқан қызметтесішкі жүйелер: Бұл мекеменің есептерін шешуді және мақсаттарға жетуді қамтамасыз етеді.
Ақпараттық жүйелердің жіктелуі.
Ақпараттық жүйелер әртүрлі белгілеріне байланысты жіктеледі:
1) Масштабы бойынша жіктелуі.
- дара ақпараттық жүйелер;
- топтық ақпараттық жүйелер;
- корпоративті ақпараттық жүйелер.
2) Ұйымдастырушылық құрылымы бойынша жіктелуі.
Әдетте мекеме мынандай құрылымдық бөлімшелерден тұрады: бөлімдер, топтар, департаменттер. Мысалы: ПМУ → факультет → кафедралар.
­- Департаменттер үшін ақпараттық жүйелер – бірнеше қолданбалы бағдарламалар бір қызмет аймағында н/е департаментте қолданылуы мүмкін және олар бір-бірімен тәуелді болуы мүмкін н/е тәуелді болмауы да мүмкін.
- Мекеменің/кәсіпорынның ақпараттық жүйелері – департаменттердің барлық қосымшаларының жиынтығы;
- Ұйымдар (мекемелер/кәсіпорындар) арасындағы ақпараттық жүйелер бірнеше мекемелерді (партнерларды) байланыстырады.
3) Қызмет аймағы бойынша жіктелуі.
- Партнерларды өңдеу жүйесі – қайталанатын, көп есептерді және әрекеттерді қолдайды, сондай-ақ орындаулар штатын. Транзакцияларды өңдеу жүйесі мәліметтерді өңдеу жылдамдығына байланысты пакетті ақпараттық жүйелер және жедел ақпараттық жүйелер деп бөлінеді.
Ұйымдастырушылық басқарудағы ақпараттық жүйелерге транзакцияларды өңдеудің оперативті режимі қолданылады. (OLTP – Online Transaction Proccessing) - уақыттың сәтінде пәндік аймақтық өзекті жағдайын бейнелеу. OLTP жүйесі үшін қарапайым транзакциялардың (тапсырыстар, төлемдер, сұраныстар) жеткілікті түрдегі қарқынды ағыны сәйкес келеді.
Қойылатын талаптардың маңыздылығы:
1) транзакцияларды өңдеудің жоғары өнімділігі;
2) телекоммуникация бойынша мәліметтер қорына қашықтан кіруде ақпараттың жету кепілдемесі.
- Менеджменттің ақпараттық жүйесі – менеджменттердің қызметтік әрекеттерін қолдайды;
- Офистік автоматтандырылған жүйе - офистік қызметкерлер үшін;
- Шешімдерді қабылдау жүйесі - менеджерлер мен аналитиктердің шешімдер қабылдануында қолданылады;
- Орындаушылық ақпараттық жүйелер – жоғары басқарушылардың шешімдерін қолдайды.
- Интеллектуалды ақпараттық жүйелер.
- Ақпараттық – анықтамалық жүйелері.
5) ақпараттық жүйелердің ұйымдастыру тәсілі бойынша жіктелуі.
- файл-сервер архитектурасы;
- клиент-сервер архитектурасы;
- көпдеңгейлі архитектурасы;
- Интернет/Интернет технологиялары негізінде.
Ақпараттық жүйелерді жобалау негізгі үші аймақты қамтиды:

  • мәліметтер қорында жүзеге асатын мәліметтер объектілерін жобалау;

  • мәліметтерге сұранысты орындайтын бағдарламаларды, экрандық формаларды, есептерді жобалау;

  • нақты ортаны немесе технологияны есепке алу, атап айтқанда, желі топологиясы, архитектураны, таратылған мәліметтерді өңдеуді, параллельді өңдеуді қолданатын аппараттық құралдардың конфигурациясы (файл-сервер немесе клиент-сервер).

Ақпараттық жүйелерді жобалау жобаның мақсатын анықтаудан басталады. Жобаның мақсаты - жүйені бастау сәтіндегі және оны қолданатын барлық уақыт ішінде қамтамасыздандырылуды қамтитын бір қатар өзара байланысқан есептердің шешімі.

Ақпараттық жүйенің архитектурасы


Қазіргі таңдағы ақпараттық жүйе формасы болып мәлімет банкілері болып табылады. Олардың құрамына ЭЕМ базасындағы есептеуіш жүйе, МББЖ, бір немесе бірнеше МБ, қолданбалы бағдарламалар құрамы (қосымшалар).
МБ-сы мәліметтерді сақтауға, мәліметтерге тиімді және тез қолжеткізуді қамтамасыз етеді. Мәліметтер МБ ішінде сақталатын ақпаратты білдіреді.
МББЖ МБ құруға, енгізуге және қолдаудың тілідік және бағдарламалық тәсілдер жиынтығын білдіреді. Қолданыс типі бойынша МББЖ персоналды және көпқолданушылық болады. Персоналды МББЖ бір компонентте жұмыс істейтін локалды МБ-сын құруды қамтамасыз етеді. Персоналды МББЖ‑ге Paradox, dBase, FoxPro және т.б. жатады.
Көпқолданушылық МББЖ «клиент‑сервер» архитектурасында жұмыс істейтін ақпараттық жүйелерді құруды қамтамасыз етеді Көпқолданушы МББЖ-ге Oracle, Informix, SyBase, Interbase және т.б. жатады.
Қазіргі таңдағы МББЖ құрамына мәліметті сипаттау, оны басқару, құрылымдық сұраным тілі жатады (SQL). SQL халықаралық стандартқа ие. Бірақ оның бірнеше диалектілері бар.
Қолданбалы программалар (қосымшалар) мәліметті өңдеуге қызмет етіп, МБ-да сақталады. Қолданушы қосымшаларды қолдана отырып МБ-мен жұмыс істейді. Локалды мәліметтер базасында МБ және қосымша бір компонентте орналасады, ал алыстатылған МБ-да қосымша мен МБ бөлек орналасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет