9 – сынып оқушыларына арналған ОЖСБ-ға дайындық сұрақтары
Биология ғылымы, міндеттері, тіршіліктің жаратылу деңгейі тақырыптарына арналған деңгейлік сұрақтар.
А
Биология ғылымы нені зерттейді?
Биология салаларын атаңдар. Олардың қызметтері қандай?
Қандай деңгейді ең жоғары деп есептейді?
В
Тіршіліктің негізгі жаратылым деңгейлерін атаңдар.
Тірі ағзалардың даму бірліктері қандай?
Тірі материя жаратылымының барлық деңгейлеріне қандай қасиеттер тән?
С
Биологиялық жүйелердің өлі табиғат зерзаттарынан айырмашылығы неде?
Тіршілік жаратылысын әр түрлі деңгейлерге бөлу нышандары қандай?
Тірі материяны зерттеу әдістері тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.
А
Биология ғылымының маңызы қандай?
Тірі ағзаны зерттейтін әдістер туралы айтыңыздар.
В
Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының қай ғылыми бөлімдері аталған?
Қазақстандық ғалымдар биологияның қай бағыттарын жетілдеруде?
С
Өздерің ғылымдағы қандай табыстар маңызда деп есептейсіздер, неге?
Биологиядан бұрын оқыған қай ғалымның аты-жөнін білесіңдер?
Жасуша – тіршіліктің өлшем бірлігі тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.
А
Тірі жүйенің қарапайым өлшем бірлігін атаңдар.
Жасушаның қандай қасиеттері бар?
В
Жасушалық теорияның негізгі қағидалары қандай?
Жасуша ұғымын кім кіргізді?
С
Биохимиялық үдерістердің құпиясына қалай көз жеткізуге болады?
Жасушалық теорияны қандай ғалымдар дамытты?
Достарыңызбен бөлісу: |