«2008 жыл – информатигі»



бет27/34
Дата13.12.2022
өлшемі0.68 Mb.
#467164
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   34
Биология пәнінен тест кітапшасы (6-9 сыныптар)

Табиғи іріктелу формасы
тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.


А.
1. Табиғи іріктелу қандай түрлерге бөлінеді?
2. Табиғи іріктелудің қандай түрі эктопаразиттерде жүреді? Неліктен?
В
1. Өздеріңе мәлім іріктелу түрлерін тізбелеп, оларға қысқаша сипаттама беріңдер. Мысалдар келтіріңдер.
2. Бұған дейін 3 млрд жыл бұрын өмір сүрген архебактерияларда немесе сұршаяндарда (400 млн жыл) іріктелудің қай түрі болған, неге?
С
1. Мынадай кезде: а) полиплоидия; ә) тез өзгерген жағдайларда; б) жыртқыштар немесе паразиттер санының артуы кезінде іріктелудің қай түрі пайда болады? Жауаптарыңды түсіндіріңдер.

2. Мысалы, 50 жылда бір рет жасалған өзгермелі нұсқалар қисық сызығын талдай отырып, іріктелу типін анықтауға бола ма?


Кестені толтырыңдар.



Табиғи іріктелу типі

Қысқаша сипаттама

Мысалдар

өсімдіктерде

жануарларда

1

Қозғаушы










2

Тұрақтандырушы










3

Межелеу












Гендердің ығуы. Популяциялық толқын. Оқшаулау
тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.


А.
1. Алғашқы эволюциялық факторларды тізбелеп айтыңдар.
2. Популяциялық толқындардың авторы кім?
В
1. Ппуляциялық толқындарға мысал келтіріңдер және олардың эволюциялық үдерістегі рөлін сипаттаңдар.
2. Оқшауланудың әр түрлі типтеріне мысал келтіріңдер және олардың эволюциялық үдерістегі рөлін сипаттаңдар.
С
1. Гендердің ығысуына мысал келтіріңдер және олардың эволюциялық үдерістегі рөлін сипаттаңдар.
2. Алғашқы эволюциялық фактор, оқшаулану және түр түзу типтері өзара қалай байланысқан?


Тірі ағзалардың қоршаған ортаға бейімделуі
тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.


А.
1. Бейімделгіштік деген не?
2. Бейімделгіштік қандай күштердің әсерінен (себептер, факторлар) қалыптасады?


В
1. Қазіргі кезде жерде нашар бейімделген түрлер бар ма?
2. Бейімделгіштіктің үнемі салыстырмалы болуы неліктен? Дәлелді мысал келтір.
С
1. Қоршаған ортаға мүлде бейімделе өмір сүруге бола ма?
2. Тіршілік ортасы өзгерген кезде ағзалар және олардың бейімделуінде не болады?


Түр түзу үдерісі, оның типтері
тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.


А.
1. Микроэволюциия деген не? Олар қандай екі жолмен өтеді?
2. Макроэволюция деген не? Ол қандай үш жолмен өтеді?
В
1. Ароморфоз бен ортаға көндігу арасындағы айырмашылық неде? Қайсысы жиі болып тұрады? Олар ірі таксондар түзу кезінде бірінің орнын бірі баса ала ма?
2. Морфологиялық алға басу – әрқашан биологиялық алға басуға, ал морфологиялық кері кету биологиялық кері кетуге келтіре ме? Мұның қандай себептері бар? Жауабыңды дәлелде.
3. Азғындау мен ортаға көндігу арасындағы айырмашылық неде? Қайсысы жиі болып тұрады? Неге азғындау өтеді?
С
1. Ортаға бейімделгіштік пен бейімделгіштік арасында айырмашылық бар ма, сендер қалай ойлайсыңдар және неге?
2. Морфофизиологиялық алға басу үнемі биологиялық алға басуды жүргізе ала ма, морфофизиологиялық кері кету үнемі биологиялық кері кетуді жүргізе ала ма? Мысалдар келтіріп түсіндіріп көр.
3. Ароморфоздан соң үнемі ортаға бейімделгіштік бола бере ме?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет