Зерттеуді ұйымдастырудың жалпы тәсілдері
Ғылыми зерттеу – объективті шындық туралы шынайы білім алуға бағытталған қызмет.
Ғылыми зерттеу элементтері:
Зерттеудің мақсаты – зерттеуші жұмысын аяқтағанда қол жеткізгісі келетін түпкі нәтиже.
Зерттеу объектісі – субъектінің танымдық қызметі бағытталған шындықтың фрагменті.
Зерттеудің мәні (нысаны) – зерттеуге тікелей қатыстырылатын объектінің бір бөлігі.
Гипотеза – мәселенің ықтимал шешімі болатын ғылыми тұжырым, шынайы мәні анық емес болжам, яғни зерттеудің мақсаты болатын қандай да бір дәлелдер қажет.
Мысалы, зерттеуіңіздің объектісі – бақшадағы құмырсқаның илеуі, ал зерттеудің мәні (нысаны) құмырсқалар мен зиянкестердің қарым-қатынасы болсын. Бұл жағдайда зерттеудің мақсаты – бақшада бітелердің (биттердің) таралуындағы құмырсқалардың рөлі, ал гипотеза – құмырсқалар бітелерді бүкіл бақшаға таратып, оны жыртқыш жәндіктерден қорғайды деген болжам.
Қазіргі ғылымда зерттеу жүргізгенде «айнымалы» деген ұғым қолданылады.
Айнымалылар
Тәуелсіз айнымалы – эксперимент жасайтын адам өзгертетін айнымалы. Экспериментте бұл – тәуелді айнымалыға немесе айнымалыларға қалай әсер ететінін байқай алу үшін әдейі өзгертілетін кез келген айнымалы.
Тәуелді айнымалы – тәуелсіз айнымалының енгізілуіне жауап ретінде өзгеретін фактор, яғни оның мәні – тәуелсіз айнымалының немесе айнымалылардың өзгеруінің нәтижесі.
Бақыланатын айнымалы – эксперимент барысында өзгермеуге тиіс жағдай.
Ғылым тұрғысынан зерттеуге болатын және көбіне «қалай?» және «неге?» дейтін сауалдарға жауап беретін әртүрлі сұрақтарды ажырата білу қабілетін қалыптастыратын тапсырмалар тобын қарастырып көрейік.
Ұзақмерзімді жоспардың бөлімі: Заттарды тасымалдау
Сабақтың тақырыбы: Аурудың алдын алудағы вакцинацияның рөлі
Оқу мақсаты: 8.1.3.6 аурудың алдын алудағы вакцинацияның рөлін бағалау
Бағалау критерийлері:
иммунитет түрлері мен олардың ерекше қасиеттері айқындалады;
«екпе, вакцина, вакцинация, сарысу» ұғымдары түсіндіріледі;
аурулардың алдын алудағы вакцинацияның рөліне баға беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |