«Статистика – оңай дүние емес...» тапсырмасы
Ғалымдар қандай да бір мақсатқа жету үшін әртүрлі әдістерді қолданады. Төмендегі графиктерде 2017–2018 және 2020 жылдары тіркелген өкпенің қабынуы (пневмония) мен COVID-19 ауруына шалдығу және одан көз жұму жағдайларының салыстырмалы ақпараты берілген.
1-график. Пневмония мен COVID-19 ауруына шалдыққандар санын салыстыру (ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің дерегі бойынша)
2-график. Пневмония мен COVID-19 ауруынан қайтыс болғандар санын салыстыру (Статистика агенттігінің дерегі бойынша)
Ауру жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны туралы ақпарат берілген графиктердегі деректерді талдаңыз. Осы зерттеудің мақсатын анықтаңыз.
Тапсырманың сипаттамасы мен бағалау критерийлері (PISA)
Білімнің мазмұндық саласы мен түрі: тірі жүйелер, процедуралық білім
Құзырет: ғылыми зерттеуді бағалау және әзірлеу
Бағаланатын қабілет: осы зерттеудің мақсатын айқындау және тұжырымдау
Контекст: денсаулық
Жағдаят: жаһандық
Күрделілік деңгейі: жоғары
Жауап форматы: ашық жауап
Оқу бағдарламасы аясында «Деректерді түсіндіру және қорытынды жасау үшін ғылыми дәлелдерді пайдалану» құзыретін дамыту
Әдетте, орындау нәтижесі төмен болатын тапсырмалардың көбі – ғылыми дәлелдер мен негіздемелерді пайдалану қабілетінің қалыптасуын бағалайтын тапсырмалар.
Аталмыш құзыретке қатысты тапсырмалардың түрлерін қарастырайық.
Тапсырмалардың негізгі модельдері
1-тапсырма. Тапсырманың мәтінінде екі гипотеза келтіріліп, ғылыми зерттеуде анықталған үш факт сипатталады. Бұл фактілерді ұсынылған гипотезалармен сәйкестендіру, яғни ұсынылған гипотезалардың әрбірін қандай фактілер растайтынын көрсету керек.
2-тапсырма. Сипатталған эксперименттердің мүмкін болатын бірнеше нәтижесі келтіріледі. Олардың қайсысы шын мәнінде алынатынын таңдап, себебін түсіндіру керек.
3-тапсырма. Болып жатқан оқиғалар туралы ұсынылған тұжырымды негіздеу үшін кестеде берілген деректердің жеткіліктілігін бағалау.
4-тапсырма. Келтірілген графикті талдау негізінде оның бұрын тұжырымдалған қорытындыны растамайтын бөліктерін бөліп көрсету және өз жауабын түсіндіру.
5-тапсырма. Графиктегі мәліметтерді пайдалана отырып, тұжырым жасау және қарастырылып отырған жағдайда ұсынылған әдістердің қайсысы тиімдірек болатынын түсіндіру.
6-тапсырма. Эксперименттік немесе технологиялық қондырғының жекелеген элементтерінің сипаттамасы бойынша, осы қондырғыда қандай процестер жүретіні туралы тұжырым жасау.
Сабақтағы тапсырмалардың сипаттамасына қарап, деректерді талдау және қорытынды жасау ұсынылатын сұрақтарды (тапсырмаларды) тұжырымдауға болады. Ол үшін осындай талдаудың үлгілерін, мысалы, графиктер немесе кестелер түрінде берілген өлшеулер, есептеулер нәтижелерін ұсынуға болады. Сабақта пікірсайыс ұйымдастыруға мүмкіндік беру өте маңызды, өйткені пікірсайыста қандай да бір мәселеге қатысты бәсекелес көзқарастар баяндалады немесе түпкілікті түйін жасау үшін әзірге фактілер жетіспейтіні көрсетіледі. Пікірсайыс ғылыми жетістіктерді (өнертабыстық, инновациялық) пайдалану мүмкіндігіне қатысты болуы, сондай-ақ моральдық-этикалық және экологиялық аспектілерді қозғауы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |