В
1. Қай әдістер ескілеу?
2. Қай әдістер қазіргі заман дәрежесіне сәйкес?
С
1. Адам генетикасы әдістерінің ерекшелігі неде?
2. Гибридологиялық әдісті адамға неге қолдануға болмайды?
3. Басылыңқы аурудан табиғи сұрыпталу жолымен құтылуға болмайтыны неліктен? Кез келген биологиялық түр (тек адамда ғана емес) біркелкі дарақтардың генетикалық жиынтығы болып табылмайды. Дарақтардың әрқайсының белгілі генотипі бар.
Сұрыптау, оның міндеттері. Сұрыптаудың пайда бола бастау кезеңдері. Іріктеу – сұрыптаудың негізгі әдісі
тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.
А.
1. Сұрыптау ұғымының қандай маңызы бар?
2.Жануарлар мен өсімдіктерде сұрыптаудың қандай бастапқы кезеңі болды?
В
1. Жалпылама және теріс сұрыптау неліктен тиімсіздеу болды?
2. Ағзалардың қай топтарында дара сұрыптау жүргізу оңай?
С
1. Ұрпақ бойынша тұқымдық ата-енелерді сұрыптау неліктен сұрыптауда тиімді әдістердің бірі деп саналады?
2. Оның генетикалық ерекшеліктері неде?
Өсімдіктер мен жануарларды сұрыптау әдістері
тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.
А.
1. Инбридингті сұрыптауда қандай мақсатта қолданады?
2.Адамды жақын туыстастық будандастырудан қашқақтатудың себебі не?
3. Будандық күшті (гетерозисті) қолданудан келесі ұрпақта не болады? Бұл әдіс жаңа іріктемелер мен қолтұқымдар шығару кезіңде неге қолданылмайды?
В
1. Өсімдік көпплоидтылығының айырмашылығы неде?
2. Көпплоидтылық және бағытты мутагенез өсімдіктерде, саңырауқұлақтарда, ұсақ ағзаларда жиі қолданылып, жануарларда неге сирек қолданылады?
С
1. Мичурин қалаған қасиеттері бар өсімдіктер шығару кезіңде қай әдістерді пайдаланды?
2. Мичурин шығарған көптеген іріктемелердің тұқымынан көбейткен кезде қасиеттерін жоғалтып, өсімді көбейткен кезде сақтайтыны неліктен?
3. Карпеченко будандастыруға қандай әдістермен және қай зерзатармен қол жеткізді?
Достарыңызбен бөлісу: |