2-сабақ Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылықты бағалау тәсілдері



бет17/54
Дата31.01.2024
өлшемі1.59 Mb.
#490321
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   54
ббжм

«Суреттерді сөйлету» әдісі
Терминдер мен анықтамаларды көрнекі түрде бейнелейтін суреттер өтетін материалды жақсырақ түсінуге ықпал етеді. Кез келген ресурстағы тиісті суреттерді қолданып, сараланған тапсырма құрастыруға болады. Суреттердің тағы бір артықшылығы – олар сіз қолдана алатын мәтін көлемін шектейді (көлемді мәтіндерді қолданбаған дұрыс). Суреттерді сабақтың кез келген кезеңінде қолдануға болады. 
Мысалы, жүректің құрылысын зерттегенде суреттерді қолданатын тапсырмалар: 

«Терінің құрылысы мен қызметі» тақырыбы, 7-сынып 
Топтық жұмыс 
«Креативті матрица» әдісі 
Сыни ойлау қабілетін дамытуға, өз бетінше жауап іздеуге ықпал етеді, қойылған сұрақтарға әртүрлі аспекті тұрғысынан қарауға мүмкіндік береді. Білім алушылар топпен жұмыс істейді, топтың әр мүшесінің пікірі мен ұсыныстарын ескере отырып, креативті матрицаны толтырады. 
Cаралау: тапсырмалардың күрделілік деңгейі бойынша, орындау қарқыны бойынша, дереккөздермен жұмыс бойынша, қолдау деңгейі бойынша. 
№ 1 топ (базалық деңгей) 
«Терінің құрылысы» креативті матрицасы 
Сұрақтар: 
Адам терісі құрылысының ерекшеліктері неде? 
Оның құрамына қандай құрылымдық компоненттер кіреді? 

Қалай оқимыз? 

Нәтиже: 







Критерий: оқушы терінің құрылымдық компоненттерін және олардың қызметін анықтайды. 
№ 2 топ (орташа деңгей) 
«Терінің қызметі» креативті матрицасы 
Сұрақтар: 
Адам терісінің қызметі қандай? 
Тері құрылымының қандай ерекшеліктері осы қызметтерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді? 

Қалай оқимыз? 

Нәтиже: 







Критерий: оқушы терінің қызметін негіздейді. 
№ 3 топ (жоғары деңгей)
«Тері және бөліп шығару» креативті матрицасы 
Сұрақтар: 
Бөліп шығару процесіндегі терінің рөлі қандай? 
Терінің бұл қызметі қалай реттеледі? 

Қалай оқимыз? 

Нәтиже: 







Критерий: оқушы тер шығаруды реттеу механизмін талдайды. 
Топтар жұмысының нәтижелерін ұсыну: «Идеяларды таратушы» әдісімен үйлестірілген «Әткеншек (карусель)» әдісі
Топтағы білім алушылардың бірі топтың жұмысын қорғау үшін орнында қалып, «идеяларды таратушы» рөлін атқарады. Барлық топ сағат тілінің бағытымен қозғала отырып, басқа топтардың материалдарымен мұқият танысып шығады. Оқушылар тақырып бойынша сұрақтар қойып, пайымдаулар жасайды, пікір алмасады, түрлі түсті стикерлерге өз түсініктемелерін (комментарий) жазып қалдырады. 
Нәтижелерді саралау 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет