С ә б і з
Аналықтар алу үшін бірінші категорияны және бірінші класты тұқым пайдаланылады. Алғашқы жылы күтіп баптау азық түліктік мақсатты өсірілгенін күтімге алумен бірдей айырмашылығы жоқ. Өсімдікті ұйыстырмай өсірген жөн. Қатарларының алғашқысы 45см болғанда өсімдіктің бір бірінен қашықтығы 4 – 5 см болуы керек. Тұқымдық мақсат үшін өсірілген сәбізді 2 градустай суық түскенге дейін жинап алады. Сақтау үшін сол сортқа тәп түрі бар салмағы 80 –120г болатын, басы онша үлкен емес тамыр жемістерді таңдап алады. Тұқымдық сәбіздің басы үлкен болмаса өсірген кезде бұтақтары аз, оның есесіне орталық тақия басы жақсы жетіліп шығады. Жинаған кезде сағағын 1 – 1,5см етіп қалдырып жапырағын кесіп тастап отырады. Тамыржемістің мыжылып қалуына жол беруге болмайды, өйткені ол жақсы сақталмайды.
Аналық түйіндерді: подглядя, құм аралық қалындық кемінде 1см болатындай ғып сақтайды. Бастары штабелден сыртқа қарап тұруы керек. Сиымдылығы 30 – 35 кг болатын аузы ашық политинмен қапшықтарды сақтау жақсы нәтиже береді. Сәбіз саңырауқұлақ ауруларына шалдықпау үшін оны бір қалыпқа 50грам келетіндей мөлшерде бор үгітіндісін қосады. Сақтайтын орынының температурасы 0–2 градус, салыстырмалы қышқылдығы 90 – 95 процент болуы керек. Аналықтарды әр шаршы метрге 6 – 7 тамыржемістен келетіндей есеппен отырғызады.
Тиімді жол аналықтарды отырғызғанға дейін өсіре түсу болып табылады. Ол үшін отырғызылған 2 – 3 апта қалғанда оларды салқын жылыжай егеуі немесе жылыланған жүйекте ернелей бастарын сыртқа қаратып көң, шымтезек немесе топырақ араластырып жинайды. Ылғал жеткіліксіз болса үстіне су құяды. Ердененің биіктігі 70 – 80 см болуы керек. Түнге қарай және суық күндері шөп шалаңмен немесе пленкамен жауып қояды. Өсіре түсудің соңғы кезеңінде тамыршының ұзындығы 4 – 5 см – ге жетуі керек. Осындай тамыржемісті тамыршасын бүлдірмей және құрғатып алмай отырғызады және міндетті түрде су құйып суарады. Өсіре түсер алдында сабақтың ұштарының 1/5 бөлігінен кесіп боялуы түсіп және өзектің мөлшерін анықтайды.
Күзде тұқым өсірілетін участоқта көң, ал көктемде минералды тыңайтқыш сіңіреді. Сәбізді 70х70–30см жүйесі бойынша отырғызады. Түйінің басы топырақтың бетімен бірдей болуы керек, бірақ үстіне 2 – 3см көң немесе құнарлы топырақ сепкен жөн. Тұқымдықты отырғызғаннан кейін қандыра су құяды. Күтіп баптау кезінде тұқымдық өсімдікті үнемі түптеп шөптеп, қатарларын қопсытып, суарып, жатып қалмас үшін қатарладың топырағын көтеріп отыру керек. Сондай – ақ ауру өсімдіктерді алып тастайды. Тұқымдық сәбіздің сабақтарын қазыққа немесе аспалы жіпке байлап көтеріп қояды.
Сәбіздің гүлденуі оны отырғызғаннан кейін 40 – 50 күннен соң басталып 25 -60 күнге созылады. Тұқым алу үшін ортанғы тақиябасты және бірінші қатардағы тақиябастарды пайдаланылады. Бір өсімдікте олар 12 – 16 дана болады. Одан кейінгі сабақтардың тақиябастарын тамыз айының басында жинайды.
Бұл қалған тақиябастарды ұрығының толық жетіліп пісуіне қарай іріктеп кесіп жинайды. Оларды жақсы жетілген құрғақ бөлмеде бос тастап тығыздамай үйеді. Ұрықтың ысырап болуын азайту үшін тақиябастарды дән қапшықшаларға немесе қағаз пакеттерге сақтайды. Кепкеннен кейін тұқымды резіңке үгіткішті пайдаланып бастырады. Тұқымды елеуішінен елеп тазартады. Тұқымның дымқылдылығы 12 % болғанша кептіреді. 1 өсімдіктен 20 – 40г ұрық алынады.
А с х а н а л ы қ қ ы з ы л ш а
Алғашқы жылы егеуді мамыр айының екінші онкүндігінде жүргізеді, алайда ерте пісетін сорттарын кештеу де себуге болады, бірақ жазға қарай егілгенің жақсы өскенін алу үшін қанықтыра суарады. Кей аналықтың тұқымы кеш егу себебі оның қатты өсуіне және тамыржемістің жарылып кетуіне жол бермеуді ескергендіктен. Аналық тамыржеміс үшін бастары кішілеу болатын ең ортасындағысын таңдап жинап алады. Тамыржеміске жабысқан топырақтан қабығын бүлдіріп алмас үшін еппен тазартады. Егер тамыржеміс ірі болмаса кішілерінде алып сақтайды. Алайда оларды әдеттегі аналықтарға қарағанда жиірек етіп отырғызады.
Тамыржемістерді сәбіз секілді құм салынған штабелде немесе ішіне құм араластырып аузы ашық полиэтиленді қапшықтарды сақтайды.
Көктемде отырғызар алдында бүлінбеген аналықтарды іріктеп алады. Тұқымның толысып жетілуін тездету үшін оларды жылыланған жүйектерде немесе жылыжайттарда 2 – 3 аптадай өсіре түседі. Көң араластырып штабелге жинап та өсіре түсуге болады.
Аналықтарды ерте көктемде отырғызады, алайда былжырап жабысатын суық топыраққа көнбеген жөн. Аналықтарды күренен қатарлардың алшақтығын 70см, қатардағы бір – бірінен қашықтығын 40 – 50см етіп отырғызады. Шұқанақтарға 0,5 – 1,0 кг шірінді, 20 - 50г күл немесе 5 – 10г минералды тыңайтқыш қосады. Егер аналықтар өсе бастаса онда шұқанақтарға су құю керек. Тұқымдық өсімдік өсіп шыққанна кейін оны көңді 1:4 немесе сиырдың қиын 1:8 езіп құйып қосымша қоректендіреді. Бір шелек ерітіндіге 200 г күл немесе 30 – 40г азотты, фосфорлы және калилі минералды тыңайтқыштар қосады.
Жайылып өскен түптерді көтере біріктіріп қазыққа байлайды. Қосымша тозандырған да пайдалы . оны таңертеңгі сағат 8 – 9 да және кешкі 17 – 19 да жаппай гүлдеу кезеңінде түптерді сілку арқылы жүргізеді. Егер танап аумақты болып тұқымдықтар байлап көтеруге немесе оны ұзындығы 3 – 4м арқылы жіптің көмегімен тозаңдаттырады. Ол үшін оған қапшықтың 25 х 15 см қиындысын байлап іледі де екі адам жіптің екі жағынан ұстап тұқымдықтардың үстіне тигізе жүріп отырады. Пісуін жеңілдету үшін бұтақтың ұшын 2 – 3см жерден алып тастаған тиімді.
Жетіліп пісу гүлдену аяқталғаннан кейін 20 – 25 күннен кейін басталады. Жинауды түптердің 30 – 40 проценті қоңырқай тартқанда бастайды. Тұқымдықтарды күлтелей бааулап шатырдың астына немесе қалқалы жерге іліп кептіреді. Ауа райы құрғақ болса тұқымдықты сол бауланған күйінде плантацияда 8 – 10 күндей қалдырып кептіреді. Тұқымдықтар нашар жетілсе оларды тамыржемісті бірге суарып алып пісіп жетілдіреді. Пісіп толысқан түйнектер оңай шашылып түсетінін ескеру керек. Тұқымдықтарды брезенттің үстіне елек салып қағып бастырады және түрлі қосшалардан тазартады.
Бір өсімдіктен 30 – 90 г тұқым алуға болады.
П и я з
ШҚО облысының жағдайында пияз тұқымын өсірудің үш түрлі әдісі тараған. Бірінші жылы тұқымнан себетін ұсақ сарымсақ, екінші жылы одан үлкен сарымсақ, үшінші жылы аналық бадана тұқымдық өсімдік – ұрық беретін өсіреді. Тұқымнан немесе көшеттен бірінші жылында пияз алуға болады.
Ұсақ пиязды өсіру және сақтау. Ұсақ пиязды (басының диаметірі 1 – 2,5см) ұрықты қалың себу нәтижесінде алынады. Тұқымды ерте көктегенде (мамырдың бірінші онкүндігінде) қатарларының алшақтығын 10 – 15см, жүлгерінің арасын 50 – 60 см етіп себеді. Жүлгедегі қатар 8 – 12 болады. Себу нормасы әр шаршы метрге 6 – 10 грамнан. Сіңірілу тереңдігі 2 – 3см сепкеннен кейін топырақты майдалайды. Тұқымның өнім шығып тездетуі үшін, оны егер алдында бір тәулік бойы 2 – 3 рет алмастырып сулайды. Дымданған тұқымды жақсы суарылатын бороздаларға егеді.
Ұсақ пиязды тамыздың бірінші онкүндігінде жинайды. Өсімдікті жұлып алып учаскіде 10 – 15 күндей жетілдіріп шыңдайды. Кептірілген соң суық – жылы тәсілмен сақтайды. Күзде және көктемде 18 – 20 градуста, қыста 0 – 1градуста. Немесе жылы әдіспен сақтаудың барлық кезеңінде 18 -20градуста ұстайды. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60 – 65процент болуы керек.
Аналық пиязды өсіру және сақтау. Учаскінің әр шаршысы метріне 15 – 20г аммиак селитрасын, 30 – 40 г суперфосфат және хлорлы калий немесе 150 – 200 г күл сіңіреді. Тұқымдық уақ пиязды бір қатарға қатарларын 45см, бір – бірінен 5 – 7см етіп отырғызады. Оның алдыңғы міндетті түрде 40 градус жылылықты 8 сағат бойы қыздырады. Ең жақсы аналық пиязды ұсағының диаметірі 1,6 – 2см болатын тұқымдық пиязды алуға болады. Өсіп жетілу кезеңінде қатарларын қопсытып отырады, суаруды шілденің ортасында тоқтатады.
Өнім жинауды тамыздың ортасында жүргізеді.Сабағымен қазылып алынған пиязды плантацияда немесе желдетілетін үйде 10 – 15 күндей кептіреді. Сабағы кеуіп болған соң пияз түйінінің ұшынан 4см қалдырып кеседі. Аналық үшін диаметірі 4 – 6см, салмағы 50 – 70г жақсы кепкен, мойны жіңішке пиязды таңдап алады. Пероноснорзға шалдықпас үшін пиязды 40градуста 8сағаттай қыздырып алып барып сақтаған жөн.
Аналық пиязды сәкілерде 30 – 50см етіп қабаттап салып, немесе сиымдылығы 10кг– дық арнаулы жәшіктерде 2 – 10 градус температурасында сақтайды. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 75 – 80 процент болуы керек.
Тұқымды өсіру. Отырғызуда 10 – 12 күн қалғанда аналық пиязды шымтезек пен шірінді қосылған дымқыл субстракта немесе ағаш үгітіндісінде 8 – 10 градус температурада ұстайды. Пияздың тамыр жүйесі 3 – 4см болып өскенде оны топыраққа отырғызады.
Пияздың тұқым шаруашылығына арналған участок жақсы желдетіліп тұратындай болуы керек. Топырақ әзірлеген кезде оған минералды тыңайтқыштар енгізеді. Пиязды мамырдың басында тіпті сәуірдің аяғында егер топырақ келетін болса бороздалап 10 – 12см тереңдікке отырғызады. Қатарларының қашықтығы 70см, бір – бірінен алшақтығы 8 – 10см. Өзі де өне бастаған пиязды отырғызған соң бірден суарады. Одан кейін өсімдіктің жапырағы шығып сабағы тіктеген кезде суарудың маңызы ерекше. Суарғаннан кейін топырақты қопсытады. Суарған кезде судың жапыраққа шашырамауына ұқып болған жөн, өйткені пероноспороз өрбу тездеп, күшейе түседі. Сондықтан бороздамен аздап суарған жөн. Пероноспорозбен күресу үшін құрамында мыс бар немесе препараттар қолданылады. Алайда оларды жабысқақ заттармен іріген сүтпен қосып қолданады. Бірақ үш рет 20, 30 маусымда және 10 шілдеде жүргізіледі.
Сарымсақ сабағының биіктігі 30-40см болған кезде қауашалап, аспаларға байлап қояды.
Тұқымдықты өсімдіктің басындағы сауытшалар сызаттана бастағанда жинайды. Сабақтың ұзындығын 20 – 30 см етіп кесіп алады да 15 – 20 данадан күлтелеп байлап жақсы желдетілетін бөлмеге алып іліп қояды. Ұрықты резіңке үккіштің көмегімен бастырады. Ірі қоқыстарды торда, ұсақтарын суда бөледі. Сонда дәні жоқ ұрықты қалқып шығады. Түбінде тұнған ұрықтарды 3 – 5 минуттай сорғытып жинайды да қалыңдығын 1см етіп жайып жақсы желдетілетін бөлмеде 25 – 30 градус температурада әлсін – әлсін араластыра отырып кептіреді.
Бір өсімдіктен 10 -20 г ұрық алуға болады.
Бақылау сұрақтары: Негігі көкеніс дақылдардың ерекшеліктері, өсірі технологиясы
Ұсынылған әдебиетер
Негізгі: 1. Ващенко И.М. Основа сельского хозяства- М. Просвещение 1987г
2. Ващенко И.М. Практикум по основым сельского хозяства М. 1982
-
3. Жанабаев С.А. Өсімдік өнімін өндіру технологиясы. Алматы 1996ж
-
4. Аяпов А.С. Жеміс жидек шаруашылығы Алматы 2001ж
5. Молдағүлов М.С. Ауыл шаруашылық негіздері практикумы А. Алматы 1976.
Қосымша;Агрохимия. Под.ред.Б.А.Ягодина.М;1982.
Растениеводство.Вавилов. П.П.М;Агропромиздат.1986.
Земледелие.Воробьев.С.А.М; Агропром издат 1985г
Овощеводство Матвеев В.П. М. Колос 1978
Почвеведение Кауричев П.С. Москва Колос 1982
Дәріс №11
Тақырыбы: Жеміс жидек дақылдары
Дәрістің мақсаты: Жеміс-жидек дақылдарымен танысу
Негізгі қарастырылатын сұрақтар, олардың қысқаша мазмұны:
Негізгі жеміс-жидек дақылдары.
Жеміс-жидектер бөлімінің ауқымды бөлігін жемісті баққа, ал қалған жерін жидектер мен питомниктерге арнайды.Баққа діңді формалы (ауданы 6х6 м2), аласа түпті (ауданы 4х4 м2) және жатаған (арақашықтығы 3 м) алманы отырғызуға болады. Коллекция үшін шие, алмұрт, долана, шетенді отырғызады.
Жеміс-жидек бөлімін ұйымдастыруда, ересек ағаштарға бақылау жасау оқытуда, пішіндеуге мүмкіндік беретін жас ағаштарға қарағанда онша қызығушылық туғызбайтынын ескеру керек. Сол себепті мектеп учаскесінде питомниктің болғаны ұтымды, онда бір қатарға жемісті ағаштардың тұқымдарын себуге, екінші қатарды оларды сиретуге және қалғанын төртке: телінуші екпе көшеттер, телінген өсімдіктерді жетілдіру, ағаш кронасын сала бастау және қалыптастыру. Қасына жеке аудандарға қарақат, таңқурай (1х2 м2), қарлыған мен шетенді (1,5х3 м2) орналастыруға болады. Жабайы жидекті өсімдіктерді де жетілдіру, сұрыптау және будандастыру үшін отырғызуға болады. Қалемшемен көбейту үшін төртбұрышты алаң қазады (ені 1 м, тереңдігі 20 см). Бүлдіргеннің әртүрлі іріктемелері мен құлпынай және жабайы бүлдірген үшін жүйектер жасайды; жабайы бүлдіргенді мәдени түрге айналдыру, бүлдіргенді мұртшаларымен көбейту, алма тұқымдарын себу, өсімдіктерді пішінге келтіру, көшеттерді сұрыптау және алма көшеттерін жетілдіру, алма және жидек өсімдіктерінің гүлдерін жасанды тозаңдандыру, жеміс ағаштарын теру және көзсабақтау (окулировка), ағаш өсімдіктерін қалемшелері және жидектерді сұлатпа сабақтармен көбейту тәжірибелерін жүргізуге болады.
Вегетативті көбейтуге дағдыландыруға ерекше көңіл бөлу керек. Жеміс-жидек бөлімінде мал азықтық шөптерге арналған жер қорын қалдыру керек. Кейіннен осы жерлерге жеміс ағаштары питомнигін көшіреді және бүлдіргенді 5 жылдан соң, таңқурай мен басқа жидектерді 7 жылдан соң отырғызады.
Жеміс-жидек өсімдіктері
Қазақстанда жеміс ағаштарының 22 түрі өсіріледі, олардың 10—12-сі негізгілері болып табылады. Екі жеміс ағашы (алма, шие) және 4 жидек тектес (бүлдірген, таңқурай, қарақат, тұшала) дақылдар барлық жерде бірдей өсіріледі деп айтуға болады.
Қазақстанда жалпы жеміс-жидек дақылдарының 90 проценттен — астамы мына өсімдіктерден тұрады: алма, алмұрт, шие, алхоры, өрік, шабдалы. Биологиялық жағынан жеміс-жидек өсімдіктерінің 95% раушан гүлді тұқымдастарға жатады.
Академик Н. И. Вавилов теориясы бойынша екпе жеміс-жидек өсімдіктерінің негізінен осы жабайы дақылдардың көп өскен аймақтарынан таралғанын дәлелдейді. Қазіргі уақытта жер жүзінде 12 екпе жеміс-жидек өсімдіктерінің пайда болу ортасы анықталып отыр. Әрине, олардын, негізгілері: Қытай-Жапония (алма, алмұрт, өрік, шие, алхоры, құрма, грек жаңғағы, бадам), Орта Азия (алма, алмұрт, өрік, шие, алхоры, бадам, грек жаңғағы), Европа-Сібір (алма, алмұрт, шие, қызыл шие, қарақат, таңқурай, майлы жиде, орман жаңғағы), Оңтүстік Америка (бүлдірген), Солтүстік Америка (алхоры, шие, қарақат, бүлдірген, пісте) аймақтары жатады.
Жеміс-жидек дақылдары шығу тектеріне, жемісінің құрылысына, биологиялық және өндірістік ерекшеліктеріне қарай 6 топка бөлінеді. Олар: шекілдеуікті, сүйекті, жидекті, жаңғақты, субтропикалық және тропикалық.
Шекілдеуіктер топтары
Шекілдеуік тектес дақылдар (алма, алмұрт, беке, мушмула, шетен, долана, ырғай т. б.) раушан гулділер тұқымдасына жатады. Бұл өсімдіктердің ішінде негізінен ең көп тарағаны үш дақыл — алма, алмұрт, беке. Бұлар жалпы жеміс-жидек өсімдіктері көлемінің 70% құрайды.
Қазақстанда шекілдеуікті дақылдар (негізінен алма, алмұрт), жеміс-жидек өсімдіктерінің 74,6 проценті. Алманың біздің елімізде 50 түрі өседі. Оның жеміс дақылдары арасындағы үлес салмағы 63,7%. Алма Қазақстанда жеміс өсімдіктерінің арасында ең көп тараған дақыл.
Екпе алма сорттары негізінен жабайы алманың түрлерінен алынған. Олар: орман алмасы, Кавказ алмасы, Қытай алмасы, жидек алмасы, Сиверс алмасы, Недзвецкий алмасы, аласа өсетін алма, Қырғыз алмасы т. б. Қазакстанда жоғарыда аталған алмалардың ішінде негізінен Сиверс, Недзвецкий, Қырғыз алмалары өсіріледі.
Алма жемісінің жаздық, күздік және қыстық сорттары болғандықтан жыл бойы пайдалануға мүмкіншілік бар. Телінушіге, сортына, өсіп-өнуіне байланысты алма ағашының өмір сүруі 20 жылдан 100 жылға дейін созылады. Алма ағашы орта есеппен екпе көшет телісушіде 30-дан 50 жылға дейін, ал жыныссыз өсіп өну телісушіде 15—25 жылға дейін тіршілік етеді. Өнімді орта есеппен 3—15 жыл береді. Қарқынды немесе интенсивті бақта гектарынан 300-ден 500-центнерге дейін өнім алынады. Биіктігіне қарай алма ағашы биік (8—12 м), орташа (5—8 м) және аласа (2—4 м) өсетін болып бөлінеді.
Қазақстанда алмадан өндірістік өнім беретін негізгі аудандар — оңтүстік, оңтүстік шығыс облыстары (Алматы, Шымкент, Жамбыл, Талдықорған). Соңғы жылдары алма дақылдары Қазақстанның солтүстік, батыс, орталық облыстарында (Қостанай, Орал, Көкшетау, Ақмола) кеңінен таралып келеді. Қазақстанда алма дақылдарының — 40-тан астам сорты тараған.
Алмұрт
Қазақстанда кең таралған алмұрт түрлері: ол кәдімгі алмұрт пен жиде жапырақты алмұрт. Алмұрттың бұл түрлерін екпе сорттарды селекциялап шығарғанда пайдаланылады.
Алмурт ағаштары алма өсімдіктерімен салыстырғанда қысқа төзімсіз, жылылықты көбірек қажет етеді. Қазақстанда алмұрт өсімдіктері негізінен оңтүстік, оңтүстік шығыс облыстарында өсіріледі. Бұл аймақтарда алмұрт ағаштары тау етегінде, белдеуінде және бауырында жақсы өседі. Жемісі алмаға қарағанда дәмділеу, бірақ сақталуы мен тасымалдауы жағынан сапасы төмендеу. Алмұрттың ағашы биік — 12—15 м, өмір сүру тіршілігі телісушіге, сортына байланысты 30—100 жыл, өнім алу кезеңі 15—30 жыл. Табиғи жағдайларға, сортына, телісушілерге және агротехникасына байланысты алмұрт отырғызылғаннан кейін 3—8 жылда өнім береді. Өнімі орта есеппен әр гектардан 10—15 т болады. Қазіргі кезде дүние жүзінде алмұрттың 10 мыңға жуық сорты бар. Қазақстанның оңтүстік шығысында — 10 сорты бар.
Беке
Бекенің Қазақстанда көп түрлері өспейді. Кең таралған түрі кәдімгі беке. Жабайы түрі Солтүстік Иранда, Кіші Азияда, Молдовада және Қавказда кездеседі. Беке бұл жерлерде 4 мың жылдан бері өсіріледі. Қавказда беке бағы өте ертеде тараған. Қазақстанда бұл өсімдік Шымкент облысының оңтүстік және тау етегі аймақтарында аудандастырылған.
Беке күн сәулесін, жылу сүйетін, ыстыққа төзімді өсімдік. Оның бұта (биіктігі 1—2 м) немесе ағаш тәрізді түрлері (5—6 м) кездеседі. Жемісті ерте және жыл сайын салады. Отырғызылғанан кейін 3—5 жылдан кейін жеміс бере бастайды. Өнімді келеді (150—180 ц/га). Жемісі қаттылау, сабақсыз, шикі кезінде көп сорттарының жемісі жеуге келмейді, өзіне тән жағымды иісі бар, техникалық қайта өңдеуден кейін өте бағалы.
Беке өсімдіктері 30—50 жылға дейін жеміс береді.
Қазақстанда оның үш сорты ғана аудандастырылған.
Шетен
Шетен тектестердің 80-ге тарта түрі бар. Біздің елде кеңінен тараған түрлері— сібір шетені, Тянь-Шань шетені, парсы шетені, т. б. Жабайы түрінде кіші-гірім бұта тәріздес (биіктігі 1,5-3 м) немесе үлкен ағаш тәрізді (биіктігі 10—20 м дейін) болып келеді. Отырғызғаннан кейін 6—10 жылдан кейін жеміс береді. Өиімі мол, орта есеппен бір ағаштан 80—250 кг жеміс алынады. Тіршілік ету ұзақтығы 200—300 жылға жуық, суыққа
төзімді келеді. Жемісі жаңа піскен кезінде шырын, джем, тосап жасауға және медицинада витаминдік препараттар жасауға қолданылады.
Долана
Екпе түрлерінен Алтай доланасы, ионий доланасы, Түркістан доланасы, Жоңғар доланасы, Алматы доланасы т. б кездеседі. Қазақстанда соңғы түрлері көп тараған. Жабайы түрінде көп бұталы, бұтақты келеді, долана ағашының биіктігі 3—6 м жетеді. Өмір сүру ұзақтығы 100—120 жыл.
Сүйектілер топтары
Сүйектілер тобының өсімдіктері шекілдеуіктілермен салыстырғанда өнімді ерте береді. Ұзақ тіршілік ете алмайды.
Қазақстанда негізінен шие мен алхоры, өрік, қызыл шие, шабдалы өседі. Қазіргі кезде Қазақстанда сүйектілер тобына жататын өсімдіктер 13,8 мың гектар жерді, яғни барлық жеміс-жидек дақылдары егістігінің 8,6 процентін алып жатыр.
Шие
Ботаникалық тегі бойынша 250 түрді біріктіреді. Қазақстанда шие барлық аймақта өсіріледі де, бірақ өндірістік түрі аз таралған. Шие бірыңғай өнімділігіне байланысты көп қолданылатын жеміс болғандықтан жаңа піскен күйінде де, қайта өңделген күйінде де өте бағалы.
Қазақстанда шиенің өндірістік 11 түрі өсіріледі. Шиенің сорттары бұта тәріздес (биіктігі 3—4 м) және ағаш тәріздес (биіктігі 5—7 м) болып келеді. Бұта тәріздес сорттары қоңыр қызыл түсті, қышқыл қызыл шырынды жеміс береді, оларды морель-немесе гриот деп атайды (Любская, Владимирская сорттары). Ағаш тәріздес шиелердің жемісі ақшыл қызыл түсті, шырыны боялмаған, оларды аморель деп атайды (Шпанка крупная, Анодолькний, қызғылт аморель сорттары).
Бір жылдық шыбығынан отырғызылған бұта тектес шиелер-3—4 жылдан кейін жеміс бере бастайды. 15—20 жыл тіршілік етеді. Ал ағаш тәріздес шие жемісті бұтақ шыбықтарында 4— 5 жылдан соң жеміс береді. Тіршілік етуі 20—30 жыл.
Елімізде кеңінен таралған шиенің басқа да түрлері кездеседі.
Дала шиесі аласа бойлы бұта тәріздес өсімдік (биіктігі 1—1,5 м). Қысқы суыққа, қуаңшылыққа өте төзімді. Өнімі мол, жыл сайын жеміс салады.
Жабайы түрінде Солтүстік Қазақстанда (Қостанай облысы) кездеседі.
К,ұм шиесі шыққан аймағы Солтүстік Америка, бойы аласа (биіктігі 1,5 м), бұтақшалары төсемелі болып келеді. Жемісі шырынды, негізінен қайта өндіруге пайдаланады.
Могалеб шиесі биік, бұта немесе ағаш тәріздес (биіктігі 4— 7 м, кейбірі 10—12 м) болып келеді. Берік бастары аумақты, бұтақшалары жіңішке тал сияқты. Бізде шиенің бұл түрін қызыл шие үшін телісуші ретінде пайдаланады. Оңтүстік Қазақстанда Могалеб шиесі қуаң-шылыққа шыдамды, сондықтан қызыл шие мен екпе шие сорттарына телісуші ретінде қолданылады.
Қызыл шие жылу сүйгіш, оңтүстіктің сүйекті жеміс дақылдарымен салыстырғанда қысқа төзімді. Көлемі жағынан бұрынғы Қазақстанда(Шымкент облысы) 2 сорты бар. Ағаштары отырғызылғаннан екін 4—6 жылдажеміс береді. Орта есеппен әрбір гектардан 100 -150 ц өнім алынады. Ағаштардың тіршілік етуі 50—80 жыл, биіктігі 10—15 м, бөрікбастары сирек. Жемісі ерте піседі (Шымкент облысында 15—20 мамырда).
Алхоры тегіне оның 30-ға жуық түрі кіреді. Олардың ішінде маңыздылары — кәдімгі алхоры, шомыр, алша. Канада алхорысы т. б. Алхорының Қазақстан бойынша аудандастырылған 15-тен астам сорты бар. Алхоры ағаштары (биіктігі 6—12 м) отырғызылғаннан кейін 3—5 жылда жеміс береді Әр гектардан 250—300 ц өнім алынады. Жемісті жыл сайын салады. Ағаштарының тіршілік ету ұзақтығы 20—60 жылға созылады. Қазақстанда өндірістік көлемде шабдалы Шымкент облысында, Қызылорда облысының оңтүстік аудандарында және Талдықорған облысының Панфилов ауданында аудандастырырылған. Қазіргі кезде жер жүзінде шабдалының 5 мыңға жуық сорты белгілі, Қазақстанда 21 сорты бар. Шымкент облысында аудандастырылған сорттардың ішінде кең орын алып отырған Эльберг, ал басқа аймақтарда Киевский ранний, бұл сорт қысқа өте төзімді.
Шабдалы ағашы бұта тәріздес келеді немесе ағаш тәріздес болып өседі (биіктігі 3—8 м). Өнімі мол, жыл сайын және ерте бере бастайды (2—3 жастан). Өнімі аяқталатын дәуірі—12— 15 жасында. 20—30 жыл өнім береді, ал Азияның таулы аймағында 50—80 жылға дейін тіршілік етеді. Өнімі орта есеппен әрбір гектарынан 120—180 ц, ал кейбір жылдары 400—500 ц дейін жетеді.
Шабдалы өте тез пісіп, тез өсетін, жарық, жылу сүйгіш дақыл.
Өрік
Қазақстанда өрік Шымкент облысында кеңінен орын алған дақыл, басқа аймақтарда өндірістік жеміс ретінде өте аз пайдаланылады. Бізде өріктің басқа да жабайы түрлері өседі. Олар кәдімгі өріктің, Манжур өрігінің, Сібір өрігінің, Давид өрігінің, т. б. екпе сорттары селекциясы негізінде кәдімгі өріктен шығарылған.
Өрік ағаштары биік (5—8 м) немесе өте биік (10—15 м) болып өседі. Өнімді ерте, яғни отырғызылғаннан кейін 3—5 жылда бере бастайды. Өнім беру ұзақтығы — 20—30 жыл, 40—80 жыл тіршілік етеді. Орта есеппен әрбір гектардан 100—120 ц өнім береді өрік жарық пен жылу сүйгіш өсімдік және көктемде басқа жеміс ағаштарына қарағанда ерте гүлдейді. Қуаңшылыққа төзімді. Қазақстанда өріктің 6 сорты аудандастырылған, оның 3-і Европа-лық және 3-і Орта Азиялық. Жабайы өрік Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік шығысының таулы аймақтарында көп өседі.
Алша куаңшылыққа төзімді өсімдік. Өнімді 2—4 жылда, ерте береді. Алша ағашы бұта тәрізді келеді, биіктігі 4 м дейін жетеді. Өріктен кейін гүлдейді. Қазақстанда алша дақылы Шымкент облысында өседі. Бұл облыста алшаның екі сорты аудандастырылған. Олар Фиолетовая десертная және Малиновая. Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік шығыс таулы аймағында алшаның жабайы түрлері өседі. Жабайы түрінің тұқымы алхорыға, өрікке, шабдалыға телісуші (ұластырушы) ретінде қолданады.
Алшаның өнімі аяқталатын дәуірі 15—20 жыл, ал тіршілігі 20—60 жылға созылады.
Жидек топтары
Жеміс-жидек шаруашылығында жидектер тобына көп жылдық бұта, үнемі көгеріп тұратын өсімдіктер жатады. Олардың жемісі шырынды, дәмі тәтті болып келеді, Жемістері дәрі ретінде, жас кезінде жеуге және қайта өңдеуге пайдаланылады.
Жидек өсімдіктері суыққа төзімді, сондықтан бұл дақылдың көптеген түрлері Қазақстанның орталык, батыс және солтүстік аймақтарында өсіріледі. Жеміс дақылдарына қарағанда жидек өсімдіктерінің бір сортының өзін солтүстік аймақтарда да, оңтүстік аймақтарда да өсіруге болады.
Солтүстік аймақта өсірілген жидек дақылы жемісінің сапасы жоғары және оңтүстік аймақпен салыстырғанда мол өнім береді. Елімізде жидек өсімдіктері көп тарамаған, себебі өнімін жинап алу қиын және олар жиі ауырады, зиянкестері көп болады.
Жидек дақылдарының ішінде көбірек өсірілетіндері: қарақат, бүлдірген, таңқурай (21 мың га) және тұшалат. б.
Достарыңызбен бөлісу: |