Генетикалық ақпарат тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.
А.
1.Тұқымқуалау ақпараты деген не? Ген (тек) деген не?
2.Генетикалық ген деген не?Бір аминқышқылын ДНҚ-дағы қанша нуклеотидтер кодтайді?
3.Жасушаның қандай құрамбөліктері ДНҚ-ның тұқымқуалау ақпараттың тікелей цитоплазмадағы нәруыз синтезінің орнына жеткізеді?
В
1.Гентикалық кодтің әмбебаптық қасиеті нені білдіреді?Көлегейленбеушілік қасиетін сипаттаңдар.
2.Генетикалық код неге триплетті?Генетикалық кодтің азғындаушылық ұғымы нені білдіреді?
3.Кодон, триплет, антикодон ұғымдарының жасушадағы нуклеин қышқылдарының әр түрлі типтерімен арақатынастарын салыстырыңдар.
С
1.Нуклеин қышқылдарының құрамына нуклеотидтердің 5 типі енеді деп елестетіңдер.Сонда 20 аминқышқылдары үшін генетикалық код қалай болып көрінер еді?
2.Пілдерден, баобабтардан вирустарға дейін барлық ағзаларда генетикалық кодтың әмбебап болуын қалай деп есептейсіңдер?
№1.Егер нәруыз мыналардан тұрса: а)Гли+Асп+Цис; ә) Иле+Фен+Лей; б)Гли+Тре+Сер; в) Вал+Глу+Тре; г)Про+Фен+Арг, ДНҚ нуклеотидтердің реттілігінің қандай болатынын анықтаңдар.
№2. Егер ДНҚ-дағы нуклеотидтер былай орналасса: а) ГАА ТТТ; ә)ААГТЦТ; б)ЦЦЦГТА; в)ГГТАГА; г)ТГТААГ, аминқышқылдардың реттілігінің қандай болатынын анықтаңдар.
№3.Егер ДНҚ бетімен 300 аминқышқылдардан нәруыз синтезделсе, ДНҚ-дағы нуклеотидтер санының қанша болғанын есептеңдер.Кідіртпе – кодондарды ескердіңдер ме? Осыған байланысты жауап қалай өзгереді?
№4.Нәруыз биосинтезі құрамында 114 нуклеотиді бар м-РНҚ (а-РНҚ) бетімен өткен болса, дұрыс нұсқаның нөмірін анықтаңдар.
-
Нұсқа
|
Аминқышқылдар
|
Пептидті байланыстар
|
Су молекулалары(бөлінген)
|
№1
№2
№3
№4
№5
№6
|
144
46
48
48
47
47
|
143
47
48
47
46
47
|
143
47
48
50
4
47
|
Кідіртпе-кодондар ескерілді ме?
Достарыңызбен бөлісу: |