Құзырет: құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіндіру
Ұзақмерзімді жоспардың бөлімі: 8.2А Заттарды тасымалдау
Сабақтың тақырыбы: Вакцинаның түрлері және олардың жүре пайда болған иммунитетті қалыптастырудағы рөлі. Жұқпалы аурулар және олардың алдын алу шаралары: амебалық қантышқақ (дизентерия), фитофтороз, тырысқақ (холера), күл ауруы (дифтерия), лейшманиоз, герпес
Оқу мақсаты: 8.1.3.6 аурудың алдын алудағы вакцинацияның рөлін бағалау
Бағалау критерийлері:
«екпе, вакцина, вакцинация, сарысу» ұғымдары түсіндіріледі;
аурудың алдын алудағы вакцинацияның рөлі бағаланады.
«Вакцинация тарихы» тапсырмасы
Мэри Монтегю әдемі әйел болатын. Ол 1715 жылы шешек ауруынан тірі қалды, бірақ терісін түгелдей тыртық басты. 1717 жылы Түркияда тұрған кезінде сол жерде әдетте екпе әдісі қолданылатынын байқайды. Бұл әдіс бойынша, дені сау жастардың терісін білінер-білінбестей етіп тіліп, кәдімгі шешек вирусының әлсіз түрін енгізетін. Бұдан кейін олар ауыратын. Бірақ көбіне ауру жеңіл түрде өтетін.
Мэри Монтегю екпенің қауіпсіз екеніне сеніп, өзінің ұлы мен қызына екпе салуға рұқсат берді.
1796 жылы Эдвард Дженнер кәдімгі шешекке қарсы антидене қалыптасуы үшін, шешектің бір түрі – ірі қара малдан жұғатын шешектің екпесін қолданды. Кәдімгі шешек екпесімен салыстырғанда оның жанама әсері аз болды және екпе жасалған адам басқаларға ауру жұқтырған жоқ. Бұл әдісті вакцинация деп атай бастады.
Сұрақ: Адамдарға қандай ауруларға қарсы екпе егуге болады?
A. гемофилия сияқты тұқым қуалайтын ауруларға қарсы
B. полиомиелит секілді вирустың әсерінен пайда болатын ауруларға қарсы
C. қант диабеті сияқты ағза қызметінің бұзылуымен байланысты болатын ауруларға қарсы
D. дәрімен емделмейтін кез келген басқа ауруға қарсы
Тапсырманың сипаттамасы және бағалау критерийлері (PISA)
Құзырет: құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіндіру
Бағаланатын қабілет: процестің немесе құбылыстың өту барысы жайлы болжамдар жасау және ғылыми тұрғыдан негіздеу
Білімнің мазмұндық саласы мен түрі: тірі жүйелер, мазмұндық білім
Контекст: денсаулық
Жағдаят: жергілікті
Күрделілік деңгейі: төмен
Жауап форматы: бір дұрыс жауапты таңдау
Жауабы: B
Оқу бағдарламасы аясында «Ғылыми зерттеуді бағалау және әзірлеу» құзыретін дамыту
Достарыңызбен бөлісу: |