«2008 жыл – информатигі»


Эволюциялық үдерістегі өзгергіштіктің рөлі



бет26/34
Дата13.12.2022
өлшемі0.68 Mb.
#467164
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   34
Биология пәнінен тест кітапшасы (6-9 сыныптар)

Эволюциялық үдерістегі өзгергіштіктің рөлі
тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.


А.
1. Эволюциядағы табиғи сұрыпталудың рөлі неде?
2. Дарвин неге оны негізгі эволюциялық фактор (себеп) деп есептеді? Сен Дарвинмен келісесің бе?
В
1. Тұқым қуалау және модификациялық өзгергіштіктер арасында қандай айырмашылық бар?
2. Солардың қайсысы эволюцияда ең аз рөл атқаратын болады?
С
1. Табиғи сұрыпталу мен тұқым қуалау өзгергіштігі өзара қалай байланысты? Кез келген нақтылы мысал (жеке басыңыздан болғаны жөн) түсіндіріңдер.
2. Табиғи сұрыпталу; өзгергіштіктің нәтижесі неде?


Тіршілік үшін күрес, оның себептері мен түрлері
тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.


А.
1. Эволюциялық үдерісте тіршілік үшін күрестің рөлі неде?
2. Өсімдіктерде және жануарларда болатын тіршілік үшін күрестің барлық түрлеріне мысал келтіріңдер.
В
1. Сендер осы мысалдардың қайсысын дербес бақыладыңдар, дарақтар әрбір нақтылы жағдайда не үшін бәсекелесті?
2. Күрестің қай түрлері барлығынан күштірек өтеді және неге?
С
1. «Оңай кездейсоқтық» деген не, оның эволюциялық үдерістегі рөлі қандай?
2. Адам жабайы табиғатта қандай сұрыптау жүргізеді, неге және бұл қандай зардап шектіреді?
Табиғи іріктелу
тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.


А.
1. Табиғи іріктелу үдерісіне анықтама беріңдер.
2. Іріктелу әрекетінің нәтижесі не болып табылады?
В
1. Табиғи іріктелу үдерісі неге пайда болады?
2. Өздеріңе белгілі іріктелу түрлерін тізбелеп, оларға қысқаша сипаттама беріңдер, мысалдар келтіріңдер.
С
1. Дарвин атап айтқанда табиғи іріктелуді неге негізгі эволюциялық фактор деп санады? Сендер Дарвин пікірімен келісесіңдер ме және неге келісесіңдер?
2. Табиғи іріктелу қысымының қарқындылығы мен іріктелу коэффициенті арасында қандай байланыс бар?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет