2007 жыл мазмұны кіріспе 3 Аймақтардың қазіргі кезеңдегі даму бағыттары және әлемдік тәжірибе 4 Тарау Аймақ бағасы 9



бет3/13
Дата16.06.2016
өлшемі0.81 Mb.
#138271
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Тарау 2. Аймақ бағасы

Бүгінгі таңда аймақ ресурстарының құндылығы маңызды емес, нарық экономикасының талаптарына сай ресурстарды бейімдейтін және қайтадан қалыптастырушы аймақтық басшылық пен бизнестің мүмкіншіліктері маңызды болып отыр. Аймақ экономикасының бағасы экономикалық, әлеуметтік, технологиялық факторларға, бизнес-ортасы мен институтционалдық дамуға негізделген (сурет-схема 1).


1 Кесте. Аймақтық дамуға әсер етуші факторлар


2.1. Экономикалық факторлар




Табиғи потенциал


Облыс Сарыарқаның оңтүстік бөлігінде орналасқан. Оның Батысында Торғай жері, оңтүстігінде Бетпақдала және Балқаш көлі орналасқан. Облыс рельефы - жоталы, ұсақ құмды, төбелі жазық. Облыстың батысында Ұлытау таулары, шығысында Қарқаралы, Кент, Қу, Қызылтас, Қызыларай, Кешубай және басқа таулар; оңтүстік-батыс және оңтүстігінде Аралдық, Карақұм, екі Мойынқұм, Жетіқоңыр құмды массивтері бар.

Облыс - минералды-шикізат ресурстарына бай. Облыста көмір, жез, қорғасын, марганец, темір, молибден, вольфрам кен көздері бар; сонымен қатар мышьяк, кобальт, никель рудалары табылып отыр. Руда емес шикізаттар запасы: құрылыс тастары, цемент шикізаты, батпақ, құм және тағы басқалар бар.

Климаты континентальды, қысы суық, қары аз, жазы ыстық, құрғақ.

Басты өзендер: Нұра, Торғай, Сарысу, Шідерті, Улы-Жыланшық, Құланөтпес, Қалмаққырған, Түндік, Тоқырауын, Жарлы, Талды және басқалар. Шағын тұзды көлдер өте көп. Ірі көлдері: Балқаш, Қарасор, Қыпшақ, Керей, Қарақойын, Қияқты, Шошқакөл, Балықтыкөл. Су қоймалары: Нұра өзеніндегі Теміртау (Самарканд), Шерубайнұралық, Кеңгір өзенінде - Кеңгірлік, Жезділік, Атасу өзенінде – Қылыш су қоймалары бар. Ертіс-Қарағанды- Жезқазған каналы бар.



Өнеркәсіп


Облыста құрылыс пен металлургияға қажетті рудалық емес шикізаттың ірі запастары бар. Минералды шикізаттық ресурстарды өндіретін ірі кен көздері мен шикізаттың әртүрлілігіне және отынның, энергия мен су көздерінің бар болуына байланысты облыста қара мен түрлі түсті металдар өндірісі, көмір өндіруші өнеркәсіптер мен химия , энергетика, тағам және құрылыс өнеркәсіптері дамып отыр.

Облыста метал өндіруші және машина жасаушы кәсіпорындардың дамуына ықпал ететін жеткілікті потенциал бар.

Сонымен қатар, аймақта ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін шикізат базасы мен өндірістік қуат бар.

2006 жылы облыста өндірілген өнім мөлшері 717,2 млрд. теңгені құрап отыр.

Қарағанды облысы бойынша кокс өнімі 99%, рафинадталған мыс өнімі 95%, 88% - қорғасын, күміс өнімі, 68% темір рудаларының концентраты, 60% мыс концентраты, жалпы жазық жалдық өнім, марганец рудалары, 87% маргарин, 50% былғары, әктас, 25% алтын, 15% балық, 11% ет, 12% ұн, республикада өндіріліп отырған энергияның 16%2 өндіріліп отыр.

1 кестеде (осында және одан әрі 2 Қосымшаны қара) 2006 жылы өндірілген өнімнің толықтай тізімі берілген және оның Қазақстан Республикасының өніміндегі 10%: аса үлесі көрсетілген.

Транспорт және коммуникация


Қарағанда облысының айтарлықтай көлемін ескергенде, оның темір жол мен автомобиль жолдарының болуы - облыс экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруда және территорияның біркелкі дамуы мен тұрғындарының тұрмыс жағдайын жақсартуда маңызды орын алады.

Қарағанды облысының географиялық тұрғыдан тиімді орналасуы аймақтың транзит потенциалын дамытуға қолайлы жағдай туғызып отыр.

Қарағанды облысының территориясы бойынша меридиандық трансқазақстандық Петропавловск - Астана - Қарағанды - Шу темір жол магистралы, трансазияттық солтүстік темір жол магистралы (Достық - Ақтоғай - Саяқ - Мойынты - Астана - Петропавловск (Пресногорьковская), және транзиттік автомобильдік Алматы-Екатеринбург коридоры өтеді.

Темір жол транспорты: Қарағанды облысы бойынша темір жол магистральдарының тығыздығы өте төмен болып есептелінеді және 1000 км2 жерге 4,5 км. болып табылады. Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, Еуропа одағы бойынша 50 ден 110 км –ге дейін, көптеген ТМД елдерінде 23-тен 37 км-ге дейін созылып жатыр.

Жалпы бүкіл Қазақстан бойынша бұл көрсеткіш 5,2 км болып отыр. Қарағанды облысының өндірістік жетекші қалаларын басып өтетін транзиттік темір жол магистральдарының жоқтығынан, Жезқазған қаласы облыс пен қала экономикасын дамытуда кедергі болып отыр.



Автомобильдік транспорт: жалпы Қарағанды облысы мен аудандық деңгейдегі автомобильдік жолдардың ұзақтығы 2 кестеде бейнеленген.

Тек елді мекендердің 49% ғана жолдарының тығыздылығымен сипатталады, ал 50% ауылдар грунтты және гравиялық жолдар болып келеді және ауылшаруашылығының территорияларын дамытуда кері ықпалын тигізіп отыр.

501 елді мекеннің 270 жолаушы көлікпен қамтамасыздандырылған, бұл барлық елді мекеннің 54 % құрайды.

Әуе транспорты: Қарағанды облысының территориясында 3 әуе жай бар: Қарағанды қаласында – ААҚ«Аэропорт «Сары-Арқа», Жезқазған қаласы бойынша – ААҚ «Авиакомпания «Жезқазған-Эйр», Балқаш қаласында– Балқаш әуе-жайы, филиал ААҚ «Авиакомпания «Жезқазған-Эйр».

Қарағанды ААҚ ««Сары-Арқа Аэропортының» потенциалы өте жоғары және халықаралық нормалар мен стандарттарға сай болып отыр.



Байланыс: облыс бойынша байланыс қызметін негізінен монополистік компаниялар ААҚ «Казақтелеком», ААҚ «Қазпочта» атқарады. Аймақта бұдан басқа да бірнеше тәуелсіз байланыс операторлары жұмыс жасайды. Былайша айтқанда, аймақта GSM 2 мобильді оператор, CDMA стандартында жұмыс істейтін 1 мобильді оператор, экспресс-почта қызметін атқарушы бірнеше фирмалар бар.

Жалпы алғанда , қалалар бойынша байланыс қызметі жеткілікті болып тұр. Почта бөлімшелерінің жүйесі қысқартылған, ААҚ «Қазақтелеком» абоненттер санының өсуін қамтамасыз етіп отыруға жағдай жасауда. Ауылдық жерлердегі байланыс қызметі өте төмен деңгейде болып отыр (кесте 3).



Инвестициялар


2006 жылы негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 147,3 млрд. теңгені құрап, 2005 жылмен салыстырғанда 91,3 % болды. 2006 жылы инвестициялардың күрт төмендеп кетуінің негізгі себебі – 2005 жылы Қазақстан-Қытай «Атасу – Алашанькоу» (26,8 млрд. теңгелік), «Атасу – Алашанькоу» (26,8 млрд. теңгелік) мұнай құбырлары бойынша және қорғасын құю (34,9 млрд. теңгелік) Миттал Стил Теміртау» цехы, «Жәйремдік ГОК» жөндеуге жұмсалған (3,0 млрд. теңгелік) ірі жобаларыныңың аяқталуына байланысты еді.

2006 жылы осы өнеркәсіптер арқылы негізгі капиталға 36,9 млрд. теңге инвестиция тартылды, ол дегеніміз 2005 жыл деңгейімен салыстырғанда 57 % болып отыр.

Өндіріліп жатқан қара және түрлі -түсті металлургия саласындағы жаңа қондырғыларды орналастыруға, инвесторлардың энергетика объектілерін пайдалануына және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың рудалық базасын кеңейтіп, олардың негізгі қорларын жаңартуға айтарлықтай инвестиция тартылды.

Инвестицияның ең жоғарғы көлемін (65,5%) шет елдік компаниялардың қатысуымен біріккен кәсіпорындар пайдаланды. Ал инвестицияның басқа қалған 34,5% бөлігі шет елдік кәсіпорындарға тән. Соның ішінде: ААҚ «Миттал Стил Теміртау» және и «ААҚ ЖК «Эфес Қарағанды пиво зауыты», шет елдік инвестиция арқылы олардың жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарына реконструкция жұмыстары жасалды.

2006 жылы ұйымдар мен кәсіпорындардың өндірістік қорларды жаңартуға бағытталған жұмыстарына және жаңа өнеркәсіптерді іске қосуға жұмсалған қаржы мөлшері 94,7 млрд. теңгені құрады (110,7% 2005ж.).

Тұрмыстық қамсыздандыру инфрақұрылымдары


Жылумен қамтамасыз ету: облыстың елді мекендерін жылумен қамтамасыз ету төмендегідей жүргізіледі:

2477 Гкал/с өндіретін 8 жылу электростанциясы, 369 Гкал/с бар қатты және сұйық негіздегі 522 автономдық жылу өндіруші, 1227,8 Гкал/с бар жергілікті 60 қазандық облыстың тұтынушыларын жылумен қамтамасыз етеді. Облыстың барлық жылу көздері 4073,8 Гкал/с., өндіреді, бірақ бұл облысты жылумен қамтамасыз ету шығындарын өтей алмайды.

Облыс бойынша жылу жүйелерінің созылмалы ұзақтығы 2154,6 км, соның ішінде магистралдық жүйенің ұзындығы – 596,3 км және ішкі кварталдық ұзындық 1558,3 км болып отыр. Орталық жылу жүйесіне 6491 тұрғын үй қосылған, 220 денсаулық сақтау және 636 білім беру объектілеріне жылу тартылған.

17 қала мен облыстың поселкелері орталықтандырылған жылу мүшесі арқылы жылытылады, ал басқа елді мекендер, тек қана АСО жылу энергиясымен және пеш жағу арқылы жылытылады. Қарағанды облысының тұрғын жағдайы 4 кестеде бейнеленген.

Қарағанды қаласың жылумен қамтамасыздандыру жүйесін комплекстік дамыту мақсатында 2006 жылы «Логос» ЖШС техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН), қаланың жылумен қамтамасыздадыру кестесін әзірледі. ТЭН мақсатты 2020 ж. мерзіміне дейін Қарағанды қ. жылумен қамтамасыздандыруды сенімді және сапалы ұйымдастыру бойынша тиімді техникалық шешімдерді таңдау, тиісті ауқымдардың бағасы, қайта құрудың орындау кезегін анықтау, қаланың жылумен қамтамасыз етілген жаңа нысаналардың құрылысы болып табылады. 2007 ж. ТЭН негізінде көрсетілген қаланы жылумен қамтамасыз ету кестесі әзірленіп жатыр.

Электроэнергиямен қамтамасыз ету: 2005 жылы тұрғын үйлерді электроэнергиямен қамтамасыз ету 100% болды.

Облыстың шаруашылық комплексін 8 электростанция электроэнергиямен қамтамасыз етеді- олардың генерациясы 1550 МВт дейін жетіп, ал мұқтаждық 500 МВт болып отыр. Жалпы тұтыну мөлшері 2050 МВт болып отыр.

Электроэнергияны тасымалдау 4 кәсіпорынның жүйелері арқылы жүзеге асып отыр: ЦМЭС ААҚ «КЕГОК», ЖШС «Қарағанды-Жарық», ЖШС «Қарағанды РЭК» және ААҚ «Жезқазған РЭК», электротасымалдау желістерінің жалпы ұзақтығы 31151,4 км, подстанциялар саны – 3172 дана болып отыр. Станциялардың барлығы дерлік анықталған үрдісте жұмыс жасайды, олар жылу мен электроэнергияны жасалған келісімшарт негізіне сай таратып отыр.

Қарағанды облысы әруақытта электр энергиясына мұқтаж. Қазіргі уақытта жалпы қуаты 2050 МВт және 8 электростанциясының генерациясы 1550 МВт болса да, электр энергиясының тапшылығы 500 МВт болып отыр. Экономиканың даму қарқынының өсіп отырғанын ескеретін болсақ, энергия тапшылығының болуын болжау қиын емес.



Газбен қамтамасыз ету: қала тұрғын үйлері 20,7% газбен қамтамасыздырылған, ал аулдық жерде үйлер 76,5%. Қарағанды облысында тұрғындарды газбен қамтамасыз ету жөнінде тұрмыстық әжет үшін 14 ірі арнайы кәсіпорындар айналысады, оның ішінде ең ірі «AlemGaz» ЖШС, «Теміргаз» ЖШС болып табылады.

Сумен қамтамасыз ету: 2006 жылы қала тұрғын қорының 100% су құбыры арқылы сумен қамтамасыз етілді. Ауылдық жерде су құбыры арқылы тұрғындардың тек қана 31% сумен қамтамасыз етіледі. Елді мекендердің 67% дерлік бөлігі ауыз суды құдықтар мен скважиналардан алып отыр. Ауылдық елді мекен тұрғындарының 1,0% ғана ашық су көздерінен су алып отыр, суды тасып ішіп отырғандар саны -1,8%. Ыстық сумен қала тұрғын жайларының 72,0%, ауыл тұрғын жайларының 0,3% қамтамасыз етілген.

5 кестеге сәйкес, коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелердің негізгі қорларының тозу көрсеткіші 40% асып кетті.

Ауыл шаруашылығы


Өсімдік өсіру шаруашылығы Осакаровск, Нуринск аудандарында, Қарағанды Теміртау, Сарань, Шахтинск, Жезқазған, Балқаш қалаларында дамып отыр ; мал шаруашылығы Бұқар-Жырау, Абай, Ұлытау, Жаңа Арқа, Шет, Қарқаралы және Ақтоғай аудандарында, сондай-ақ Сатпаев, Қаражал және Приозерск аудандарында дамып келеді.

2006 жылы облыстың ауыл шаруашылығымен 245 ауылшаруашылық өнеркәсіптері, 6519 (фермерлік) шаруа қожалықтары, 118,9 мың жеке шаруашылықтар айналысып отыр.

2006 жылы барлық ауылшаруашылығына қарасты егістік көлемі 902,5 мың га. болды. 2006 жылы бидай өнімі 401,7 мың тонна болды, ол 2005 жылға қарағанда 48,9% есе көп болды. Ауылшаруашылығын дамытудағы кедергі - ауылшаруашылық өндірісін техникамен жабдықтау деңгейі айтарлықтай төмен болып отыр.

Ірі қара мал басы- 395,4 мың бас, 2005 жылға қарағанда 1,5% жоғары болып тұр, қой мен ешкі басы – 883,8 мың бас, өсім - 5,2%, жылқы саны - 121,8 мың бас, өсім – 6,1 %, шошқа 105,6 мың бас, 1% кем, құстар 1625,7 мың бас - 9,7% кем болып отыр.

2006 жылы 108,9 мың тонна ет өндірілді, бұл дегеніміз 2005 жылмен салыстырғанда 9,4 % жоғары, сүт өндіру – 295,1 мың тонна - өсім 5,8%, жұмыртқа 204,7 млн. дана, өсім – 8,2 %, жүн – 1,5 мың тонна - өсім 7,1% болып отыр.

Облыс бойынша малшаруашылығын өндірумен 495 мамандандырылған орта және ірі мал шаруашылықтары айналысып отыр (МОІМШ), соның ішінде ірі шаруашылық саны- 15, орта шаруашылық саны- 480. 2006 жыл ішінде шаруашылықтардың өндірген өнімі 24,6 мың тонна ет, 9,9 мың тонна сүт, 148 млн. дана жұмыртқа, 580,1 тонна жүн болып отыр. Облыста асыл тұқымды мал базасы бар.

Жеңіл (тамақ және жеңіл) өнеркәсіп саласындағы өнім көлемі қолданбалы бағамен есептегенде 32,9 млрд. теңгені құрап, 2005 қарағанда 106,1% болып отыр. Оның 32,1 млрд. теңгесі (97,3%) (сусындарды қоса санағанда), тамақ өнеркәсібіне, 0,8 млрд. теңгесі (2,5%) тоқыма және тігін өнеркәсібіне, 63,0 млн. теңгесі (0,2%) былғары және былғарыдан жасалған бұйымдар мен аяққкиім өндірісіне тән болып отыр.

2006 жылдың басынан бастап облыстың өңдеуші өнеркәсіптері ИСО халықаралық стандартына көшуге байланысты өнімнің сапасын арттыру мақсатында қарқынды жұмыс жүргізді.

Егер 2006 жылы 1 қантар айы бойынша жағдайды алсақ менеджмент сапа жүйесін енгізілген, облыстың тағам өндірісі бойынша қайта өндіру кәсіпорындардың сапасы 3 кәсіпорындар құрады, соның ішінде: «Карағанды маргарин зауыты» БАҚ, «Морделикатес» ЖШС, «Балқашбалық» ЖШС, онда 2006 жылы мамыр айында сүтті өндіру кәсіпорыны «Жезқазған Сүт және К» ЖШС МСЖ енгізу жұмысын аяқтады және ИСО 9001-2001 менеджмент сапа жүйесінің топтамасы негізінде сәйкестік сертификат алды.

«Қарағанды нан Қауымдастығы» ЖШС, «Қарағанды мелькомбинат» ЖШС, «Ақнар ПФ» ЖШС, «А-Алтын» ЖШС және «Агрофирма Құрма» ЖШС (50% дейін) жарым-жарты арзандатылған құнмен республикалық бюджеттік бағдарламада, әзірлеу, енгізу және халықаралық менеджмент сапа стандарты бойынша бағдарламада қатысты. Бұл кәсіпорындар 2006 жылы желтоқсанда жұмыстарын аяқтады.

2006 жыл ішінде Абай және Ұлытау аудандарында ААҚ «Аграрлық несиетік корпорациясымен» бірлескен ауылдық несиетік серіктестіктер АКС құрылды. Бүгінгі күні АКС барлық ауылдық аудандарда бар болып, облыстың 113 ауылдық жердің 300 учаскесін (59%) қамтып отыр. Олар 282,2 млн. теңге көлемінде 162 жобаға несие берді, бұл - 2005 жылға қарағанда 1,5 есе көп. Бір жыл ішінде ауылдық құрылымдарды ынталандыру бағытында ауылшаруашылық өнімін дайындайтын, сақтайтын, және өңдеп сататын кооперативтерге несие беруде жеңілдіктер жасалды.

Қарағанды облысында Балқаш көлі бар, бұл көл Балқаш-Алакөл бассейне жатады және ірі экожүйесінің көлі болып табылады, Балқаш көлге Алакөл көлі, Қапшағай су қоймасы, орта ағыны және Ілі, Лепсы, Қаратал, Аякөз, Ақсу және басқа кіші өзендер жатады, олар Балқаш көлдің ағының қалыптастырады. 1991 жылға дейін бассейнде балық аулау ауқымы 12-18 мың. тоннаға жететін.

Балықтың негізгі кәсіптік түрлері: ақтабан, вобла, көксерке, сазан, жайын, ақбалық, мөңке, берш, ақ амур, дөңмаңдай, плотва болып табылады. Аралдық шип популяциясы, балқаш алабұғасы, балқаш көкбасы, Қазақстан Республикасының Қызыл кітабіне енгізілген.

Осы бассейнде жайлап жүрген кәсіптік балықтар акклиматизанттар болып табылады, олар әр түрлі уақытта жасанды түрде әкелінді (акклиматизацияландырды). Ең басыңқы түрлердің бірі ақтабан болып табылады, жалпы аулаудың бөлігі 65% құрайды. Сонымен бірге ақтабан Балқаш көлінде тығыз денелі және басқа құнды балықтар түрлеріне негізгі тағам бәсекелестігін құрайды. Осыған орай, осы балықтың түрін аулау үшін ынталандыру шараларын қарастыруды қажет деп санаймыз. Саны жағынан реттеу шараларына көксеркеде жатады, жалпы аулау бойынша қазіргі таңда көбеюші сұраныс 10-14 % аспайды.




Еңбек нарығы


Ғылыми зерттеу әзірлемелер институтты осы бөлікшенің талдауын мәліметтер негізінде жұргізді, осы мәліметтер облыстық статистиканы басқару құзыретіне жатады.

Еңбекпен қамтамасыз ету деңгейі біркелкі емес: Қарағанды облысының алты қаласы еңбекпен қамтамасыз ету жағынан 66% құрап отыр (кесте 6). Аудандар мен үш шағын қала еңбекпен қамтамасыз ету жағынан облыстың 55% беріп отыр.

Қызмет көрсету саласында еңбекпен қамтамасыз етудің үлес салмағы (51,8%), шағын бизнестегі үлес салмағы айтарлықтай маңызды болып отыр.

Шағын бизнесті жұмыс күшімен қамтамасыз етудің жоғары үлес салмағы аудандық экономика саласында байқалып отыр.

Еңбекпен қамтамасыз етілген халық саны Қарағанды облысы бойынша жоғары білімді болып сипатталады: 2006 жылы облыс тұрғындарының 32% ғана жоғары немесе аяқталмаған жоғары білімі барадамдардан тұрады. Қарағанды облысының жоғарғы оқу орындарының түлектері еңбекпен қамтамасыз етілген: 2006 жыл қорытындысы бойынша оқу бітірген студенттердің 78% (4 106 адамнан 5 251 адамы)3 жұмысқа орналасқан.

Еңбек нарқы бойынша еңбекпен қамтамасыз етілуде жұмыс дағдысы мен тәжірибесі жоқ болуына байланысты колледждерді бітірген орта білімді мамандар төмен орын алып отыр.4 Жұмысшы мамандарына қанағаттандырылмаған айтарлықтай сұраныс бар: әлеуметтік бағдарламалар мен еңбекке тарту жұмыстарын үйлестіру жөніндегі Департаменттің 2006 жылғы екінші тоқсан көрсеткіштері бойынша бос вакансиялардың 70%- жұмысшы мамандықтары екен.

Қарағанды облысының ең ірі кәсіпорындарымен әлеуметтік серіктестік белсенді түрде даму үстінде. Бұл жұмыс барысында:


  • әлеуметтік серіктестіктер одағы құрылған ( 36 кәсіпорын);

  • әлеуметтік серіктестіктің модель-схемасы жасалып, бекітілген;

  • өндірістік шеберлердің кәсіпорындарда бір жыл ішінде стажировкадан өтіп, білім алу мәселесі шешілген;

  • арнайы пәндердің оқу жоспары мен бағдарламаларына өзгерістер енгізілген;

  • кейбір жұмыс берушілер кәсіптік техникалық мектептердің оқу-материалдық базасын жаңалау процессіне қатысып отыр (ААҚ «Қазақмыс» корпорациясы, Балқаш тау –кен металлургиялық комбинаты, ЖШС Машзавод №1, ЖК «Аспап», ЖШС «Антал клуб фауна» және «Медетал», қарағанды тасымалдау бөлімшесі, ЖШС «Метал бұйымдары», Пархоменко атындағы ЖАҚ КМЗ, ҚАҚ «Қарағандыэнергоремонт», «Орталық Қазақстандық кәсіпкерлер ассоциациясы.

Қаржылай-несиелік сектор


Қарағанды облысының қаржы секторы 1.04.07 жылғы көрсеткіштеріне қарағанда 2-ші дәрежедегі 16 банктың 29 филиалынан, 7 ломбардтан, 49 өкілетті ұйымдарынан, 4 тәуелсіз қауіпсіздендіру мекемелерінен және олардың 18 филиалы мен өкілетті ұйымдарынан, 12 несиетік серіктестіктен, 192 халықққа қызмет қөрсету орталықтарынан тұрады. Сонымен қатар, бұл аймақта ААҚ «БТА ипотекасының, РГП «Казпочта филиалының», және ААҚ « Қазақстандық ипотекалық компаниясының» өкілеттілігі және микронесиетік ұйымдар, зейнеткерлік жинақтау қорлары бар.

Көлемі, сапасы жәнеқызмет көрсету аясының аумақтылығы жағынан аймақтық қаржы нарқының ең дамыған және маңызды сегменті ретінде банк секторын айтуға болады.

Банк секторы қызметінің соңғы жылдардағы негізгі көрсеткіші тұрақты динамиканы көрсетіп келеді. Сонымен, 2005 жыл ішінде экономика салалары мен халыққа берілген несие мөлшері 244,3 млрд. теңге болса, ал 2006 жылы 416 млрд. теңге ( 2005 жылға қарағанда өсу қарқыны – 170 %) болып отыр.

Экономика салаларын несиеттеуде сауда саласы (24 %) мен жеке шаруа (48%) ерекшеленеді. Өнеркәсіп үшін ол -несиетік жинақтаудың 14 %, құрылыс үшін 6 %, ауылшаруашылығы үшін - 2 %, көлік және байланыс саласы үшін - 1 %, басқа салалар үшін - 5 % болып отыр.

Орта бизнеске берілген несиетің көлемі өсіп жатыр. 2005 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несие сомасы 50,3 млрд. теңге болса, ал 2006 жылы - 78,3 млрд. теңге болып отыр. СМП несие үлесіне орта есеппен берілген несиенің жалпы сомасының 20 % тиіп отыр.


Сыртқы экономикалық қатынастар


Облыстың сыртқы сауда айналымы 2006 жылы 5452,2 млн. АҚШ долл., оның ішінде экспорт – 4223,8 млн. АҚШ долл., импорт – 1228,3 млн. АҚШ долл., пайдалы сальдо – 2995,5 млн. АҚШ долл. болып отыр (кесте 7).

2006 жылы облысытың сыртқы сауда айналымы 2005 жылмен салыстырғанда 30,5%, экспорт – 41,9%, импорт - 2,3% өсіп отыр.

2006 жылы Қарағанды облысының шаруалық субъектілері әлемнің 143 мемлекетімен, оның ішінде – 23 ТМД елдерімен, Европаның – 37, Азияның – 28, Американың – 29, Африканың – 19, Австралияның– 7 мемлекетімен сыртқы сауда қатынастарын орнатып және дамытып отыр. Облыс өнімдері әлемнің 97 еліне қажет болып отыр, әлемнің 116 елінен облысқа өнімдер әкелініп отыр.

Облыстың экспорт өнімдерін тұтыншылар негізінен Қытай, Италия, Ресей, Иран, Өзбекстан, Ұлыбритания, Корей Республикасы, Туркия болып отыр.

Облыстың экспорттқа бағытталған ең ірі кәсіпорыны: ААҚ «Миттал Стил Теміртау», негізгі өнімі- қара металдарды жалға беру; ЖШС «Қазақмыс Корпорациясы», негізгі өнімі - рафинадталған мыс.

Экспорт өнімдерінің дамуы негізінен мыс экспортының өсу есебінен болып отыр – 69,6%, солайша, 2006 жылы қара металдарды жалға беру экспорты 2,9 млн. тонна болып, 1,1 млрд. АҚШ долл. құрады, бұл- облыстың экспорттық жабдықтау мөлшерінің 22,0% болып табылады. Бір тоннаның орташа бағасы 370,0 АҚШ долл. Болып отыр. Қара металдарды жалға беру жабдықтаушысы- ААҚ «Миттал Стил Теміртау».

Шет елге рафинадталған мыс жіберу көлемі 338,7 мың тонна болып, ал сомасы 2,4 млрд. АҚШ долл. болып отыр, бұл дегеніміз облыстық эскпорттың жалпы көлемінің 48,7% құрап отыр. Бір тоннаның орташа бағасы 6939,4 АҚШ доллары болып отыр. Облыс бойынша рафинадталған мыстың жабдықтаушысы- ЖШС « Қазақмыс корпорациясы».



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет