2-сабақ Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылықты бағалау тәсілдері



бет34/54
Дата31.01.2024
өлшемі1.59 Mb.
#490321
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   54
ббжм

Әдіс 

Дағдыларды жетілдіру 

Проблемалық-іздеу әдісі 

Мәтіндегі проблеманы бөліп көрсету, оны талқылау. 

Пікірталас және талқылау 

Талқыланатын мәтіннен туындайтын проблемалық мәселелер бойынша ұжымдық пікір алмасу. Мағынасын түсініп оқу арқылы өз дамуын тәуелсіз басқару. 

Модельдеу және суреттеу 

Қиялдауды, абстрактілі ойлауды, фантазия мен шығармашылықты дамыту. 

Оқыту процесінде түсініп оқудың негізгі дағдыларының дамуын қамтамасыз ету қажет:

  • оқу мақсаттарын түсіну қабілеті

  • оқылым түрін оның мақсатына қарай таңдай білу; 

  • мәтіннен қажетті ақпаратты ала білу;

  • негізгі және қосалқы ақпаратты анықтай білу; 

  • ғылыми, публицистикалық және ресми-іскерлік стильдердің мәтіндерін еркін бағдарлай және қабылдай білу

  • тілдік бұқаралық ақпарат құралдарын түсіну және барабар бағалау қабілеті. 

Түсініп оқуды ұйымдастырудың ерекшеліктері
Жаратылыстану циклі сабақтарында қолданылатын мәтіндердің мынадай түрлері бар: 

  • тест сұрақтары және еркін жауап беру форматындағы тапсырмаларын орындау үшін негіз ретінде

  • схема, кесте, рефератты толтыру немесе құрастыру үшін негіз ретінде; 

  • мәтін нәтижесінде жаңа мәтін (мысалы, ақпарат парағы және т. б.) шығатын шығармашылық тапсырманы орындауға арналған негіз ретінде

  • ақпаратты оқшаулауға және оның шынайылығын бағалауға арналған көркем шығарманың мәтіні (мәтін бөлігі). 

Сабақ барысында және сабақтан тыс жұмыстарда түсініп оқу және мәтінмен жұмыс істеу білім алушылардың танымдық қызығушылығын дамытуға ықпал етуі үшін олардың танымдық қажеттіліктерін, жас және жеке психологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет; оқушыларды оқытудың белсенді әдістерін қолдану арқылы белсенді шығармашылық іс-әрекетке шақыру; оларға оқу іс-әрекетінде дербестік көрсетуге және бастама жасауға мүмкіндік беру. 

Мәтінмен жұмыс істеудің әр бағыты ұтымды ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті негізінде кезең-кезеңімен қалыптастырылуы қажет бірқатар дағдылар мен қабілеттерді қолдануды білдіреді. Түсініп оқуды ұйымдастырудың негізгі ерекшеліктері кестеде келтірілген. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет