2-сабақ Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылықты бағалау тәсілдері



бет14/54
Дата31.01.2024
өлшемі1.59 Mb.
#490321
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   54
ббжм

Процесті саралау мыналарды: 


Оқушыларды қабілеттері әртүрлі шағын топтарға бөлу үлгерімі нашар білім алушыларға жақсы оқитын оқушылардың қолдауына сүйенуге мүмкіндік береді, ал неғұрлым қабілетті білім алушылар «тең – теңімен» қағидатымен бүкіл топтың өзара оқып-үйренуін ұйымдастыруға және жүргізуге мүмкіндік алады. Сонымен қатар топтық жұмыс әр оқушының дағдыларын, қабілеттерін және қажеттіліктерін ескере отырып, топ ішіндегі рөлдерді үлестіруге мүмкіндік береді. 
Уақыт бойынша саралау білімді меңгеру деңгейлері мен қабілеттеріне сәйкес оқу процесін, оқыту әдістемесі мен бағалауды белгілі бір уақытта тапсырма орындау талабына бейімдеуді көздейді. Осылайша, әр оқушының жеке жұмыс қарқыны ескеріледі. 
Диалогтік оқыту оқу диалогін қолдануға негізделген. Ол – сыныпта саралаудың ең көп қолданылатын түрі. Бұл әдісті қолданғанда мұғалімнің рөліне баса назар аударылады, ол қай оқушыларға егжей-тегжейлі және қарапайым түсініктеме беру қажет екенін және қайсысы күрделі деңгейдегі диалогке қатыса алатынын анықтай отырып, проблемаларды шешуді ұйымдастыруы, бағыттауы және жағдай жасауы керек. Педагог қажет жауаптарды алу, кері байланыс алу және неғұрлым қабілетті оқушыларды анықтау үшін фронталды сауалнаманы пайдалана алады. 
Түпкі нәтижелерді саралау барлық оқушының бір тапсырманы орындауын көздейді, бірақ әртүрлі нәтиже алынады деп күтіледі және құптарлық жағдай деп есептеледі. Бірдей тапсырма орындау арқылы білім алушылар өз қабілет-қарымының деңгейіне қарай жеке нәтиже көрсетеді. Қабілеті төмен оқушылардың жетістікке жету деңгейінің төмендеу қаупі бар, алайда барлық білім алушыға қолданылатын қағидаттардың нақты жиынтығын белгілеу арқылы осы тәуекелді біршама жеңілдетуге болады. Бұл диалог, эмоциялық қалып-күй, психологиялық ахуал және оқушыларға үнемі қолдау көрсету болуы мүмкін. 

Биология сабақтарында оқытуды саралау әдістері




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет