2-сабақ Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылықты бағалау тәсілдері


Жауабы: ______________  ⠀ 4-тапсырма



бет49/54
Дата31.01.2024
өлшемі1.59 Mb.
#490321
түріСабақ
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
ббжм

Жауабы: ______________ 

4-тапсырма
Қолайлы жағдайға тап келгенде көк-жасыл балдырлар 20-минуттың соңына қарай екі бактерияға бөлінеді, олардың әрқайсысы келесі 20 минуттың соңында тағы да екіге бөлінеді, солай жалғаса береді. Тәуліктің соңына қарай қанша бактерия пайда болады?
A) 4722366482869645213695
B) 4722366482869645213696
C) 3722366482869645213695
D) 5722366482869645213695
Жауабы: ______________ 

«Ұлу» тақырыбы
Жүзім ұлуы – еліміздегі ең үлкен құрлық ұлуларының бірі және оның түрі бәрімізге таныс: денесі асимметриялық, кең әрі жалпақ «аяқтары», қос қармауышы мен қос көзі бар. Бақалшағының түсі сары-қоңыр түстен қошқыл ақ түске дейін жетуі мүмкін. 

1-тапсырма
Бақалшақтың түсі неге байланысты болады?
A) тұтынатын қорегіне 
B) жасына 
C) бақалшақ пішініне 
D) бақалшақтағы иірім санына 
Жауабы: ______________ 

2-тапсырма
Ұлудың жасын қалай анықтайды?
A) бақалшақ саңылауы жиегінің қалыңдығына қарап 
B) бұлшықеттің жиырылуына қарап 
C) бақалшағының түсіне қарап 
D) бақалшағының пішініне қарап 
Жауабы: ______________ 

12- сабақ


Оқу бағдарламасы аясында жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылық бағытының құзыреттерін дамыту


Оқу бағдарламасы аясында «Құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіндіру» құзыретін дамыту
Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылықты қалыптастыру және МЖМБС білім беру нәтижелеріне қол жеткізу міндеті оқу қызметінің мазмұнына және мұғалімнің құзыретіне белгілі бір талаптар қояды. Оқу қызметі өнімді болуы (репродуктивті сипатқа қарағанда) және мынадай қызмет түрлерін қамтуға тиіс: 

  • құбылыстарды түсіндіру және сипаттау; 

  • құбылыстар мен процестердің модельдерін пайдалану және жасау; 

  • өзгерістерді болжау; 

  • қолда бар мәліметтерге сүйеніп тұжырым жасау

  • осы тұжырымдарды талдау және олардың дәйектілігін бағалау; 

  • гипотезалар ұсыну және оларды тексеру тәсілдерін анықтау; 

  • зерттеу мақсатын тұжырымдау; 

  • зерттеу жоспарын құру

  • жаратылыстану ғылымдарының мәселелері бойынша пікірсайыс. 

Сәйкесінше, сабақ материалы жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылық құзыреттілігін қалыптастыратын осындай қызметті ұйымдастыруға және оқу міндеттерін қоюға негіз болуға тиіс. 
Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылықты қалыптастырудың бір тәсілі – жаратылыстану пәндерінің бәріне ортақ оқу тапсырмаларының номенклатурасын түзу. Ол әрбір пән бойынша берілетін оқу тапсырмасының типтерін түгел қамтымайды, бірақ дәл осы жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылықты анықтайтын құзыреттіліктерді қалыптастыруға тікелей бағытталған тапсырмаларды сипаттайды. Негізгі үш құзыретке сәйкес тапсырмалардың үш тобын бөліп қарастыруға болады. 
PISA форматындағы тапсырмалар мұғалімнің бір уақытта бірнеше мәселені шешуіне: 

  • білім алушының оқу құзыретінің даму деңгейін, яғни оқушы мәтінді қаншалықты түсініп, одан қажет ақпаратты ала алатынын бағалауға; 

  • пәндік білім мен іскерліктер деңгейін бағалауға

  • жалпы оқуға икемділік пен дағдылардың (интеллектуалдық, танымдық, жазу және сөйлеу мәдениеті, т. б.) даму деңгейін бағалауға; 

  • өз бетінше білім алу қабілетін және қазіргі заманға дұрыс бейімделуге қажет әдіс-тәсілдерді таңдау, яғни қалыптан тыс жағдайларда нәтижелі әрекет ету қабілетін бағалауға; 

  • зерттеу құзыретін дамыта отырып пәнге деген танымдық қызығушылығын қалыптастыруға; 

  • оқушылардың әр пәнге және жалпы білімге қатысты үлгерімін салыстыруға жағдай жасауға; 

  • ағымдағы және күтілетін нәтижелер арасындағы айырмашылықты азайту жолдарын анықтауға мүмкіндік береді. 

Ғылыми таным әдістеріне, яғни ғылыми білім алу амалдарына жататын және құзыреттердің біріншісіне сәйкес келетін тапсырмалардың алғашқы тобын қарастырайық. 
Биология, 8-сынып 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет