Тіршіліктің пайда болуы туралы түсініктердің қалыптасуы
тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.
А.
1. Тіршіліктің жаратылу үдерісінде қандай екі қарама-қарсы көзқарас болды?
2. Бақалар – ұйыма балдырдан, құрттар – топырақтан ал шыбындар шіріген еттен пайда бола ала ма? Жауапты Реди тәжірибесімен дәлелдеңдер.
В
1. Л.Спалланцани қандай тәжірибелер жасады? Ол қалай дәлелденді?
2. Л. Спалланцани қорытындысына тойтарыс жасау үшін витализм жақтаушылары қандай дәлелдерді пайдаланды?
С
1. Л.Пастер тәжірибелері нені дәлелдеді? Л.Пастер тәжірибелерінің Л.Спалланцани тәжірибелерінен айырмашылығы неде?
2. Сен қалай ойлайсың, бірнеше миллиард жылдар бұрын өздігінен туындай алды ма? Біздің ғаламшарда тіршілік қайдан пайда болған?
Тіршіліктің пайда болуы туралы осы заманғы түсініктер
тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.
А.
1. Опарин теориясының мәні неде?
2. Опарин-Холдейн болжамын сынақтәжірибемен дәлелдеген кім?
В
1. Алғашқы ағзалық заттардың абиогендік синтезін қандай модельді тәжірибелер расқа шығарды?
2. С.Миллер сынақтәжірибелерінің мақсаты неде?
С
1. Коацерваттар қандай энергия көзін пайдаланады?
2. Миллер құтысы деген не?
Жер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдері
тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.
А.
1. Бүгінгі күні ғалымдар тіршіліктің пайда бола бастауы мен дамуын қанша кезеңге бөледі?
2. Кезеңдердің атын еске түсіріп, солардың әрқайсысына қысқаша сипаттама беріңдер.
В
1. Жер бетінде тіршіліктің даму кезеңдерінің қайсысын ғалымдар толық модельдеді?
2. Олардың қайсысы сынақтәжірибеде қолдау таппай қалды?
С
1. Тіршіліктің жаралу сәтінде Жер бетінде қандай жағдайлар болды?
2. Олардың бұл үдеріске бейімділігі қандай?
Жердің геологиялық шежіресі. Архей
Достарыңызбен бөлісу: |