2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы


-міндет. Әкімшілік тосқауылдарды төмендету



бет5/17
Дата04.07.2016
өлшемі1.49 Mb.
#176020
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

3.1.6-міндет. Әкімшілік тосқауылдарды төмендету

2. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы субьектілердің қысқартылған жоспарлы тексерулердің (бір жылғы тексеру жоспарына сәйкес) жалпы санынан (өткен жылға) үлесі

ККМ деректері

%

5

11

2012 жылғы жоспарлы тексерулердің 2011 жылға қатынасы 89 % (2011 жылға 351, 2012 жылға 313 құрайды) (11% қысқарды).



Қайта құру рәсімдерінің жүргізілуіне байланысты, Көлік және коммуникация министрлігі және аймақтық бөлімшелері жоспарлы тексерулерін 2012 жылдың мамыр айынан бастаған. Осыған байланысты, жоспарлы тексерулер өткен жылға қарағанда 11 % қысқарған (жоспар бойынша 5%).

3. Байланыс саласындағы электронды нысанда берілетін рұқсат құжаттамаларының үлесі

ККМ деректері

%

30

33




Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар

1. Рұқсат құжаттарын қабылданатын құжаттар пакетін толықтығына тексерудің міндетті рәсімін енгізу жолымен алуға уақытша шығындарды қысқарту

Мына мемлекеттік қызметтерді:

  • «Радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру»;

  • «РЭҚ және ЖЖҚ пайдалануға рұқсат беру»;

  • «Нөмірлеу ресурсын беру»www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы көрсеткен кезде қабылданатын құжаттар тізімін тексеру автоматты түрде жүргізіледі.

Өтінім түгел жинақталмаған не өтінім берілген радиожиілік белдеулері (номиналдар) бос болмаған жағдайда аумақтық орган және (немесе) уәкілетті орган бас тартудың негізделген себептерін көрсетіп, өтінім келіп түскен кезден бастап екі жұмыс күні ішінде өтінім берушіні хабардар етеді. Бұған дейін үш күн болды.

2. Байланыс саласындағы қызметтердің қосымша түрлеріне арналған мемлекеттік қызметтердің стандарттарын әзірлеу.

001 «Байланыс, ақпарат, көлік және коммуникация саласындағы бәсекелестіктегі нарықты және инфрақұрылымды үйлестіру, дамыту, бақылау бойынша саясатын қалыптастыру қызметтері» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2012 жылы Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат департаментімен байланыс саласындағы 12 мемлекеттік стандарттар әзірленіп ҚР ИЖТМ ТРМК төрағасының 13 желтоқсанда 2012 жылғы № 599-од бұйрығымен бекітілді

3. Уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің жүргізілген жоспарлы тексерулеріне жалпы талдау.

2012 жылдың қорытындысы бойынша Көлік және коммуникация министрлігі аймақтық бөлімшелермен бірлесіп, бекітілген жоспар-кестеге сәйкес 313 жоспарлы тексерулер жүргізді, нәтижесінде 245 бұзушылық анықталды, 20 551 094 теңге сомасында айыппұл салынды. Комитеттің аймақтық бөлімшелерімен 2012 жылы 132 әкімшілік іс қозғалған (132 хаттама құрылған).

4. Жеке кәсіпкерлік субьектілерінің тәуекелдік деңгейі жүйесіне сәйкестігіне тексеру жүргізу жоспарын жасау.

Шаруашылық етуші субъектілерін тексеру жоспар-кестелері жеке кәсіпкерлер субъектілерінің тәуекел деңгейі ескеріліп құралады, сондай-ақ міндетті түрде прокуратура органдарында тіркеуден өтеді. Комитеттің және оның аймақтық органдарының 2012 жылдың І –жарты жылдығына арналған тексерулер жүргізу жоспары 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 178 бұйрықпен бекітілген. 2012 жылдың ІI –жарты жылдығына 2012 жылдың 7 мамырында № 235 Министрдің бұйрығымен бекітілген.

5. Интернет - порталдар арқылы рұқсат құжаттарын алуға өтініштер және құжаттар топтамасын беруді ұйымдастыру.

«Жиiлiктер белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) иелiкке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттiк үйлесiмдiлiгiн есептеудi жүргiзу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 1641 қаулысы күшіне енген уақытынан бастап, мына мемлекеттік қызметтер өтінім берушінің таңдауы бойынша қағаз тасығышта немесе www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы электронды түрде беріледі:

  • «Радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру»;

  • «РЭҚ және ЖЖҚ пайдалануға рұқсат беру»;

6. Өтініш иесі құжаттарының міндетті нотариалды куәландыруын алып тастау.

2011 жылда өтініш иесі құжаттарының міндетті нотариалды куәландыруы алынып тасталынды

3.1.7-міндет. Телекоммуникация және пошталық байланысы қызметтерінің тиiстi нарығында бәсекелестiктi дамыту жағдайларын қамтамасыз ету

1.Табиғи монополия саласынан шығарылған телекоммуникация және пошта байланысы қызметтерiнің реттелетін саны

ККМ дерек-тері

бірл.

1

1




Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар

1.Табиғи монополиялар субъектілерінің және реттелетiн нарықтардың ай сайынғы және тоқсан сайынғы есептедінің мониторингі

Табиғи монополия және реттелетін нарық субъектілерімен ұсынылған есептер бойынша мониторинг тұрақты негізде жүргізіледі. Мониторинг қорытындылары бойынша уәкілетті органмен белгіленген шекті тарифтердің көтерілуі болған жоқ. Сондай-ақ реттелетін қызметтерге тарифтердің төмендеуі туралы субъектілермен уақтылы хабарланып тұрды.

2. Өтінімдердің түсіне қарай табиғи монополиялар субъектiлері мен реттелетін нарықтар бағаларының сараптамасын жүргізу

2012 жылы келесі табиғи монополия және реттелетін нарық субъектілерінен өтінімдер келіп түсті және жүргізілген сараптамалар қорытындылары бойынша:

1. 2012 жылдың 1 ақпанынан бастап «GSM Казахстан ОАО «Казахтелеком» ЖШС басқа үялы байланыс операторлардың желілеріне қоңырауларға жоғарғы бағаны минутына 35 теңге ҚҚС-сыз қойған және Интернет желісіне қол жетімдіру қызметіне 1 Мбайтқа 22 теңге ҚҚС-сыз қойған;

2. «TNS-Plus» ЖШС мекен-жайына транзиттік халықаралық трафикті өткізуге қолданыстағы тарифтерін дәлілделген туралы және минутаға ҚҚС-сыз 18 теңгеден 17 теңгеге ұялы байланыс операторларының желілеріне транзиттік трафигін өткізуне ең жоғары бағаны төмендету қажеттілігін туралы дәлелді қорытындысын жіберілген. Егер ұялы операторлардың кіріс трафикті өткізуне бостылған бағаларын төмендету кезінде «TNS-Plus» ЖШС бағаларын қосымша сараптама өткізіледі;

3. «Қазақтелеком» АҚ мекен-жайына транзиттік халықаралық трафикті өткізуге қолданыстағы тарифтерін дәлілделген туралы дәлелді қорытындысын жіберілген;

4. «Самойленко В.В.» ЖК үшін кабелдік ТВ қызметтеріне айына ҚҚС-сыз 1 145 теңге шекті бағаны анықталған;

5. «Транстелеком» АҚ үшін телеграфтік байланыс қызметтеріне келесі шекті бағалар анықталған:

5.1. кәдімгі жеделхатына 1 сөзіне – ҚҚС-сыз 5,53 теңге;

5.2. шұғыл жеделхатына 1 сөзіне – ҚҚС-сыз 8 теңге.

6. «Қазақтелеком» АҚ 2012 жылдың 1 қазаннан бастап тарифтерді 18%-ға дейін төмендетіліп, абоненттерге ішкі аймақтық және қалааралық телефон байланысының екі аймақтық тарификицияны енгізілді;

7. «Қазпочта» АҚ почта байланысының жалпыға бірдей қол жетімді қызметтеріне тарифтер орташа 67% көтерілді.



3.Табиғи монополиялар субъектiлері тарифтерін және тарифтiк сметаларын бекiтуге берілген өтінімдерді қарау кезінде жария тыңдаулар өткiзу

2012 жылы «Қазпочта» АҚ почта байланысының жалпыға бірдей қол жетімді қызметтеріне тарифтерді және тарифтік сметаны бекіту жөніндегі өтінішін қарастырған кезде ашық тыңдау өткізілді. Ашық тыңдаудың қорытындысы бойынша 2012 жылғы 20 қыркүйектегі № 45 Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитетінің бұйрығымен «Қазпочта» АҚ почта байланысының жалпыға бірдей қол жетімді қызметтеріне тарифтер және тарифтік смета бекітілді.

4. Табиғи монополиялар субъектiлерін және реттелетін нарықтарды кезектен тыс тексерулерін жүргізу

2012 жылда табиғи монополиялар субъектiлерін және реттелетін нарықтарды кезектен тыс тексерулері жүргізілген жоқ.

5. Телекоммуникация саласындағы реттелетін қызметтерге табиғи монополия аясына жатқызу мәніне талдау жүргізу

2012 жылы келесі талдаулар жүргізілді:

1. Кәбілдік кәрізді пайдалануға ұсыну нарығының талдауы;

2. Қосылатын байланыс операторларымен қосатын байланыс операторларының желілерінен жергілікті телефондық трафикті өткізу қызметі нарығының талдауы.

Жүргізілген талдаудың қорытындысы бойынша қосылатын байланыс операторларымен қосатын байланыс операторларының желілерінен жергілікті телефондық трафикті өткізу қызметін (жергілікті деңгейде) табиғи монополия саласынан шығару жөнінде Үкіметтің шешімі бастамашылық етті.



6. Табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) тізбесіне өзгерістер енгізу

Мүдделі мемлекеттік органдармен және кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерімен келісілген «Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тiзбесiн бекiту туралы» ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 155 Қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасы белгіленген тіртіпте ҚРҮ бекітуге енгізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет