2-сабақ Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылықты бағалау тәсілдері


Әлеуметтік-экологиялық дағдарыстардың шешімдерін іздеуде әртүрлі көзқарастарға құрмет көрсетіп, қызығушылық таныту



бет42/54
Дата31.01.2024
өлшемі1.59 Mb.
#490321
түріСабақ
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   54
ббжм

Әлеуметтік-экологиялық дағдарыстардың шешімдерін іздеуде әртүрлі көзқарастарға құрмет көрсетіп, қызығушылық таныту
Бұл құзыретке ие оқушылар: 

  • әрекеттерді «адамдар қоршаған ортадан бөлек емес, керісінше, оның бір бөлігі болып табылады» деген дүниетанымға (экоцентристік) негізделген бір-біріне және барлық түрге қамқорлық жасау этикасына сүйене отырып бағалай алады; 

  • қоғамдағы әділетсіздік жасау жолдарының көптігін мойындап, барлық адамға қауымдастық пен экожүйелердің әл-ауқатына үлес қосуға мүмкіндік беру үшін жұмыс істей біледі

  • әлеуметтік-экологиялық дағдарыстарға жауап қатуда жеке және ұжым боп табандылық танытып, үміт күттіріп, тиімділігін көрсете алады; 

  • проблемаларға қатысты әртүрлі көзқарасты құрметтеп, зардап шеккен қауымдастықтар мен экожүйелерді қалпына келтірудің шешімдерін іздей біледі.

Бұл құзырет эпистемологиялық нанымдарды; басқа адамдарға, басқа түрлерге және ғаламшарға қамқорлық жасауға бейімділікті; әлеуметтік-экологиялық дағдарыстарды шешуде әрекет етудің тиімділігі мен еркіндігі сезімін қоса алғанда, жаратылыстану ғылымдарына қатысты өзіндік ұстаным тұжырымдамасымен өлшенетін элементтерді қамтиды. Бұл құзырет мазмұндық білімді, процедуралық және эпистемологиялық білімді қажет етеді. 

Жаратылыстану ғылымдарына тән білім


Жаратылыстану ғылымдары бойынша білім бергенде дамытылатын үш құзырет үш түрлі білімді қажет етеді, олар: 

  • мазмұндық (пәндік) білім;

  • процедуралық білім; 

  • эпистемологиялық білім.

Мазмұндық (пәндік) білім
PISA–2025 тестілеуі арқылы жаратылыстану ғылымдары бойынша білім мазмұнының тек белгілі бір бөлігін ғана бағалауға болады. Бағаланатын білім мазмұны физика, химия, биология, Жер және ғарыш туралы ғылымдар сияқты негізгі ғылым салаларынан таңдалады. Солай бола тұра, пәндік білім: 

  • нақты өмірлік жағдайларға қатысы бар; 

  • бекітілген және пайдасы бар басты теориялардың ең маңызды ғылыми тұжырымдамаларынан тұрады

  • 15 жастағы балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді. 

«Адамдар физика және тіршілік, Жер және ғарыш туралы ғылымдар тұжырымдамаларының құрылымын түсініп, оларды білім элементтері өзара тәуелді болатын және пәнаралық контексте қолдануы керек» деген идеяны жеткізу үшін білім мазмұнының дескрипторларындағы «ғылымның» орнына «жүйелер» терминін қолданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет