2-сабақ Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылықты бағалау тәсілдері


Жауабы: ______________  ⠀ 3-тапсырма



бет48/54
Дата31.01.2024
өлшемі1.59 Mb.
#490321
түріСабақ
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   54
ббжм

Жауабы: ______________ 

3-тапсырма
Кей елдердегі тіс жегісі зақымдаған тістердің жан басына шаққандағы орташа саны айтарлықтай жоғары.
Ғылыми эксперименттер арқылы келесі сұрақтарға жауап алуға бола ма?

Сұрақтар 

Жауабы 

Құбырдан ағатын суға фтор қосылыстарын қосу тіс жегісі проблемасына қалай әсер етеді? 

Иә, болады/Жоқ, болмайды 

Стоматолог-дәрігердің тіс жегісін емдеу бағасы қанша тұруы керек? 

Иә, болады/Жоқ, болмайды 


«Микроорганизмдер» тақырыбы
Цианобактериялар – қалдығы Жерден (жасы 3,5 млрд жылдан асады) табылған ежелгі микроорганизмдерге ең жақыны. Оларды көк-жасыл балдырлар деп те атайды. Бұл ядросыз организмдердің жалғыз жасушасы екіге немесе бірден бірнеше бөлікке бөлінеді. Әрбір бөлік біртұтас функционалды организм болып табылады. 

1-тапсырма 
Егер олар екіге бөліну арқылы көбейсе, көбеюдің 15 циклінен кейін қанша көк-жасыл балдыр болады?
A) 32768
B) 16587
C) 12554
D) 14548
Жауабы: ______________ 

2-тапсырма
Ата-аналық дарақ қандай көбею түрін басқа дарақтармен тұқым қуалайтын ақпаратты алмаспай, дербес жүзеге асырады?
A) жыныссыз көбею 
B) вегетативті көбею 
C) фрагменттеу (дененің бөлінуі) 
Жауабы: ______________ 

3-тапсырма
Адам терісі үнемі жаңарып отырады. Қарапайым организмдердің тұтас мүшелері қалпына келуі мүмкін. Тірі организмдердің зақымдалған ұлпа мен мүшелерді қалпына келтіру қабілеті регенерация деп аталады. Төмендегі жыныссыз көбею әдістерінің қайсысы регенерацияға негізделмеген?
A) спора түзу 
B) бүршік жару 
C) фрагменттеу 
D) вегетативті көбею 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет