Сәйкестендіру тапсырмалары:
сұрақ, атаулар, тұжырым, жоспар тармақтары, сурет, белгі, диаграмма, схемалар мен мәтін бөліктері (қысқа мәтіндер) арасындағы сәйкестікті табу;
мәтін мазмұнына сәйкес терминдерді, ұғымдарды, суреттерді, схемаларды және т. б. табу;
терминдерді мәтіндегі сөздермен байланыстыру (анықтамаларға сәйкестікті табу).
Ақпаратты тасымалдауға арналған тапсырмалар:
Бірнеше таңдау тапсырмалары:
ұсынылған нұсқалардың ішінен дұрыс жауапты табу;
мәтіннің мазмұнына сәйкес келетін және сәйкес келмейтін, мәтінге қатысы бар немесе қатысы жоқ тұжырымдардың нұсқаларын анықтау;
мәтіннің мазмұнына қатысты ақпараттың ақиқат немесе жалған екенін анықтау.
Ақпаратты толықтыруға арналған тапсырмалар:
мәтіндегі бос орындарды сөйлемдермен, бір немесе бірнеше сөзбен толтыру;
сөйлемдерді толықтыру (аяқтау);
берілген сөздер бойынша пайымдауды тұжырымдау (тұжырым, ереже, заңдылық құрастыруға қажет сөздер, терминдер жиынтығы).
Тапсырманың мысалы
Тапсырманың мысалы: «Антибиотиктер»
Неліктен дәрі-дәрмектер енді әсер етпейді?
Британдық ғалым Александр Флеминг 1929 жылы «жасыл зең пенициллин микробтарды өлтіреді» деген тұжырым жасады. Бұл микробтарға қарсы «антибиотиктер» деп аталатын препараттардың үлкен тобының пайда болуына әкелді.
Антибиотиктерді қолдану оба, тырысқақ, туберкулез және т. б. аурулардан болатын өлім-жітімді бірнеше есе азайтуға мүмкіндік берді.
Осы дәрі-дәрмектерді жасау арқылы адамзат бактериялар мен саңырауқұлақ инфекцияларынан туындаған аурулармен күресуде күшті қаруға ие болды, бірақ бірте-бірте қарудың әлсіреп, ал жаудың күшейе түскенін анықтады. Бактериялар да бізден қорғанатыны белгілі болды: олар біздің жою құралдарымызбен «танысып», модификацияланады және біз олармен күрескіміз келетін препараттарға төзімділік (резистенттілік) көрсете бастайды.
Жарты ғасыр бұрын жасалған және алғашында жақсы әсер еткен көптеген антибиотиктер қазір бактерияларға әсер етпейді. Микроорганизмдер үздіксіз көбейіп, гендерін «ұрпақтарға» береді, оған қоса оларды «көршілермен» алмастырады. Бірақ антибиотиктер адамдарға ғана емес, адам өсіретін жануарларға (сиыр, тауық, балықтар) да беріледі. Кейде емдеу үшін емес, жай ғана «ауырмас үшін».
Барлық антибиотикке төзімді супербактериялар пайда болды.
АҚШ-та белгілі бір антибиотиктерге төзімді бактериялар жылына 2 миллионға жуық адамға әсер етеді, ал олардың 23 мыңын құтқару қолдан келмейді.
Ғалымдар күшті, қымбатырақ жаңа дәрі-дәрмектерді жасауда көп күш жұмсайды, ал бактериялар түрленіп отыратындықтан оларға қарсы еш әсері болмайды. Бұл таңқаларлық емес: адамзат миллиондаған жылдар бойы, ал бактериялар болса миллиардтаған жылдар бойы өмір сүріп келеді. Осы уақыт ішінде олар қоршаған ортаға бейімделіп, өзгеріп, сақталып қалды. Бірақ адамдар бактерияға қарсы препараттарды жасау арқылы бейімделу процесін жеделдетті. Адамдар мен бактериялар арасында «кім кімді жеңеді?» деген жарыс пайда болды.
Бактерияларға соғыс жариялау арқылы біз олардың көпшілігін күшейттік, енді олардың біз үшін қаупі соншалықты, оны лаңкестік қаупімен салыстырады.
Достарыңызбен бөлісу: |