ДЕҢГЕЙ
|
ЕТІСТІКТЕР
|
БІЛУ ЖӘНЕ ТҮСІНУ
|
атайды
назар аударады
есте сақтайды
талқылайды
анықтайды
айтады
жазады
қайталайды
көрсетеді
хабарлайды
түсіндіреді
аударады
ауыстырады
тізбегін көрсетеді
әңгімелейді
табады
салыстырады
шолу жасайды
пікір білдіреді
айтады
резюме жасайды
тізімдейді
нөмірлейді
ретімен қояды
сурет салады
өз сөзімен айтады
табады
жалпылайды
|
6-сабақ
Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылықтың орташа деңгейі тапсырмаларының құрылымы
Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылық – адамның жаратылыстану ғылымдарының дамуына және олардың жетістіктерін пайдалануға байланысты мәселелерге қатысты белсенді азаматтық ұстанымды ұстану қабілеті, оның жаратылыстану идеяларына қызығушылық танытуға дайын болуы. Жаратылыстану ғылымы тұрғысынан сауатты адам жаратылыстану ғылымдары мен технологияларға қатысты мәселелерді дәлелді түрде талқылауға қатысуға ұмтылады, бұл одан: ғылым тұрғысынан түсіндіру; жаратылыстанушылық-ғылыми зерттеулердің ерекшеліктерін түсіну; деректерді ғылыми тұрғыдан түсіндіру және қорытынды жасау үшін аргументтерді пайдалану, теориялық білімін тақырыпқа сай қолдана білу құзыреттерін талап етеді. Бұл дағдылар – жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылықтың орташа деңгейіндегі тапсырмаларды орындауға қажет машықтар.
Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылықтың орташа деңгейін сипаттайтын құзыреттер мен дағдылар: құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіндіру, табиғи және техногендік құбылыстардың түсіндірмелерін білу, ұсыну және талдай алу, тиісті жаратылыстану ғылымына тән білімін еске түсіру және қолдану, түсіндіру модельдері мен көріністерін тану, пайдалану және құру, тиісті болжамдар жасау және оны дәлелді түрде көрсете білу.
Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу оқушылардың биология пәнінен жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылығын анықтауға арналған 8 тапсырмадан тұрады. Әр тапсырма оқу мақсатына сәйкес құрастырылады және орташа деңгейдің тапсырмалары жалпы 8тапсырманың 50%-ын, яғни 4 сұрақты құрайды. Тапсырмалар тест түрінде беріледі, нұсқалардың ішінен бір дұрыс жауапты таңдау керек. Әр дұрыс жауапқа 1 балл беріледі және оқушы биология пәнінен 8 балл жинай алады.
Орташа деңгейде оқушылар негізгі білім мен дағдыларды дұрыс еске түсіру және қолдану; қарапайым модельдерді тану, жаңа жағдайларда талдау және салыстыру қабілетін; деректерді жалпылау, жүйелеу және пайдалану; дәлелдерді, ақпаратты жалпылау және тұжырымдау; қорытынды жасау дағдыларын көрсетеді.
Тапсырмада қарастырылатын жаратылыстану ғылымына тән білімнің типі мен контекст жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылықты бағалау әдістемесі бойынша оқушылардың орташа білім деңгейін бағалау кезінде, танымдық деңгейдің ортаңғы сатысындағы тапсырмалар арқылы іске асады.
Достарыңызбен бөлісу: |