Стандартты тапсырмалар – проблема графиктері, кестелері бар мәтін ішінде берілген және олармен байланысты сұрақтар келтірілген, қағаз жеткізгіштердегі (бірақ компьютерлік тестілеу форматына көшірілген) PISA зерттеуіне тән дәстүрлі тапсырмалар.
Интерактивті тапсырмалар – компьютерлік модельдеу түріндегі интерактивті материалды және онымен байланысты сұрақтарды қамтитын компьютерлік тестілеуге арналған тапсырмалар.
«Парниктік әсер» тақырыбы
Бұл мысалда Жер атмосферасының орташа температурасының жоғарылауы туралы мәселе қозғалған. Қолдану саласы: жаһандық контекстегі қоршаған ортаның сапасы.
1/6
«Тіс жегісі» тақырыбы
Біздің ауыз қуысымызда тіршілік ететін бактериялар тіс жегісін тудырады. Тіс жегісі XVII ғасырдың басынан бастап, яғни қант өнеркәсібінің дамуына байланысты қант көпшілікке қолжетімді болған кезден бастап проблемаға айналды. Бүгінде біз тіс жегісі туралы көп дерек білеміз. Мысалы:
оны тудыратын бактериялар қантпен қоректенеді;
қант қышқылға айналады;
қышқыл тістердің беткі қабатын бұзады;
тіс тазалау тіс жегісінің алдын алуға көмектеседі.
1-тапсырма
Тіс жегісінің дамуында бактериялар қандай рөл ойнайды?
A) бактериялар эмаль өндіреді
B) бактериялар қант өндіреді
C) бактериялар минералдарды өндіреді
D) бактериялар қышқыл өндіреді
Жауабы: ______________
⠀
2-тапсырма
Графикте әртүрлі елдегі қантты тұтыну көлемі мен тіс жегісі жағдайларының саны көрсетілген. Мұндағы әр ел нүктемен белгіленген.
Графикте берілген деректер қай тұжырымды растайды?
A) Кей елдерде адамдар басқаларға қарағанда тісін жиі тазалайды.
B) Адамдар қантты неғұрлым көп жесе, тіс жегісінің пайда болу ықтималдығы соғұрлым артады.
C) Соңғы жылдары көп елде тіс жегісі ауруының саны өскен.
D) Соңғы жылдары көп елде қант тұтыну мөлшері айтарлықтай өскен.
Достарыңызбен бөлісу: |