2007 жыл мазмұны кіріспе 3 Аймақтардың қазіргі кезеңдегі даму бағыттары және әлемдік тәжірибе 4 Тарау Аймақ бағасы 9



бет4/13
Дата16.06.2016
өлшемі0.81 Mb.
#138271
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

2.2. Әлеуметтік факторлар




Демография

Ғылыми зерттеу әзірлемелер институтты осы бөлікшенің талдауын мәліметтер негізінде жұргізді, осы мәліметтер облыстық статистиканы басқару құзыретіне жатады.

Облыстың жалпы халық саны 01.01.2007 жылғы көрсеткіш бойынша- 1 339,4 мың адам болып отыр (кесте 1). Халықтың жалпы өсу саны 2006 жылы 4,8 мың адам болды.

2006 жылдың басындағы көрсеткіш бойынша Қарағанды облысының тұрғындарының басым көпшілігін (84%) қала тұрғындары құрайды. Бұл тенденция 2001-2005 жылдарға да тән болып отыр.

2006 жылдың көрсеткіші бойынша Қарағанды облысының тұрғындарының өмір ұзақтығы 64,1 жас болып отыр. Сонымен қатар, тұрғындарының өмірлерінің ұзақтығы жөнінен Қарағанды облысының Ақмола облысынан (63,49 жас) кейінгі соңғы орында тұрғанын айтып кету жөн. Қарағанды облысының тұрғындарының өмірлерінің ұзақтығы жөнінен төмен көрсеткіштерге ие болу себебі – өндірістік жарақаттануға, өлімнің жиілігіне және Қазақстанның басқа аймақтарына қарағанда бала туу көрсеткішінің аздығына байланысты болып отыр.

Миграция


2001 мен 2006 жылдар арлығында Қарағанды облысынан көшіп кетушілер саны біртіндеп қысқарды. 2005 жылы Қарағанды аймағы бойынша көш-қон сальдосы 333 адамға кеміп отыр. 2006 жылы көш-қон сальдосы - 1500 адамнан асып кетті.

Бұрынғыдай шет елге қоныс аудару процесі емес, қазір Қазақстанның басқа аймақтарына көшу процесі жиілеп отыр.

Қарағанды облысының эмигранттарының қомақты үлесін орта білімі бар адамдар құрап отыр - 36,2 %, екінші негізгі топ эмигранттары арнайы орта білімі бар азаматтардан тұрады - 24,8 %. Бірінші топқа жататын эмигранттардың облыстан кету себебі жоғары білім алуға байланысты болып отыр. Бұл бетбұрыс бір жағынан жергілікті жоғары оқу орындарын нашар жағынан сипаттағанмен, екінші жағынан Қарағанды облысына жоғары білім алып, қайта оралу мүмкіндігін көрсетеді. Орта және жоғары білімді адамдардың Қарағанды облысынан көшуі облыстан тысқары жерден жұмыс іздеу мақсатында немесе тұрғылықты қоныстану мақсатында болып отыр.

2006 жылы ҚР статистика агенттіктің дерекқоры бойынша аулдық жер тұрғындарының аумақтық көшіп-қону сальдосы «-4 700» адам., аумақаралық – «-553» адам. құрады. 2001 жылы ауылдық жер тұрғындарының аумақтық көшіп-қону сальдосы «-3 783» адам., аумақаралық –«-1 677» адам құрады. Сонымен, 2006 жылы ауылдық жер тұрғындарының 24% ұлғайды, ал аумақаралық- 67% төмендеді.



Білім беру жүйесі


Қарағанды облысы республикалық деңгейде білім беру жағынан күшті және тұрақты позиция ұстануда.

Әсіресе бұл жағдай жоғары білім беру жүйесіне қатысты. Жоғары білімді мамандар дайындау жағынан Қарағанды облысы республика бойынша Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облысының жоғарғы оқу орындарынан кейінгі 3 рейтингтік орында келеді.

Блім беру жүйесінің келесі дамыған саласының бірі - арнайы орта білім беру саласы. Арнайы орта білім беру мекемелерінің саны 2001 жылы 24-тен 2006 жылы 37 бірлікке көбейді. Кәсіптік- техникалық мектептер саны біраз жылдар бойы өзгеріссіз келеді. 2006 жылы Қарқаралы ауданының Егіндібұлақ селосында кәсіптік- техникалық мектеп ашылды. Қазіргі уақытта облыстың барлық аудандары мен қалаларында кәсіптік –техникалық мектептер бар, Осакаровск пен Нуринск аудандарында олардың филиалдары бар.

Білім беру жүйесінің ең маңызды секторы ретінде жалпыға ортақ орта білім беру мектептерін айтуға болады. 2005-2006 оқу жылының басталу қарсаңында 4 жаңа мектеп ашылды, оның 2 ауылдық жерде. Облыстың барлықт мектептерінің 92,4% Интернет жүйесіне қосылған.



Денсаулық сақтау саласы


2005-2006 жылдар аралығында облыс халқының денсаулық сақтау деңгейі мен денсаулық сақтау саласының хал –ахуалы төменгідей көрсеткіштерге ие болды:

  • туу көрсеткіші 5,4 % көбейді (2005 жылғы 14,88- дан 2006 жылы 15,69);

  • табиғи өсім 41 % көбейді ( 1,80-дан 2,54);

  • сәбилер өлімі азайды ( 10,95-ден 11,04 1000 тұрғындары бойынша);

  • онкологиялық ауру мәселесі 567,1 деңгейінде;

  • туберкулезбен ауру мәселесі 15,0 % азайды, 2006 жылдың аяқ жағындағы көрсеткіштері бойынша 145,6 –ге қарсы 167,2 болып отыр;

  • писихикалық жүйке аурулар саны 2,6% , 229,0- ден 223,1 кеміді;

  • ВИЧ инфекциясымен аурғандар саны 37,9 % -дан 6,73 дейін 100 мың. тұрғындар бойынша өсті.

Облыста жоғары дем алу жолдар аурулар деңгейі ұлғайды, мысалы, 2006 жылы қантар-қараша айларында 12697,2 жағдайлар белгіленді, бұл орта республикалық деңгейдегі (7604,4) 40% жоғары және 4,65 ең төмен көрсеткіштен жоғары болды (Алматы облысында 2730,6 жағдайлар).


Бұндай жайттар еліміздің басқа да өндірістік қалаларында (Павлодар қаласы мен Шығыс Қазақстан облысында) байқалып отыр. Айта кететін жайт, аталмыш өндірістік аймақтарда атмосфераны ластаушы заттардың ең жоғарғы көрсеткіштері бар. Осы жайттар бойынша атмосфераны ластаушы заттар мен жоғары дем алу жолдар ауруларының арасында байланыс бар.

Қарағанды облысының денсаулық сақтау жүйесінің басқа көрсеткіштері басқа аймақтармен салыстырғанда қатысты түрде қанағаттанарлық болып отыр. Қарағанды облысы бойынша соңғы жылдар ішінде сәбилер өлімінің аздығы айта кетуге боларлық жағымды жай. Бұл республика көлемі бойынша осы кезең ішіндегі ең төменгі көрсеткіш.

Алайда денсаулық сақтау мекемелерінің дәрігерлермен, орта медициналық мамандармен қамтамасыз етілу деңгейі тұрақсыз динамикамен сипатталады. Алайда жалпы алғанда, Қарағанды облысында қазіргі кезеңдегі медициналық қызмет көрсету деңгейі бойынша медициналық қызметкерлердің санының біртіндеп өсіп келе жатқанын байқауға болады. Бұл - дәрігерлерге де, орта медициналық персоналға да қатысты жайт болып тұр.

Медициналық мамандар тапшылығы әсіресе ауылдық жерде халыққа медициналық қызмет көрсетудің мүмкіндігін тарылтады.

Ауылдық жерде халыққа медициналық қызмет көрсету төмендегідей болып отыр: 01.01.07 көрсеткіші бойынша орталық аудандық аурухана барлық 9 ауданда, аудандық аурухана – 2 ауданда, селолық учаскелік ауруханалар– 8 ауданда (Бұхар-Жырау, Қарқаралы, Нуринск, Ұлытау және Шет деген 5 ауданында) 86- дәргерлік амбулаториялар, 48-фельдшерлік – акушерлік бөлімше, 87–фельдшерлік бөлімше бар, арнайы мекемесіз жұмыс жүргізетін медициналық қызметкерлер саны –134.

Жұмыссыздық деңгейі және еңбек жағдайы


Жұмыссыздық деңгейі

Қарағанды облысы еңбекпен қамту жағынан жоғары деңгейде болып отыр. Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің көрсеткіші бойынша жұмыссыздық деңгейі соңғы бес жыл ішінде 9,2% -дан 6,9%-ға кеміп отыр және республиканың басқа облыстарына қарағанда ең төмен болып саналады. Аумақтық даму ҒЗИ дерекқоры бойынша 2001 жылдан бастап экономикалық белсенді жастардың жұмыспен қамту деңгейі 5,7 % ұлғайды.

Сонымен бірге, облыстың еңбек нарығында білікті мамандардың өсіп жатқан жетіспеушілігі байқалынады. Жұмыспен қамту координациясы және әлеуметтік бағдармалар департаментінің дерекқорына сәйкес 2006 жылы еңбек мамандық саның қызметі бірталай үрдісі сақталынды, олардың бөлігі 70% аса құрады. Сұраныстың теңгерімсіздігі және еңбек нарығында ұсыныстары мынадай жағдайлармен айтулы, техникалық және кәсіби білім жүйесі инновациялық экономиканың мұқтажына жеткіліксіз сәйкес келмейді.
Еңбектің жағдайлары

ҚР статистика Агенттігі дерекқоры бойынша зиянды және қолайсыз жұмыс жағдайында жұмыс істеп жүргендердің үлес салмағы басым: жекеленген кезеңдерде бұл көрсеткіш 30% асып отыр, санитарлық-гигиеналық жағдайы қолайсыз жерлерде және қауіпсіздік талаптарына сай емес жабдықтармен жұмыс істеуші қызметкерлер саны өсіп келеді (кесте 8).



Халықтың тұрмыс жағдайы мен тұтынушылық қабілеті


Қарағанды облысы бойынша кедейшілік деңгейінің 2001-2005 жылдар аралығында 10,1% кеміп, 12,7% құрағанына қарамастан қала мен ауыл арасында үлкен айырмашылық болып тұр. 2001-2005 жылдар аралығында Қарағанды облысы бюойынша күнкөріс табысынан төмен тұрғындарының саны 13,5 % кеміді, алайда ауылдық жерде оның үлесі 5,3% (кесте 9) өсіп кетті. Кедей халықтың жалпы санының 43,3 % 18 жасқа дейінгі балалар; 5,8% - жұмыс істейтін азаматтар; 2,4% - халықты еңбекпен қамтамасыз етуге арналған өкілетті органдарға тіркелген жұмыссыздар; 3,4% - мүгедектер; 3,9 % - зейнеткерлер құрап отыр.

2006 жылдың Қарағанды облысы бойынша халықтың тұтыну деңгейі 2005 жылға қарағанда 1,25 есе көбейіп отыр. 2006 жылғы күнкөріс минимумына пайдаланған табыстың ара-қатынасы 1,76 болды, бұл дегеніміз күнкөріс минимумы тұтыну табысының 2% болып отырғанын көрсетеді. Қалған 98% ішкі нарық көлемін көбейтуге септігін тигізетін басқа тауарлар мен қызметтерге потенциалды түрде жұмсалады.



Қоршаған ортаны қорғау саласы


Облыс боыйнша қоршаған ортаны қорғау саласының жұмысы -қанағаттанарлықсыз. Алайда соңғы жылдары жағымды динамика ретінде атмосфераны ластаушы заттар көлемінің (төмендеуі) байқалады. Сонымен 2006 жылы атмосфераны ластаушы заттар эмиссиясы 1303,2 мың тонна болды, 2007 жылы оның мөлшері 1181,7 мың тонна болады деген болжам бар. Қарағанды облысы бойынша атмосфераны ластаушы заттар көлемі

Ластаушы заттардың негізгі үлесін ЖШС «Қазақмыс корпорациясының» (2005 ж. – 1006,08 мың тонна, 2006 жылы – 922,6 мың тонна) мыс қорыту барысында бөлінетін күкірт газы заттары құрап отыр.

«Балқашцветмет» ӨҰ шығарындыларды қысқарту үшін күкірт диоксидты пайдаға асыру технологиясын қолдануына байланысты күкірт қышқылы зауыт құрылысы көзделіп жатыр. Осы жобаны жүзеге асырғаннан кейін, комбинаттан жалпы шығарындылардың ауқымы 90 % төмендейді, ал негізінен облыс бойынша 40% төмендейді. Жоспарланған аяқтау мерзімі -2007 жыл.

Қалдықтардың айтарлықтай көлемінің жинақталып қалуы және оларды өңдеп пайдалану мәселесі Қарағанды облысы үшін үлкен мәселе болып отыр. Өндірістік қалдықтар жиынтығы облыс бойынша 5 млрд. тоннадан асып, республикалық көрсеткіштің 24% құрап отыр. Жыл сайынғы жинақталған қатты тұтыну қалдықтарын орналастыру облыс бойынша - 1,2 млн.м3 Қарағанды қаласында қалдықтарды өңдеу заводының соғылуы- бұл мәселенің шешімі болып отыр.

Тағы басқа мәселенің біреуі- Балқаш көлінің экожүйесі, бұл- тек облыстың ғана емес республикалық дәрежедегі мәселе болып отыр. Бүгінгі күні бұл мәселе баяу шешіліп отыр.

Жоғарғы қабат суларының сапасының төмендеу тенденциясы тоқтатылды, алайда олардың сапасының жақсарып кеткені байқалмайды. Соңғы жылдар арлығында жоғары қабат суларына қосылатын тазаланған су көлемінің жеткіліксіздігі (1996 жылғы 48 млн.куб.метрден 2006 жылы 6,5 млн.куб.метрге) төмендеді. Ластану дәрежесі жағынан облыстың су объектілерін нашар және өлшемді су классына жатқызуға болады. Бұл мәселені шешу үшін облыс бойынша ағымды сулар құбырларын тазалауға арналған табиғи қорғау шаралары жүргізіліп отыр. 2004 жылы жергілікті бюджет есебінен табиғи биологиялық жолмен тазалауға арналған бұқар Жырау ауданының Токаревка поселкесінде (700 м3/тәу), Қарқаралы қалашығында (биотоғандар) жасалып, 2005 жылы эксплуатацияға берілді.

Қазіргі таңда Балқаш және Қарағанда қалаларында ғимараттарды тазалауына байланысты қайта құру бойынша жоба-сметалық құжаттардың дайындығы жүріп жатыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет