2-сабақ Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылықты бағалау тәсілдері


Шешім қабылдау және әрекет ету үшін ғылыми ақпаратты зерттеу, бағалау және пайдалану



бет40/54
Дата31.01.2024
өлшемі1.59 Mb.
#490321
түріСабақ
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   54
ббжм

Шешім қабылдау және әрекет ету үшін ғылыми ақпаратты зерттеу, бағалау және пайдалану
Соңғы онжылдықта ақпарат саны мен ағынының, сондай-ақ адамдардың осы ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндіктерінің қарқынды түрде өскені байқалады. Өкінішке орай, дәйекті әрі сенімді ақпарат ағынымен қатар, жалған ақпарат та, тіпті ең жаманы, бұрмаланған ақпарат та артып отыр. Ғылыми ақпаратқа келсек, оның дәйектілігі мен құндылығын анықтау үшін барлық азамат құзыретті болуы керек. 
«Ғылыми» деп мәлімделген ақпарат бойынша ешқандай нақты дәлелдер болмаса да, тіпті оның керісінше сенімсіз екеніне дәлелдер бар бола тұра, адамдардың мұндай ақпаратқа оңай сенуі алаңдатады. Ғылыми білімі бар адам мүдделер қақтығысының бар-жоғын, қалыптасқан ғылыми консенсус бар-жоғын және дереккөздің тиісті сараптамадан өткендігін анықтауға тырысатын күмәнмен қарайтын көзқарасты дамытудың маңызды екенін түсінуі керек. 
Бұл құзыреттің негізінде ғылымның қоғамдық құрылым екенін және оның мінсіз емес екенін түсіну жатыр. Жекелеген ғалымдар немесе топтар қателесуі мүмкін болса да, қауымдастықтың консенсусы сенімдірек, өйткені ол осы қауымдастықтағы бірнеше қайта тексерістен өткен ауқымды сараптамалық бағалаудың нәтижесі болып табылады. 
Білім алушылар: 

  • жаратылыстану ғылымдарына қатысты мәселелер бойынша шешім қабылдау үшін маңызы немесе құндылығы болуы мүмкін әртүрлі дереккөздің (ғылыми, әлеуметтік, экономикалық және этикалық) құндылығын және олардың аргументті немесе шешімді қолдауға қабілеттілігін іздеу, бағалау және хабарлау; 

  • сенімді ғылыми дәлелдемелерге, сарапшылық және сарапшылық емес пікірлерге негізделген тұжырымдарды ажырату, сондай-ақ олардың айырмашылықтарының себептерін көрсету; 

  • деректер жиынтығынан алынатын тиісті ғылыми қорытындыны қолдайтын аргументтер келтіру; 

  • ғылымға қатысты аргументтердің жаңсақ жорамалдар, себеп пен корреляция, қате түсіндірмелер, шектеулі деректер негізінде жалпылау секілді стандартты кемшіліктерін сынау; 

  • жеке немесе ұжымдық ғылыми аргументтерді пайдалана отырып, заманауи мәселелерді шешуге немесе тұрақты дамуға ықпал ететін шешімдерді негіздеу қабілеттерін көрсете отырып, әртүрлі нысандағы және контекстегі ғылыми ақпаратты, мәлімдемелер мен дәлелдемелерді зерттеп, бағалауы және тиісті қорытындылар жасауы керек. 

Бұл құзырет білім алушылардың процедуралық және эпистемологиялық білімі болуын талап етеді, бірақ, сонымен бірге, олар белгілі бір дәрежеде өздерінің жаратылыстану ғылымдарымен байланысты мазмұндық біліміне сүйене алады. 

Қоршаған орта туралы ғылымға тән құзыреттер


Қазіргі антропоцентрлік әлемде өсіп келе жатқан жас адам климат өзгеріп жатқан дәуірдегі тұрақтылық мәселелерін шешу үшін бірқатар құзыретке ие болуы қажет. Жаратылыстану ғылымдарын бағалау кезінде элементтері өлшенетін PISA–2025 «Қоршаған орта туралы ғылымға тән құзыреттер» тұжырымдамасының негізінде жатқан негізгі құзыреттер мыналарды қамтиды: 

  • адамның Жер жүйелерімен өзара әрекеттесуінің әсерін түсіндіру;

  • әртүрлі дереккөздерді бағалау және қоршаған ортаны қалпына келтіру және сақтау үшін шығармашылық және жүйелі ойлауды қолдану негізінде әрекет ету үшін негізді шешімдер қабылдау;

  • әлеуметтік-экологиялық дағдарыстардың шешімдерін іздеуде әртүрлі көзқарастарға құрмет көрсетіп, қызығушылық таныту. 

Осы құзыреттердің әрқайсысының негізінде когнитивті және когнитивті емес элементтердің қоспасы болып табылатын бірқатар қабілет жатыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет