2-сабақ Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылықты бағалау тәсілдері


Білім беру процесінде оқушылардың оқуға қабілетіндегі кемшіліктерді жою үшін мұғалім нені өзгертуі керек?



бет51/54
Дата31.01.2024
өлшемі1.59 Mb.
#490321
түріСабақ
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
ббжм

Білім беру процесінде оқушылардың оқуға қабілетіндегі кемшіліктерді жою үшін мұғалім нені өзгертуі керек? 
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру және дамыту мақсатында сабақ материалы жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылық құзыреттерін қалыптастыратын қызметті ұйымдастыруға және оқу әрекетіндегі міндеттерді қоюға «себеп тудыруы» керек. Осылайша, география, биология, физика және химия пәнінің кез келген сабағының мазмұнын өзінше тестілеуге болады. Бұл тестілеудегі сұрақтардың жалпы мәні келесідей. Сабақтың мазмұны өнімді сұрақтар мен тапсырмалар құрастыруға мүмкіндік бере ме? Сабақтың мазмұны мынадай сұрақтар (тапсырмалар) құрастыруға мүмкіндік бере ме: «Баяндалған фактілер қалай алынған?», «... қатысты қандай гипотеза ұсынуға болады?», «Бұл гипотезаны қалай тексеруге болады?». «Ғылыми зерттеуді бағалау және әзірлеу» құзыреті аясында жаратылыстану циклінің сабақтарында PISA форматындағы тапсырмаларды қолдану осы сұрақтарға жауап беруге арналған. 
Қабілет: ғылыми әдістермен зерттеле алатын сұрақтарды, идеяларды немесе мәселелерді анықтай алу 

Тапсырманың шарты 

Оқушының әрекеті 

Зерттеудің немесе деректерді жинау және салыстыру рәсімінің сипаттамасы

Тексерілген (немесе тексерілуі мүмкін) идеяны немесе гипотезаны таңдау (ұсынылғандардың ішінен) немесе тұжырымдау 

Ғылыми зерттеуді қолданып, қойылған сұрақтарға (мәселелерге) жауап алуға болатын жағдайдың сипаттамасы 

Ғылыми зерттеуді қолданып, жауап алуға болатын сұрақты (мәселені) тұжырымдау 

Берілген жағдайдан немесе осы жағдайға сәйкес келетін бірнеше сұрақ (гипотеза) 

Ғылыми зерттеуді қолданып, жауап алуға болатын сұрақты немесе сұрақтарды таңдау 




Тексерілуі тиіс идея немесе гипотеза

Берілген идеяларды, гипотезаларды немесе соған негізделген болжамды тексеру үшін не қажет екені туралы ақпаратты таңдау немесе ұсыну. Ақпарат мыналарды қамтуы мүмкін: 
a) нені салыстыру керек; 
b) қандай айнымалыларды өзгерту, ал қайсысын тұрақты (бақыланатын) етіп қалдыру керек; 
c) қандай қосымша ақпарат қажет
d) керек мәліметті жинау үшін не істеу керек. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет