Сурет 2. ДБ жобалау сатылары
Пәндік облыстың жүйелік анализі
Жүйелік анализ шеңберінде ДБ жобалау көзқарасымен бірінші сатыны жүзеге асыру қажет, яғни пәндік облыстың объектілерін және суреттелетін объектілер арасында бар нақты байланыстарды ауызша суреттеу. Берілген суреттеу пәндік облыс объектілері арасындағы барлық байланысты анықтауға мүмкіндік беретіндей болуы керек.
Жалпы пәндік облыстың құрамы мен құрылымын таңдауға екі нұсқа бар:
Функционалды нұсқа — ол «есептерден» қатынас принципін өндіреді және қарастырылып отырған ДБ құруға арналған ақпараттық қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін есептер кешені мен қандайда бір топтардың функциялары белгілі болғанда қолданылады. Бұл жағдайда біз суреттелетін пәндік облыс объектілерінің минималды қажетті жиынтығын нақты қарастыруға болады.
Пәндік нұсқа — ДБ пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктері қатаң белгіленіп отырмаған кезде. Олар көпаспектілі және динамикалық болуы мүмкін. Суреттелетін пәндік облыс объектілерінің минималды жиынтығын нақты бөліп қарастыра алмаймыз. ДБ пәндік деп аталады, яғни ол көптеген әр түрлі, алдын-ала анықталмаған есептерді шешу кезінде пайдаланылуы мүмкін.
Көбінесе практикада бір жағынан нақты есептерге немесе пайдаланушылардың функционалды қажеттіліктеріне негізделген қандайда бір нұсқалар ұсынылады, екінші жағынан жаңа қосымшаларды өсіру мүмкіндігі есепке алынады.
Жүйелік анализ нақты есептерді шешуге және ДБ сақталуға қажет пәндік облыстың объектілері туралы ақпаратты толықтай суреттеумен аяқталуы керек.
Пәндік облыстың инфологиялық моделі (ИМ) – бұл бағдарламалық және техникалық әдістерді қолдануға ориентациясыз орындалған пәндік облысты суреттеу. Пәндік облыс туралы бастапқы шарт кіреді. ИМ құру сатысы инфологиялық жобалау деп аталады.
ДБ даталогиялық немесе логикалық жобалау, яғни деректердің даталогиялық моделімен қабылданған терминдерде ДБ суреттеу.
Деректер базасының даталогиялық модельі (ДМ) – логикалық деңгейдегі модель, логикалық байланыстарды суреттеу мен оларды сақтау ортасына қатыссыз деректер элементі арасын көрсетеді. Жобаланатын деректер базасында, ДББЖ-де пайдаланылатын ақпараттық бірлік терминінде құрылады. ДМ құру сатысы даталогиялық жобалау деп аталады. ДББЖ тілінде Деректер базасының логикалық құрылымын суреттеу схема деп аталады.
Физикалық модель (ФМ) – сақтау ортасына даталогиялық модельді байланыстыру үшін пайдаланылады. ФМ жобалау сатысы физикалық жобалау деп аталады. Деректер базасының физикалық құрылымын суреттеу сақтау схемасы деп аталады.
ДБ физикалық жобалау – бұл қосымшаның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған сыртқы тасымалдағыштарға ДБ тиімді салуды таңдау.
Физикалық жобалау нәтижесі сақтау ортасына даталогиялық модельді байланыстыру үшін пайдаланылатын физикалық модель болып табылады.
Егер логикалық модель ақпарат құрылымын және сұралған ақпаратты іздеу үшін қажет орындалатын операциялар құрамының көзқарасымен деректер базасын тиімді салуды анықтаса, онда физикалық өндіру ақпараттың элементін іздеу операциясын орындау тиімділігін анықтайды. Деректер базасын басқарудың қазіргі жүйесі деректердің логикалық құрылымын автоматты түрде көрсетуді физикалық жадыға өндіреді және іздеу процедураларының жиынтығын көрсетеді.
Деректер базасының физикалық өндірілуі келесілерді қарастырады:
Деректерді физикалық сақталуын ұйымдастыру;
Деректердің қажетті элменеттерін іздеу процедураларын анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |