2 пән аж-дегі мәліметтер базасы Мәліметтер қорын жобалау


Мәліметтер қорын басқару жүйесі



бет7/20
Дата23.05.2023
өлшемі0.84 Mb.
#474128
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
База Данных

Мәліметтер қорын басқару жүйесі. MS Access МҚБЖ-мен жұмыс жасау негіздері. MS Access-тегі мәліметтер типтері. MS Access мәліметтер қорының обьектілері және олардың қызметі.
Microsoft Access -1993 жылы ең танымал МҚБЖ-нің (Мәліметтер Қорын
Басқару Жүйесі) бірі болды. Access – сөзі, ағылшын тілінен аударғанда « КІРУ » (доступ) – деген сөзді білдіреді. Талқыланған, индекатифті және интегралданған қосымшаны құру Access жүйесінің иілгіштігіне қарамастан, қосымша программалау
көмегімен белгіленеді. Бұл информатикадан лобораториялық жұмыстар жүргізу мақсаты, өткен материялдарды қайталау емес, жаңа тақырыптарды ұғыну процесіне байланысты. Қазіргі заманда программалаудың және информацияны өңдеуде негізгі тамырының бірі Microsoft Access программасы кеңтүрде қолданылады. Мәліметтер қоры- бұл адам қызметіндегі әртүрлі салаға қатысты ақпараттарды сақтайтын жүйеленген орын. Компьютер пайда болғанға дейін бұл ақпараттардың барлығы папкада немесе картотекаларда сақталған. Әрбір қағаз бетінде немесе карточка, мәліметтерді толтыру үшін қалдырылған бос орындары бар форма бланкы басылған. Мысалы: студенттердің жеке карточкасында фамилиясын,атын,әкесінің атын,туған күнін т.б. мәліметтерді көрсететін графаларды толтыру керек болды. Жеке студентке қатысты ақпараттар бірнеше карточкаларда сақталды. Бұл жағдай қызметкерлер үшін қолайсыз болды. Керекті ақпаратты іздеу тіптен қиын болды. Анықтама алу үшін жүздеген жеке корточкаларды ақтаруға тура келді.
Microsoft Access МҚ пайда болып көптеген проблемаларды жоюға мүмкіндік берді. Microsoft Access қазіргі заман талаптарына сай мәліметтерді өңдеу, жинақтау, тарату және сақтау жұмыстарын атқарады. Access – бұл , ең алдымен МҚБЖ. Осы категориядағы басқа жүйелер сияқты , ол деректерді сақтау және іздеу, ақпаратты ыңғайлы түрде және жиі қайталанатын операцияларлы автоматтандыру (есеп, тіркеу, жоспарлау және т.б. да кіріспелер). Access арқылы жай ыңғайлы форма деректерін енгізуді өңдеуге және күрделі есептер беруге болады.
Access Windows-тің қуатты қолданушысы МҚБЖ- ның өнімділігі.__Access-ті іске қосу үшін Windows жұмыс үстелі арқылы Іске қосу —> Программалар —> Microsoft Access командасын беру жеткілікті. ДҚ құруға не оны ашуға арналған сұхбаттық терезе көрінеді. Жаңа ДҚ құру үшін "Жаңа ДҚ" жолын шерту керек. Оның "Бума" өрісіне енгізілген тізімнен жаңа ДҚ орналастырылатын буманы таңдау және "Файл аты" өрісіне құрылатын БҚ атауын енгізу керек. Одан әрі "Құру" батырмасы шертілуі тиіс. Экранға ДҚ терезесі шығады.
Қор терезесінде ДҚ құрамындағы алты объектімен жұмысты бастауға арналған жет қондырма бет бар: Кестелер, Сұраныстар, Формалар, Есептер, Беттер, Макростар, Модульдер. Олардың алғашқы төртеуі негізгі объектілер.
Кесте – бұл деректерді сақтауға арналған объект. Әрбір кесте нақты өмірдің қандай да бір объектісі жөнінде ақпараттан тұрады, мысалы фирма клиентері туралы ақпарат. Кесте тақырып жолынан және кесте денесінен тұрады. Тақырып объект атрибуттарының атынан (бағандардан) және олардың қасиеттерінен құралады, мысалы клиенттің тегінен, телефон нөмерінен және мекен – жайынан тұруы мүмкін. Кесте денесі кортеждерден (жолдардан) құрылады, әрбір жол бағандардың бірнеше мәндерін береді, онда объектінің нақты экземпляры туралы деректер сақталынады.
Әрбір кесте үшін бастапқы кілтті анықтауға болады, ол әрбір жолдың, жазбалардың реттелуін қадағалайтын бір немесе бірнеше индекстердің ерекшеліктерін және басқа қасиеттерді қамтамасыз етеді.
Сұраныс – бұл қолданушыға қажетті деректерді бір немесе бірнеше базалық кестелерден және басқа сұраныстардан алуға мүмкіндік беретін объект. Сұраныста деректер қанағаттандыра-тындай белгілі бір шарттарды көрсетуге болады. Соның нәтижесінде сұраныс ДҚ-да сақталатын үлкен ақпарат ағынынан тек қажеттілерін ғана алуға мүмкіндік береді. Сұранысты құру үшін үлгі бойынша сұранысты (QBE) немесе SQL инструкцияларын қолданады. Деректерді жаңартуға, таңдауға, жоюға және қосуға арналған сұраныстарды құруға болады. ДҚ-да бар кестелерге және олардағы мәліметтерге сүйене отырып сұраныс көмегімен басқа да жаңа кестелер құруға болады.
Форма – негізінен деректерді енгізуге, оларды экранда бейнелеуге немесе қосымша жұмысын басқаруға арналған объект. Формалар тапсырушының қажетті деректерді кестелерден және сұраныстардан беру талаптарын жүзеге асыруда қолданылады. Формаларды баспаға шығаруға болады. Форманың көмегімен қандай да бір іс – қимылға жауап ретінде деректердің нақты өңдеуін орындайтын макрос немесе процедураны қосуға болады.
Есеп – бұл басқа бір құжаттың қосымшасына қосылатын немесе баспаға шығарылатын құжатты құруға арналған объект. Есепті баспаға шығармас бұрын оны алдын ала қарап алу керек.
Макростар — макрокомандалар (бірнеше командаларды біріктіріп орындайтын команда). Мысалы, Quit (шығу) - Access-тен шығу, Delete (жою) - макрокомандалар. "Макрос" қондырмасын пайдаланып ашылған терезеге макросты енгізуге болады.
Модульдер — Visual Basic программалау тілінде жазылған ішкі программалар (процедуралар). "Модульдер" қондырмасы осы программалармен жұмыс істеуге арналған. Access-тің стандартты құралдары жеткіліксіз болған жағдайда программалаушы осы тілде программалық модульдерді жазып, жүйенің жұмыс істеу мүмкіндіктерін арттыруына болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет