2. Пән туралы деректер


Дәнді бұршақ дақылдардың дәнінің айрықша айырмашылықтары



бет9/10
Дата17.06.2016
өлшемі6.87 Mb.
#142415
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Дәнді бұршақ дақылдардың дәнінің айрықша айырмашылықтары


Түрі

Дәндері

Кіндігі

Мөлшері, мм

Пішіні

түсі

Мөлшері пішіні, мм

түсі

Орналасқан орны

1

2

3

4

5

6

7


Әдебиеттер:

Н.Мырзаханов «Ауылшаруашылық негіздеріне арналған тәжирибе құралы» Алматы 1994 Республикалық баспа кабинеті



Тақырып атауы: Майлы және талшықты дақылдар

Сабақтың мақсаты: Талшықты дақылдардың айрықша белгілерімен танысу

Қарастырылатын негізгі сұрақтар: Талшықты дақылдардың айрықша белгілері

Әдістемелік ұсыныс:
Талшықты дақылдардың айрықша белгілері

Талшықты дақылдар екі топқа бөлінеді. Бірінші топтың өкілдері талшықты тоқыма өсімдіктер өз сабақтарында ұзын жіпшелердің тобын түзеді. Екінші топқа негізгі тоқыма өсімдік мақта жатады. Оның жіпшелері дәннің қауызының сыртқы эпидермисінің клеткаларының талшықтары болып табылады.

І – тапсырма. Талшықты өсімдіктердің түрлерін анықтау және сипаттау.
Қажетті құралдар мен заттар: сұрыптайтын тақтайшалар, инелер, үлкейткіш шыны, жеміс пен тұқымның үлгілері, өсімдіктер гербарийі.

Тапсырмаға түсінік: талшықты дақылдар өздерінің вегетативтік және генеративтік жыныстық мүшелері, жемісі және тұқымдары арқылы ажыратылады.
Талшықты дақылдардың жемісі және тұқым ерекшеліктері

Белгілері

Сор

Зығыр

Мақта

1

2

3

4

Жемісі

қорапша

жаңғақ

қорапша

Түрі пішіні

Қорапша домалақша

Жаңғақ дөңгелекше овал

Дөңгелекше жұмыртқа тәріздес

Мөлшері, мм

6 – 10

2 – 4

40 – 50

Түсі

Сары

Сұрғылт – жасыл

Қоңыр

Тұқым:

пішіні

Овал, жалпақ

Шар тәріздес


Дөңгелекше, жұмыртқа тәріздес



Ұзыны, мм

3 – 5

2 – 4

8 – 9

Бет бедері

Тегіс, жылтырауық

Тегіс

Күлтеленген

Түсі

Қоңыр

Сұрғылтың

Қара қоңыр

Талшықты дақылдарды сипаттағанда олардың төмендегі ерекшеліктерін айыру шарт:



  1. Мәдени сордың екі негізгі түрлері өздерінің биіктігі, сабағының бұтақтылығы және қорабшаларының саны жағынан айырылады: ұзыншақ сор және бұйыра сор бұлардың түрше аралық түрі де бар..


Сордың түрлерінің негізгі айырмашылығы

Белгілері

Ұзыншақ сор

Бұйыра сор

Өсімдіктің биіктігі, см

70 – 125

30 – 50

Сабағының бұтақтылығы

Бұтақтанбайды

Қатты бұтақтанады

Қорабшалары, дана

8 – 12

30 – 50

Өндірістік қажеттілігі

Тоқыма дақыл

Майлық дақыл

2.Зығыр – екі үйлі өсімдік. Еркек гүлі бар өсімдіктер посконь деп аталса, әйел жыныстысы, аналық (аналықша) деп аталады. Қазірде де зығырдың қос жынысты түрлері сұрыпталған.

3.Республикада мақтаның екі түрлі – кәдімгі немесе мексикалық (орташа талшықты) және перуалдық немесе египеттік (жіңішке талшықты) мақталар өсіріледі. (42 – кесте).

4 – кесте.



Мақтаның түрлерінің айырмашылығы

Белгілері

Кәдімгі мақта

Перуандық мақта

Өсімдіктің биіктігі, м

1 – 1,5

1 – 3

Сабағы

Шашты

Жалаң

Жапырақ бөліктері

Қысқарған үшбұрышты

Ұзарған үшбұрышты

Күлте табанындағы дақтар

Жоқ

Бар, таңқурай түсті қызыл

Гүлдерінің мөлшері

Орташа

Ірі


Жұмыс реті:

1.Талшықты дақылдардың гербарий арқылы олардың сабағы, жапырағы және гүлдері мен танысыңыздар.

2.Жеміс және тұқымның сипаттамасы арқылы өсімдіктердің түрлерін анықтаңыздар.

3.Талшықты дақылдарды төмендегі үлгі бойынша сипаттаңыздар:



Белгілері

Сор

Зығыр

Мақта

1

2

3

4

Сабағы










Жапырағы










Гүлі










Жемісі:










Түрі – пішіні










Мөлшері,мм










Түсі










Тұқымы:










Пішіні










Ұзыны,мм










Бет – бедері










Түсі










1

2

3

4

Жемісінің суреті










Тұқымының суреті









Түрлерді сипаттағанда сор мен мақтаның түршелерін ажыратып өтіңіздер



Әдебиеттер:

Н.Мырзаханов «Ауылшаруашылық негіздеріне арналған тәжирибе құралы» Алматы 1994 Республикалық баспа кабинеті


Тақырып атауы: Көкөніс дақылдар

Сабақтың мақсаты: Көкеніс дақылдарын айрықша белгілері бойынша анықтау

Қарастырылатын негізгі сұрақтар: Көкеніс дақылдарын айрықша белгілері бойынша анықтау

Әдістемелік ұсыныс:
Көкеніс дақылдарын айрықша белгілері бойынша анықтау
Көкөніс дақылдарына піскен бетінде немесе белгілі бір өңдеуден өткен соң, тамақтануға қолданатын бір жылдық немесе көп жылдық өсімдіктер жатады.

Көкөністің түрлері олардың туыстасына (ботаникалық топтастыру), тамаққа пайдаланылатын органдары мен бөліктеріне (шаруашылық қасиеттері бойынша топтастыру) және биологиялық – өндірістік ерекшеліктеріне (агробиологиялық топтастыру) қалай топтастырылады.


Тапсырма. Көкөніс өсімдіктерді тұқымына қарап анықтау.

Көкөністерді тұқымына қарап ажыратудың мәні өте зор. . Тек қана капуста туыстасына жататын түрлердің тұқымдарын айыру қиыншылық тудырады .



. . Алқа бұқымдас көкеністер тұқымдары. (И.М.Вашенко бойынша)



1- қызан; 2-бұрыш;3-баклажан

.

Қажетті құралдар мен заттар: негізгі көкөніс дақылдарының тұқымдарының суреті салынған кесте, көкөніс тұқымдарының коллекциясы, туыстарға бөлінген дақылдардың тұқымдарының қоспасы, 3 – 5 есе үлкейткіш шыны, сұрыптайтын тақтайшалар, ине, 4 – 5 см, миллиметрлік қағаздың кесіндісі

Жұмыс реті: көкөністердің тұқымдарымен танысып төмендегі морфологиялық белгілері: мөлшері, көлемі, бет – бедері, пішіні және түсі бойынша сипаттаңыздар.

.Асқабақ тұқымдастарының тұқымдары. (И.М.Вашенко бойынша)



1- асханалық және ірі жемісті асқабақ; 2-қияр; 3- қауын; 4-қарбыз

Тұқымдар. (И.М.Вашенко бойынша)



1-салат; 2-пияз; 3-шпинат

Шатырша гүлділер тұқымдары. (И.М.Вашенко бойынша)



1-пастернак; 2-укроп; 3-сәбіз; 4-петрушка; 5-сельдерей

Тұқымдардың морфологиялық белгілері

1.Мөлшері ең ұзын көлденеңі мен ені: ірі (7-8 мм жоғары), ұсақ (7-8мм кіші)

2. Көлемінің сипаты:

- шар тәріздес – шар немесе шарға ұқсас болып келеді;

- бұрышталған – тұқым бұрышталған, жатық дөмпештері немесе айықтары болады;

- жалпақ – тұқымының беті бір тегіс жалпақ немесе көтеріңкі болып келеді;

- жалпақ дөңес тұқымның әдетте екі ұрықты тұқым шоғыры ішкі жағы жалпақ болса, сыртқы жағы дөңестеу болады;

- кіндік тәріздес – тұқымның сипаты созылған шар іспеттес, яғни элипс, цилиндр немесе сәл қабысқан шар тәріздес ұзыны, ені және қалыңдықтарының ара қатынасы әр қилы болуы мүмкін;

3. Пішіні – домалақ, бұрышталған, овал, эллипс, жұмыртқа тәріздес, сүйірленген, бүйрек тәріздес әр түрлі пішіндердің түрлерінің аралас пішінді болуы мүмкін;

4. Бет бедерлі: тегіс жылтырауық, жылтырауық емес, түкшеленген, жиырылған, сығылған, қырлы, бедері тор тәріздес.

5. Қабығының суреті өрнегі мен түсі;

6. Арнайы белгілері – тұмсығының болуы, ұшталуы, қанатша, тісше және шапшаларының болуы;

7. Белгілі «кілт» пен кестелерді пайдаланып тұқым үлгілерінің түрін анықтаңыздар. Тұқымды үлкейткіш шыны арқылы қараңыздар, ал мөлшерін миллиметрлік қағаздың көмегімен өлшеңіздер.
Тұқымдарды анықтау кілті

А. Тұқымы ірі (6-7 мм ұзын)

1. тұқымы шар тәріздес:

а.бет бедері тегіс немесе мыжырылған, түсі сары немесе жасыл мөлшер 8-9 мм .................................................................................................................................Қантты бұршақ.

2. Тұқымы кіндік немесе жалпақ домалақ кіндік тәріздес:

А. Бедері тегіс, кейде жылтырауық, түсі әр түсті, бірақ бір ажарлы немесе аралас өрнекті, мөлшері 10-20мм . . . . . . . . . . . . . ..............................................................Үрме бұршақ.

3. Тұқымы жалпақ:

А. Тұқымы жалпақ, дөңес. Пішіні шолақ эллипс немесе домалақ эллипс, жалпақ тұмсықты, тұқымының шетінде айнала сақинасы бар, бет бедері тегіс немесе бүртікті, түсі әр түті, мөлшері 8-18мм . . . . . . . . . . . . . . ...............................................................................Қарбыз.

4. Тұқымы cәл дөңес:

А. Пішіні ұзыншақ эллипс, сүйірленген, тұмсығы бар. Сақинасы анық байқалады, әсіресе тұмсығында, бет бедері тегіс, түсі ақ немесе ақ боз, ұзындығы 8-15мм........................................................................................................................................Қауын.

Б. Пішіні домалақ немесе жалпақ овал, айрықша сақинасы мен тұмсығы бар, беті тегіс, түсі ақ, мөлшері 15-25 мм ........................................ .......................................... .........Қияр.

В-түсі сары – сұр, ұзыны 15-18 мм ..................................................Ірі дәнді асқабақ.

Г-түсі сары-сұр, ұзыны 8-12 мм ..................................................... Асхагналық асқабақ.

Д-түсі сары-сұр, ұзыны 8-12 мм ..........................................................................Патисон.

Е-тұқымы (ұрығы) ұрық шоғырын құрайды (түйіншелер)..............................Қызылша.

Ұрықтары жеке – жеке.

1.Пішіні домалақ:

А-түсі қоңыр бурыл, бедері ұсақ торшаланған, мөлшері 1,5-1,8 мм.......................................................................................................................................... Капуста.

Б-түсі қоңыр, бедері торша ұялардан тұрады, мөлшері 0,9-1 мм........................................................................................................................................... Тарна.

2.Пішіні домалақ овал келген немесе дөңгелене бұрыштанған:

А-тұқымы дөңгеленген овал, бедері тегіс, түсі сарғыш қоңыр мөлшері 3 мм маңайында................................................................................................................ Шалған тұрын.

Б-тұқымы дөңгелене бұрышталған тұмсығы бар. Түсі түссіз сары, мөлшері 3-4 мм. .........................................................................................................................................Саумалдық.

Тұқымы жалпақ.

1.Бедерлі тегіс:

А-пішіні дөңгелене бұрышталған тұмсығы бар. Түсі түссіз сары, мөлшері 3-4 мм .................................................................................................................................................Бұрыш.

Б-пішіні домалақ, бүйрек тәріздес ойығы бар, түсі ашық – қоңыр, мөлшері 3-4 мм .............. .................. ................... ...................................................................................... Баклажан.

2.Бет бедерінде күміс түстес шапшалары бар, мөлшері 2-3 мм..............................................................................................................................................Қызан.

3.Бет бедері ұзын бойына қыршалар мен қырланған да, олардың шеткілері тұқымды айнала қанатша түзілген:

А-пішіні дөңгелекше овал, түсі сарғыш қоңыр, мөлшері 5-6 мм......................Боташық.

Б-пішіні қысыңқы овал, түсі сұрғылт, мөлшері 4-5 мм.......................................... Укроп.

4.Бет бедерлі қырланған, қанатшалары жоқ, пішіні – жіңішке, ұзыншақ, ұшына қарай сүйірленген, түсі сұрғылт немесе қара, мөлшері 2-3 мм .......................................Көк жапырақ.

3.Тұқымы жалпақ дөңестелген қос ұрықты мәуенің қосағы:

1. пішіні овал немесе пішінді жұмыртқа тәріздес, дөңес бетінің қырлары бар, олар кейде тісті болып келеді, түсі сарғылт ұзыны 2-4мм ........................................................... Сәбіз.

2.Пішіні дөңгелек пішінді жұмыртқа тәріздес, кейде тұмсығы болады: дөңес бетінің тіссіз 3 қыры бар, түсі жасыл сұрғылт, мөлшері 2 – 3мм ............................................. Петршка.

3.Пішіні жоғарыдағыдай, мөлшері 0,5-0,6мм ................................................. Сельдерей.

4.Тұқымы бұрышталып ойықталған, үш қырлы, түсі көмір қара, мөлшері 2-3мм ............................................................................................................................................Сарымсақ.


3.Төмендегі үлгі бойынша тұқымдарды сипаттап, суретін салыңыздар:

Түрі

Мөлшері, мм

Көлемінің сипаты

Пішіні

Бет бедері

Түсі

Тұқымының өрнегі

1

2

3

4

5

6

7



Әдебиеттер:

Н.Мырзаханов «Ауылшаруашылық негіздеріне арналған тәжирибе құралы» Алматы 1994 Республикалық баспа кабинеті



Тақырып атауы: Жеміс-жидек дақылдар

Сабақтың мақсаты: Жеміс-жидек дақылдарының айрықша белгілерімен танысу

Қарастырылатын негізгі сұрақтар: Жеміс-жидек дақылдарының айрықша белгілері

Әдістемелік ұсыныс:

Жеміс-жидек дақылдарының айрықша белгілері

Жеміс-жидекті өсімдіктердің топталуы және қысқаша сипаттамасы. Морфологиялық биологиялық және экологиялық қасиеттеріне және жемістерінің түріне орай төмендегі топтарға бөлінеді: шекілдеуікті, сүйекті, жидекті, жарғақ жемісті, субтропикалық, тропикалық және жүзім топтасы.

Ботаникалық туыстастар тегінде жеміс-жидекті өсімдіктердің төмендегі тұқымдастары болады: алма, алмұрт, шие, қызыл шие, қара өрік, шабдалы, алхоры т.б.
1-Тапсырма. Негізгі жеміс-жидек тұқымдастарын анықтау және сипаттау
Қ а ж е т т і қ ұ р а л д а р м е н з а т т а р: Жас немесе арнайы сақталған жеміс-жидек тұқымдастарының үлгісі, гербарийі, муляжы, түрлі-түсті кестесі.

Ж ұ м ы с р е т і: Төмендегі “кілтті” пайдалана отырыпүлгі бойынша жеміс-жидек тұқымдастарын анықтап, суретін салып және жазыңыздар:



Туыстасы


Өсімдіктің сипаты

Жемісі мәуесі

жапырағы

Жасағыш-тығы, жыл

Жеміс бе-ре бастау мерзімі

Жас мәуелерін пайдалану мерзімі

1

2

3

4

5

6

7


Жеміс-жидек тұқымдастарын мәуесіне қарап анықтау кілті

А. МӘУЕСІ АЛМА ТӘРІЗДЕС – әр қилы пішінді және әр түсті; жапырағы тұтас, жапырақшалары бар, күлтеленген. …………….. ...........................................................Алма.

Б. МӘУЕСІ АЛМҰРТ ТӘРІЗДЕС – әр пішінді және әр түсті; жапырағы тұтас, түсіп қалатын жапырақшалары бар, күстеленген. ……..................................................... ......Алмұрт.

В. МӘУЕСІ – СҮЙЕК ЖЕМІСТІ.

І. Жемісі кішірек 1,5-2 см. Домалақ, ұзын сағақты:

1) Жемісі ашық, қызыл, қою қызыл, жапырағы біртұтас, кішірек, тегіс бедерлі …...........................................................................................................................................….Шие.

2) Жемісі сары, қызғылт; жапырағы біртұтас ірі, тегіс бедерлі, сабағында 2-4 безшелері бар................................................................................................................. Қызыл шие.
2. Жемісі орташа немесе ірі, қысқа сағақты:

1) Жемісі домалақ немесе овал, әр түсті, воск тәріздес қағы бар, жапырағы біртұтас, күлтеленген. .......................................................................................…………………..Алхоры.

2) Жемісі домалақ, айқын жігі бар, сары немесе сарғыш қызғылт, жапырағы біртұтас, жұмыртқа тәріздес, күлтеленбеген, сабағында безшелері бар. ………...................Қара өрік.

3) Жемісі ірі, домалақ, жасыл немесе сарғыш жасыл, кейде қызғылт шырайлы жапырағы біртұтас, ұзынша ланцет. …………………………………….....................Шабдалы.

Г. МӘУЕСІ – ЖЕДЕК.

1) Жемісі – шырынды гүл қауызынан түзілген тұқымдар шоғыры, жапырағы жапырақшалардан тұратын күрделі жапырақ. …………………………........Қой бүлдірген.

2) Жемісі – сүйек шоғыры; жапырағы 3-5 жапырақшадан тұратын қос-қотанбаған, қауырсын тәріздес. ……………………………………………………......................Таңқурай.

З. ЖЕМІСІ – ЖИДЕК.

1) Жидегі ұсақ, домалақ, қара көк, қызыл, сары түсті, жапырағы біртұтасо, қалақша тәріздес. ……………………………………………………………….........................Қарақат.

2) Жидегі орташа мөлшерлі, овал, әр түсті; жапырағы кескінделген, 3-5 қалақша құрайды.

4. ЖЕМІСІ – ЖИДЕК.

1) Жемісі домалақ, овал, қос тұқымды, әр түсті, жемісі күрделі ірі шашақ шоқ түзеді, жапырағы ірі біртұтас немесе 3-5 қалақша құрайды. ………………………….............Жүзім.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет