Тірі материяның химиялық құрамы, бейағзалық заттар тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар
бет 14/34 Дата 13.12.2022 өлшемі 0.68 Mb. #467164
Биология пәнінен тест кітапшасы (6-9 сыныптар) Тірі материяны ң химиялық құрамы , бейағзалық заттар тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.
А
Тіршілік құрамына енетін элементтердің барлығы қандай топтарға бөлінеді?
Жасушада қай элементтер барлығынан көп? Оларды атаңдар.
В
Ағзаның микроэлементсіз болуы мүмкін бе?
Судың ағзадағы биологиялық рөлі қандай?
С
Суда қай заттар ериді , қайсысы ерімейді , неліктен? Ерігішітік пен ерімейтіндікті қай терминмен таңбалайды?
Минералды тұздар жасушада қандай қызмет атқарады?
Көмірсулар, майлар және нәруыздар
тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.
А
Көмірсулар деп аталуы неліктен?
Көмірсуларға мысал келтіріңдер. Олардың қасиеттері қандай?
Майлар (липидтер) деген не?
Тірі ағзалар нәруыздарының құрамында қанша аминқышқылдар болады?
Аминқышқылдар қандай топтардан тұрады?
В
Молекулалар мөлшеріне байланысты көмірсулар қандай екі топқа бөлінеді? олар ерігіштік дәредесі бойынша қалай ерекшеленеді?
Тірі ағзалардың ең маңызды көмірсуларын атаңдар , олардың физиологиялық рөлін көрсетіңдер.
Нәруыздарда аминқышқылдардың қосылуы қалай жүреді? Бұған қай топтар қатысады? Химиялық байланыстың қай типі түзіледі?
Наруыз молекулаларының қандай құрылымдары бар?
С
Көмірсулар қандай қызмет атқарады?
Майлар (липидтер) жануарлар ағзасында қандай рөл атқарады?
Майлардың (липидтердің) қасиеттері туралы не білесіңдер?
Нәруыздар ағзада қандай қызмет атқарады?
Нәруыздардың алуантүрлілігі неге байланысты?
Достарыңызбен бөлісу: