1-тапсырма.
Супербактериялардың не екенін дәл түсіндіретін анықтаманы көрсетіңіз.
А. өлімге әкелетін ауруларды тудыратын бактериялар
В. тек күшті антибиотиктер арқылы күресуге болатын бактериялар
С. барлық басқа бактерияларға қарағанда күшті бактериялар
D. антибиотиктер әсер етпейтін бактериялар
Е. өлмейтін бактериялар
Дұрыс жауабы: D (антибиотиктер әсер етпейтін бактериялар).
2-тапсырма.
Мәтін авторы мәтінге «тіркелген антибиотиктер» диаграммасын қандай мақсатта қосты?
А. жаңа антибиотиктердің күшейе түсуін көрсету үшін
В. жаңа антибиотиктердің қымбаттауын көрсету үшін
С. жаңа антибиотиктерді шығару азайып бара жатқанын көрсету үшін
D. жаңа антибиотиктердің бұрынғыға қарағанда нашар екенін көрсету үшін
Е. жаңа антибиотиктердің арзанырақ екенін көрсету үшін
Дұрыс жауабы: С (жаңа антибиотиктерді шығару азайып бара жатқанын көрсету үшін).
3-тапсырма.
Ежелгі Мысырда көгерген нанды жарақат орындарына басқан. Сіздің ойыңызша, ол емдік әсер етуі мүмкін бе?
иә
жоқ
Жауабыңызды түсіндіріңіз: ____________________________________________________________________________________________
Дұрыс жауабы: ИӘ, негіздемеде зеңде антибиотик (пенициллин) болуы мүмкін екені көрсетіледі.
Жауап мысалдары:
Иә. Алғашқы антибиотиктер зеңнен жасалды және олар микробтарды өлтірді.
Иә. Жасыл зеңнен алынған пенициллин микробтарды өлтіреді.
Иә. Көгерген нан антибиотиктер шығарды, жараның тез жазылуына көмектеседі.
Глоссарий
Нақты ақпарат – белгілі бір объектіні немесе құбылысты зерттеу немесе талдау нәтижесінде пайда болатын мәліметтер, фактілер мен ақпараттар жиынтығы.
Мәтіннің мағыналық құрылымы – мәтіннің ішкі құрылымы, оның бөліктерінің буындары. Мағыналық құрылым таңдалған стильмен және жанрмен анықталады.
Коммуникация (лат. communicatio, communico – бірлесіп жасау, байланыстыру, қарым-қатынас жасау) – қарым-қатынасты, ой, білім, сезім, іс-әрекеттермен алмасуды көздейтін адамдардың өзара әрекеттесуі.
Контекст – жазбаша немесе ауызша мәтіннің аяқталған ойы бар үзіндісі, оның жалпы мағынасы құрамындағы жеке сөздердің, сөйлемдердің және т. б. мағынасын нақтылауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |