«2008 жыл – информатигі»


Ағзалардың көбею формалары тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар



бет19/34
Дата13.12.2022
өлшемі0.68 Mb.
#467164
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   34
Биология пәнінен тест кітапшасы (6-9 сыныптар)

Ағзалардың көбею формалары тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.

А.
1.Жынысты және жыныссыз көбею үдерістері арасындағы негізгі айырмашылық неде?
2.Жынысты және жыныссыз көбеюдің артықшылығы және кемшілігі неде?
В
1. Өздеріңе белгілі ағзалардың жыныссыз жолмен көбею жолдарын атаңдар.

2. Олардың қайсысы біржасушалыларға тән, қайсысы оған жатпайды?


С
1.Жынысты көбею түрлерін атап, оларды қысқаша сипаттаңдар.
2.Жынысты көбеюдің қай жолдарында әр түрлі дарақтар арасында генетикалық материалдардың алмасуы жүреді? Қай жолдарда тек өздігінен ұрықтанады?


Гаметогенез және ұрықтану.Олардың биологиялық маңызы тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.

А.
1.Гүлді өсімдіктердің ұрықтану ерекшелігі неде?
2.Бұдан қандай артықшылық болады?
В
1. Гүлді өсімдіктерде жеміс, тұқым, эндосперм, ұрық, тұқым қауызы неден түзіледі?
2. Овогенез және сперматогенездің айырмашылығы неде?
С
1.Овогенез аймақтарын сипатта.
2.Сперматогенездің ерекшеліктері қандай?


Онтогенез – тірі ағзаның жеке дамуы тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.
А.
1.Онтогенез қандай екі ірі кезеңге бөлінеді?
2.Оған қандай оқиғаға шектеу жасайды?
В
1. Ұрық дамуындағы қандай үш сатысы бар?
2. Олардың әрқайсысынане тән?
С
1.Метаморфоз деген не, ол қай тірі ағзаларға тән қасиет?
2.Тіршілік иелерінің қайсысы өмір бойы өседі, қайсысында өсуге шектеу жасалады?


Органогенез тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.


А.
1.Барлық үш қабатты жануарларда қандай ұрық жапырақшалары түзіледі?
2.Бұл жапырақшалар қандай жүйеде түзіледі және олар қайда орналасады?
В
1. Энтотермадан қандай мүшелер жүйесі пайда болады?
2. Ұрық жапырақшаларының әрқайсысынан қандай мүшелер жүйесі түзіледі?
С
1.Ұрықтың дамуына қандай факторлар әсер ете алады?
2.Ұрықты зақымдандырып алмау үшін неден қашқақтау керек?
3.Мезодермадан қандай мүшелер түзіледі?
4.Эндодермадан қандай мүшелер түзіледі?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет