2-сабақ Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылықты бағалау тәсілдері



бет54/54
Дата31.01.2024
өлшемі1.59 Mb.
#490321
түріСабақ
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
ббжм

Биология, 8-сынып 
Ұзақмерзімді жоспардың бөлімі: Жасушалық биология 
Сабақтың тақырыбы: Эукариот және прокариот жасушаларын салыстыру 
Оқу мақсаты: 8.4.2.2 эукариот және прокариот жасушаларының құрылысын салыстыру 
Бағалау критерийлері: 

  • эукариот және прокариот жасушаларының компоненттерін таниды; 

  • эукариот және прокариот жасушаларының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды. 

«Сорпа ма әлде қала ма?» тапсырмасы 
Жасушалардың органоидтар немесе органеллалар деп аталатын мүшелері бар. Жасушаның сыртындағы плазмалық мембрана оны қоршаған ортадан бөліп тұрады. Өсімдік жасушаларында мембрананың үстінде жасуша қабырғасы – қабықша орналасқан. Жасуша ішіндегі сұйықтық цитоплазма деп аталады. Ол үнемі қозғалыста болады. Митохондриялар жасушаның тіршілігіне қажет энергияны өндіреді, лизосомалар жасушаға түскен қоректі қорытуға көмектеседі. Рибосомаларда жасушаға қажет нәруыздар синтезделеді. Эндоплазмалық тор, метро желілері сияқты, жасушаға еніп, оның бойымен әртүрлі заттарды тасымалдайды. Ядро – ең маңызды органоид. Ол жасушадағы барлық процесті басқарады, онда жасуша бөлінген кезде тұқым қуалайтын ақпаратты сақтайды және осы ақпаратты еншілес жасушаларына береді. Екі оқушы жасушаның не екені жайында дауласып отыр. Оқушылардың бірі жасушаны ішінде бір-бірімен әрекеттесетін әртүрлі заттар қалқып жүретін сорпамен салыстыруға болатынын айтады. Екіншісінің айтуынша, жасушаны барлық қызмет көрсету мекемесі өзара байланысты болатын қаламен салыстыруға болады.

Сұрақ: Сіз кімнің пікірін қолдайсыз және неліктен? 
Тапсырманың сипаттамасы мен бағалау критерийлері (PISA) 
Білімнің мазмұндық саласы мен түрі: тірі жүйелер, мазмұндық білім 
Құзырет: деректерді түсіндіру және қорытынды жасау үшін ғылыми дәлелдерді пайдалану 
Бағаланатын қабілет: өмірлік жағдаяттарда жаратылыстану ғылымдарына тән білімді қолдану, логикалық пайымдаулар жасау 
Контекст: қоршаған орта 
Жағдаят: жеке 
Күрделілік деңгейі: орташа 
Жауап форматы: жабық

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет