Нуклеин қышқылдары, АТФ
тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.
А
Нуклеин қышқылдарының қандай мономері болады?
Нуклеотидтер қандай 3 құрамбөліктен тұрады?
АТФ деген не? оның жасушадағы рөлі қандай?
В
Бір желідегі және желілер аралығындағы нуклеотидтер арасындағы химиялық байланыс типтерін атаңдар.
ДНҚ-ның РНҚ-дан айырмашылығы неде? Салыстырмалы сипаттама келтіріңдер.
ДНҚ-ның жасушадағы рөлі қандай?
С
РНҚ үш түрін атаңдар.
Екіеселенудің қандай маңызы бар?
Нәруыз биосинтезі қалай іске асырылады?
Жасушаның құрылымы тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.
А
Плазмалық жарғақшаның құрылысы қандай ?
Өсімдік жасушасында пластидтер қай типтерге бөлінеді?
В
Қай үдерістер фагоцитоз және пиноцитоз деп аталады?
Лизосомалар мен Гольджи жиынтығы арасында қандай байланыс бар?
С
Эндоплазмалық тор және рибосомалар қандай қызмет атқарады?
Митохондриялар неге энергетикалық станса деп аталады?
Жасуша ядросы.Хромосомалар және гендер.Прокариот және эукариот жасушаларыныңтерекшеліктері тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.
А.
Ядроның жасуша тіршілігін басқарудағы ролі қандай?
Атқаратын қызметіне байланысты ядро құрылысының ерекшеліктері қандай?
В
1.Тұқым қуалау ақпараттарын таратудағы ядроның құрылымы қандай?
2.Өсімдік және жануар жасушаларының айырмашылығы қандай?
С
1.Прокариоттар мен эукариоттар арасындағы негізгі айырмашылықтар неде?
2.Саңырауқұлақ жасушасының өсімдіктер мен жануар жасушасына ұқсастығы мен айырмашылығы.
Достарыңызбен бөлісу: |