2011 жылғы 1 ақпандағы облыс бюджетінің атқарылуы туралы



Дата23.02.2016
өлшемі58.26 Kb.
#2832


2011 жылғы 1 ақпандағы облыс бюджетінің атқарылуы туралы

2011 жылдың 1 ақпан айында облыс бюджетіне 7097,1 млн.теңге болжаммен 7685,3 млн.теңге түсті, соның ішінде 4398,8 млн.теңге сомасын республикалық бюджеттен берілген субвенция мен нысаналы трансферттер құрады.




Меншік кірістер 122,4%-ға орындалды. Барлық бюджеттердің деңгейлері жоспарды орындады.

2011 жылғы болжам су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем (60,0%), тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйді жалдаудан түскен кірістер (95,7%), азаматтарға пәтерлер сатудан түскен түсімдерден (52,5%) басқа, барлық кіріс көздері бойынша жоспар орындалды.




Республикалық бюджеттен алынған нысаналы трансферттерді ескере отырып, барлық деңгейдегі бюджеттерде бекітілген бағдарламаларды іске асыруға 6380,0 млн.теңге жұмсалды.

Облыстың мемлекеттік мекемелерін ағымдағы ұстауға 6259,5 млн.теңге, даму бюджеттік бағдарламаларына 120,5 млн.теңге бағытталды.

2011 жылға облыс бюджетінде «Білім беру» 4 функциональдық топ бойынша 54952,8 млн.теңге бекітілді.

2011 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша облыс бюджетінің қаражаты білім бойынша 94,3%-ды құрайды.

Ағымдағы жылы қалалар мен аудандарда мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету және қолдау көрсетуге 2806,2 млн.теңге, 2011 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 171,9 млн.теңге жұмсалды.

Есеп беру кезеңінде жалпы білім беруге 2283,4 млн.теңге жұмсалды. 2011 жылы осы бағытқа, оның ішінде мектеп, гимназиялар, лицейлер, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру профильді мектептер, мектептер-балбақшаларға, арнайы білім беру оқу бағдарламалары бойынша жалпы білім беруге, мамандандырылған білім ұйымдарына дарынды балаларға жалпы білім беруге 36603,4 млн.теңге сомасында шығыстар қарастырылды.

2011 жылы бюджетте техникалық және кәсіптік білім беруге 4627,7 млн. теңге бекітілді, қаңтардағы игеру – 257,5 млн.теңге.

Облыстық бюджеттен 2011 жылы жетімдерді, ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды  әлеуметтiк қамсыздандыруға (балалар үйлер, баспаналар, отбасы үлгісіндегі  балалар ауылдары, патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) ұстау) 1081,6 млн.теңге қарастырылды, қаңтар айында 56,9 млн.теңге жұмсалды.

2011 жылға денсаулық сақтау бойынша нақтыланған бюджет 27894,8 млн.теңгені құрады. Ағымдағы жылдың 1 ақпандағы жағдай бойынша облыстың денсаулық сақтау мекемелері бойынша атқарылу 1002,1 млн.теңгені құрады, жоспар бойынша есеп беру кезеңінде 1111,0 млн.теңге немесе немесе 90,2%. Шоттардағы қаражат қалдықтары 108,9 млн.теңгені құрады: ҚР аумағында дәрілік препараттар мәніне препараттар тізбесін нақтылауға байланысты төлем шарттарды тіркеуден кейін төленді, мемлекеттік сатып алу куонкурсы 2011 жылдың 10 ақпанына белгіленді.

2011 жылы жекелеген санаттағы қажет ететін азаматтарға жәрдемақылар төлеу жүзеге асырылуда: тұрғын үй көмегі – 9,7 млн.теңге, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі – 18,4 млн.теңге, оның ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен 18,4 млн.теңге, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар – 22,1 млн.теңге, оның ішінде жергілікті бюджет есебінен 22,1 млн.теңге көмек қарастырылды.

Жұмыспен қамту бойынша игеру 8,1 млн.теңгеге 84,0%-ды құрады.

2011 жылы білім объектілерін дамытуға республикалық және облыстық бюджттер қаражаттары есебінен 4768,2 млн.теңге қарастырылды, оның есебінен

Өскемен қаласындағы және Жарма ауданындағы балабақша, Үржар, Глубокое, Күршім аудандары мен Семей қаласының орта мектебі құрылыстары жалғастырылатын болады. Сондай-ақ, Зырян ауданы Зырян қаласында, Өскемен қаласы сәтпаев даңғылы бойынша жаңа балабақша салу және Ұлан ауданы Молодежный кентіндегі жаңа мектеп салу жоспарланған.

Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен Өскемен қаласындағы Қан орталығы мен Семей қаласының облыстық онкологиялық диспансердің радиологиялық орталықтары құрылысы жалғастырылатын болады, оған 1592,6 млн.теңге жоспарланды.

Облыстық бюджет қаражы есебінен Семей қаласындағы көп бейінді қалалық аурухана құрылысы, Семей қаласының балалардаң туберкулез ауруханасының құрылысына, Семей қаласының облыстық онкологиялық диспасердің радиологиялық орталығының құрылысына және Глубокое ауданы Глубокое кентіндегі балалардың емханасының құрылысына 573,3 млн.теңге жоспарланды.

2011 жылы әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін дамытуға 429,3 млн.теңге, оның ішінде Глубокое ауданы Зимовьев интернат-үйінің, Зимовьев психоневрлогиялық МӘМ құрылысы, Зырян ауданы Серебрянск медициналық-әлеуметтік мекемесіне изоляторды жалғай салу және Ұлан ауданы Бозанебай ауылындағы психоневрлогиялық МӘМ-дағы бұрынғы аурухананы қайта жаңартуға жоспарланды.

2010 жылғы көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Тарбағатай ауданы тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсарту мақсатында мәдениет объектілерін дамыту бағдарламыс бойынша облыстық бюджетте Тарбағатай ауданы Жәнтікей және Көкжыра ауылдарындағы мәдениет үйлерінің құрылысына 235,9 млн.теңге сомасында қаражаттар қарастырылды, сонымен қатар Өскемен қаласының қазақ драма театрының құрылысына және Семей қаласының Абай атындағы Әмбебап кітапханасының ғимаратын қайта жаңартуға 9,7 млн.теңге жоспарланды.

Ішкі істер органдарының базаларын дамыту үшін 435,8 млн.теңге қарастырылды, оның есебінен Семей және Зырян, Өскемен қалаларында уақытша ұстау изоляторлары салынатын болады.

Қаражаттардың басым бағыты облыстың елді мекендерінің сумен жабдықтау жүйесін дамыту болып табылады. Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен сумен жабдықтау жүйесін дамытуға 4850,0 млн.теңге сомасында нысналы трансферттер жоспарланды, олардың есебінен Зайсан, Риддер және Өскемен қаларындағы, Абай, Бесқарағай, Глубокое, Катонқарағай, Үржар және Тарбағатай аудандарында сумен жабдықтау жүйелеріне қайта жаңарту жұмыстары жүргізілген болатын. Сонымен қатар, жоғарыда аталған аудандардың сумен жабдықтау объектілерін дамытуды қоса қаржыландыру облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 637,7 млн.теңге қарастырылған.

Тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасы бойынша және «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен берілетін трансферттер мен кредиттер есебінен 4246,7 млн.теңге сомасында қаражат бөлу жоспарланды, оның есебінен коммуналдық және ипотекалық тұрғын, сондай-ақ инженерлік-коммуналдық инфрақұрылым үй салу жоспарлануда.

Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорын және инженерлік-коммуналдық инфрақұрылым дамытуды қоса қаржыландыруға 995,5 млн.теңге қарастырылды.

Облыстың көлік инфрақұрылымын жақсарту мақсатында 2011 жылы республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен Күршім ауданы Қарақаба өзені арқылы көпірдің құрылысын аяқтауды және «Семей-Қайнар» автожолдарын қайта жаңартуды, сонымен қатар Өскемен қаласының Самар тас жолындағы темір жол арқылы өтетін автомобиль жолын салуды жалғастыруды, «Шыңқожа-Мыңбұлақ-Акшауле» автожолын қайта жаңартуды, «Голубой залив» демалыс орнына кіреберіс автожолын жаңалауға, Өскемен қаласынан Зыряновск қаласына шығу автожолын салуды жоспарлап отыр.

Семей қаласында қазіргі жылумен жабдықтау жүйесін қайта құру және жаңғырту бойынша жұмысты жалғастыруға республикалық бюджеттен 3000,0 млн.теңге сомасында транфсерттер бөлу қарастырылды.

Курчатов қаласының № 4 қазандығын қайта жаңартуға облыстық бюджет қаражаты есебінен 129,1 млн.теңге жоспарланды.

Агроөнеркәсіп кешеніне қолдау көрсету мақсатында республикалық бюджеттен берілетін трансферттер мен облыстық бюджет есебінен 5411,0 млн.теңге сомасында қаражат жоспарланды.

2011 жылға нысаналы ағымдағы трансферттер мен дамытуға арналған трансферттер қарастырылған, 36 363,0 млн.теңге облыстық мәслихат сессиясының 2010 жылғы 24 қаңтардағы № 26/310-IV шешімімен облыстық бюджетте 36298,8 млн.теңге бекітілген, оның ішінде 16 600,0 млн.теңге нысаналы ағымдағы трансферттер, 19 763,3 млн.теңге дамытуға арналған трансферттер, сонымен қатар 2 586,4 млн.теңге тұрғын кредит.

2011 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша республикалық бюджеттен облысқа 102,7 млн.теңге сомасында нысаналы ағымдағы трансферттер, оның 46,3 млн.теңгесі немесе 45,1% есеп беру кезеңінде игерілді.



Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға 43,2 млн.теңге, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдауға кадрларды даярлау және қайта даярлау бойынша – 2,7 млн.теңге, Көші-қон полициясының қосымша штат санын ұстау, материалдық-техникалық жарақтандыру, оралмандарды құжаттандыруға, сондай-ақ оралмандарды уақытша орналастыру орталығын ұстауға – 0,5 млн.теңге жұмсалды.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет